30 НАУРЫЗ КҮНІ ТАРМПИ-ДА «ЖАС ҒАЛЫМ 2017» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ (TARSPI_MEDIA) // 30 МАРТА В ТАРГПИ СОСТОИТСЯ МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ЖАС ҒАЛЫМ 2017» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ СОСТОИТСЯ КОНКУРС ИННОВАЦИОННЫХ ИДЕЙ ПЕДАГОГОВ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТІ «ЖЫЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТ ТАРГПИ – ПОБЕДИТЕЛЬ КОНКУРСА «МАСТЕР ГОДА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ КОНКУРС, ПОСВЯЩЕННЫЙ ПРАЗДНИКУ НАУРЫЗ (TARSPI_MEDIA)



ҚОЖАМЖАРОВА ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ

Ректор, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі,

тарих ғылымдарының докторы, профессор

Қожамжарова Дария Пернешқызы 1962 жылы 22 шілдеде Тараз қаласында көп балалы отбасында дүниеге келген.

1979 жылы Жамбыл атындағы қазақ орта мектебін үздікке аяқтады.

1984 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін үздік бітірді.

1984-1989 жылдары Жамбыл педагогикалық  институтында оқытушы.

1989-1990 жылдары стажер-ізденуші.

1990-1995 жылдары Абай атындағы Алматы мемлекеттік  университетінің аспиранты.

1995 жылы «1925-1929 жылдарындағы қазақ ауылындағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістер» тақырыбында кандидаттық, 2010 жылы «Патшалық Ресейдің Оңтүстік Қазақстанды жаулауы: әсери-отарлық әкімшілік пен жергілікті халық арасындағы қатынас (ХІХ ғ.ІІ ж –  ХХ ғ. бас кезі)» тақырыбында докторлық диссертация қорғады.

1995-2001 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Тарих» кафедрасының доценті.

2001 жылы Педагогика факультеті деканының орынбасары.

2001-2003 жылдары «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының  меңгерушісі.

2003-2008 жылдары Жоғары оқу орнына дейінгі дайындық, Жаратылыстану-әлеуметтану ғылымдары, Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеттерінің деканы.

2008-2010 жылдары Тәрбие жұмыстары және қоғаммен байланыс жөніндегі  проректор.

2010-2013 жылдары Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректор.

2013 жылдың қыркүйек-қараша айларында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректор міндетін атқарушы қызметтерін атқарды.

2013 жылғы 1 сәуірден бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық  институтының ректоры.

2016 жылдың наурыз айынан бастап VI шақырылған Жамбыл облыстық  мәслихатының депутаты. Облыстық мәслихаттың құқықтық тәртіп, әлеуметтік-мәдени салалар, гендерлік саясат және қоғамдық ұйымдармен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрайымы.

Қожамжарова Дария Пернешқызы халықаралық конференциялардың тұрақты қатысушысы, Тараз қалалық маслихатының ІV шақырылымының, Жамбыл облысы мәслихатының V шақырылымының депутаты.

Жамбыл облысы бойынша іскер әйелдер Ассоциациясының мүшесі, «Білім және әйел»  секциясының төрайымы, Жамбыл облыстық мәслихатының марапаттау комиссиясының төрайымы,  Қазақстан әйелдері І съезінің делегаты, Қазақстан Тарихшылар қауымдастығының және Жамбыл облыстық «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру мен үгіттеуге арналған Жамбыл облыстық үгіт-насихат тобының тұрақты мүшесі.

5 монографияның, 3 оқу-әдістемелік  құралдың, 100-ден астам ғылыми, ғылыми-әдістемелік мақалалардың авторы.

Дария Пернешқызы 2 мәрте ҚР Президентінің Алғыс хатымен, «Құрмет» орденімен, «ҚР білім беру саласының құрметті қызметкері» төсбелгісімен, «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен, ҚР Білім және ғылым министрлігінің  Құрмет Грамоталарымен  және Жамбыл облысы Әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.

Отбасылы. 1 ұлы, 2 қызы, немересі бар.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support