ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)

Институт тарихы

Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен ҚазССР Жоғарғы Кеңесінің 1967 жылғы 13-мамырдағы №340 Қаулысына сәйкес ҚазССР Жоғары және арнайы орта білім беру министрлігінің №401 бұйрығымен Октябрьдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты ашылды.

1996 жылы ЖОО оңтайландыруға байланысты  Жамбыл педагогикалық институтына Жамбыл университеті статусы берілді.

ЖОО-на қойылатын барлық талаптарға сай келетін Жамбыл университетін негізге ала отырып, 1998 жылы үш жоғары оқу орнының бірігуі нәтижесінде М.Х Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті құрылды.

2004 жылдың сәуірінде Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қазақстан Республикасы Үкіметінің №128, 2004 жылғы 3-ақпандағы шешімдерін жүзеге асыру туралы» №174,  2004 жылғы 4-наурыздағы бұйрығына сәйкес Тараз мемлекеттік педагогикалық институты болып қайта құрылды.

Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің өзгеруіне байланысты 2010 жылғы 3-ақпанда ТарМПИ-ге 29 бакалавриат және 10 магистратура мамандығы бойынша №0137347 АБ сериялы мемлекеттік лицензиясы берілді.

Институт 2010 жылғы қыркүйекте Болоньяда  Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды.

2011 жылғы 5-қыркүйекте  ТарМПИ ISO 9001 -2008 АFNOR (Франция) халықаралық сертификатын және 2011 жылғы 14- қазанда Интерсерт Консалтинг  центр Азия (Қазақстан) сәйкестік сертификатын алды.

2012 жылы институт ғылыми қызмет субъектісі ретінде аккредиттелді.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support