ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)

ТҰРАРОВА АЙСҰЛУ НҰРДЫНҚЫЗЫ

Факультет деканы


Айсұлу Нұрдынқызы 1989 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ-нің филология факультетін, содан соң, 1995 жылы ҚазМҰУ-нің аспирантурасын  бітірген. 25 жыл жоғары оқу орнында жұмыс атқарады. 1999 жылы «Қазіргі қазақ тіліндегі сөз тіркестерінің басыңқы сыңарлары» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады. 1989 жылдан Жамбыл пединститутында, оқу орынының ауысуына байланысты 1997 жылдан Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ тілі кафедрасында аға оқытушы, 2000 -2010 жылдар аралығында Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, 2010-2012 жылдар аралығында  филология факультетінің деканы қызметін, 2011-2012 оқу жылында Астана қаласындағы Қазақ гуманитарлық заң университетінде доцент қызметін  атқарды. 2012-2013 оқу жылынан бастап ТарМПИ, филология факультетінің деканы қызметін атқарады.

Тіл біліміне қатысты курстардан жұмыс бағдарламаларын, оқу құралын, оқу-әдістемелік нұсқауларын, студенттердің дербес жұмысын орындау туралы әдістемелік құралдарын дайындады. 1 монография, 2 оқу құралын, 2 әдістемелік-оқу құралын, 7 әдістемелік нұсқаулардың авторы, 90-ға жуық мақалалары бар.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен «Қазақ тілі» типтік бағдарламасының авторларының бірі. Сонымен бірге, білімгерлерге ғылыми-теориялық білім берумен қатар, терең тәрбие беруде де белсенді. Кафедра мүшелерінің ғылыми-педагогикалық еңбектерінің жемісті болуына жәрдем беріп келеді, кафедраны ғылыми дәрежелі оқытушылар қамтамасыз етуге қосқан үлесі мол. Тәжірибелі маман, іскер басшы ретінде күнделікті жаңа ғылыми, әдістемелік негізде жазылған зерттеу еңбектерін талдап, талқылауда және өз әріптестерімен пікір алмасуда да көптеген игі іс-шаралар атқарды.

Айсұлу Нұрдынқызының атқарған еңбектері жоғары бағаланып, «Ең үздік кафедра меңгерушісі» (2004 ж.), «Институтқа 40 жыл» төс белгісінің иегері, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі   мақтау грамотасымен марапатталған (2008ж.), «НұрОтан» партиясының мақтау грамоталарымен, «Ғылым» номинациясы бойынша облыс әкімінің жүлдесімен марапатталған (2008 ж.). Біліктілік сертификатарымен, әртүрлі мерекелерде белсенділігі ескеріліп, алғыс хаттармен  марапатталды.

Байланыс телефоны: +7 (7262)-34-04-72, +7 701 748 39 89

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support