ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)

«ХИМИЯ ЖӘНЕ ХИМИЯНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ

ТАРИХЫ

«Химия және химияны оқыту әдістемесі» кафедрасы 2004 жылдың 1 сәуірінен бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының жаратылыстану факультетінің құрамында құрылды.

«Химия және ХОӘ» кафедрасы институттың 4 оқу корпусында орналасқан. Кафедраның жалпы аудиторияларының саны 12, оның ішінде 6 зертханалық, 3 дәрістік аудиториялар, қалған 3-уі қызметтік бөлмелер. Кафедрада аналитикалық, физикалық және коллоидтық, бейорганикалық және органикалық  зертханалар, «Жамбыл аймағының минералдық ресурстарының химия және химиялық технология » ғылыми-ізденіс зертханасы, «12 жылдық мектепте химияның бейіндік пәндерін оқыту әдістемесі» инновациялық әдістемелік кабинеті, және де мектеп типіндегі химияның типтік зертханалары арнайы жабдықталған.

Кафедра «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша мұғалімдер дайындайды.

МИССИЯСЫ

Кафедра миссиясы – жоғары білікті маман – жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау. Кафедра мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Қазіргі кезде кафедрада штат бойынша 11 оқытушы қызмет етеді, оның ішінде ғылым кандидаты-6, аға оқытушы-3, оқытушы-1, ассистент-1.

Кафедраның оқу-әдістемелік жұмысы химияны оқытудың 30-дан аса пәндері бойынша жүргізіледі. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы (ПОҚ) келесі оқу құралдарын шығарды: Сабыралиева Ж.Ы., Мырзалиева С.К. - «Жалпы және бейорганикалық химия практикумы, Алматы, 2005», 250 б,; Мәжібаев А.К. - «Органикалық химиядан есептер жинағы (І бөлім, көмірсутектер)», Алматы, 2012., 220 б. Кафедрада мамандықтың  оқу үрдістерін әдістемелік және оқу-әдістемелік еңбектермен  қамтамасыз ету бағытында көптеген жұмыстар жүргізілуде.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы ғылыми-зерттеу жұмыстарын екі мемлекеттік бюджеттік  тақырып бойынша жүргізуде: 1. Жамбыл облысы және Тараз қаласының биологиялық әртүрлілігін зерттеу, экологиялық мониторинг және химиялық сараптама, 2. Жамбыл облысының табиғи ресурстарының химиялық құрамын зерттеу. Соңғы жылдары, институт ректорының қолдауымен кафедраға 5,5 млн теңгеден аса қаржыға зертханалық құрал-жабдықтар алынды, атап айтқанда тартпа шкафтар, иономерлер, рН-метрлер, сандық аналитикалық таразылар, рективтер,  DR-2800 спектрофотометрі, SNOL муфельді пеші. 2004 жылдан бері кафедра қызметкерлерінің қүшімен республикалық конференциялардың материалдары мен ғылыми баспаларда 60-тан аса ғылыми еңбектер жарық көрді, оның бірқатары  БҒСБК  ұсынысымен, және де 3 авторлық куәлік алынды. 2011 жылы кафедра меңгерушісі А. К. Мәжібаев «Күн энергетикасына қолдану үшін унитиолаттық координациялық қосылыстардан кадмий сульфидінің жұқа жарыққа сезімтал қабатын алудың әдістемесін жасау» тақырыбы бойынша жалпы сомасы 15000000 теңгенің  грантын  2012-2014 жж гранттық қаржыландыру конкурсы нәтижесінде жеңіп алды.

«Химия» мамандығы бойынша оқитын білімгерлер комплексті ғылыми зерттеулерге қатысады, ғылыми конференцияларда баяндамалар жасайды. Кейбір білімгерлер БҒМ грамоталарымен марапатталды. 2012 жылы Ақтөбе қаласында білімгерлер арасында өткен Республикалық пәндік олимпиадада 2 жәе 3 курс білімгерлер Каршева К., Высоцкая Е., Сембекова Ж. үшінші орынды иеленді.

Кафедра облыстың және Тараз қаласының мектептерімен үнемі тығыз байланыста. Кафедра оқытушылары оқушылардың ғылыми химиялық  үйірмелеріне жетекшілік етеді. Жыл сайын «Дарын» мектебінің оқушылары облыстық және республикалық конкурстарда жүлделі орын алып ерекше табысқа жетуде. Кафедрада талапкерлермен ҰБТ –ға дайындық жасауда жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Кафедраның оқу-тәрбие жұмыстары оқытудың ақпараттық технологиясын әлемдік білім стандартына сай меңгерген жаңа тұрпатты мұғалімдер дайындауға бағытталған. Жаңа тұрпатты химия пәні мүғалімін дайындауға байланысты оқытудың интерактивтік технологиясын игеру, химия сабақтарында қолданбалы компьютерлік бағдарламаларды пайдалану тақырыптары бойынша ғылыми-әдістемелік семинарлар өткізіледі.

Кафедраның тәрбиелік жұмыстары шығармашылық белсенді және жан-жақты жетілген болашақ маманды отансуйгіштік рухында дайындауға бағытталған.

 

САБЫРАЛИЕВА ЖАНАТ ИБРАЕВНА

Кафедра меңгерушісі

1981 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің химия факультетін бітіріп, «Химик. Химия оқытушысы» біліктілігін алған. Университетті бітіргеннен кейінгі жылдарында Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының ҚР оңтүстік облыстарының топырағы мен суын зерттейтін ғылыми лабораториясында кіші ғылыми қызметкер қызметін атқарған. 2000 жылы «Титанеқұрамды гетерополиядролы комплексті қосылыстардың синтезі және илегіш қасиеттерін зерттеу» тақырыбы бойынша кандидаттық диссертациясын қорғады. 2004 жылдан қазіргі кезге дейін ТарМПИ-де кафедрада сабақ береді.

Жүргізетін пәндері: бейорганикалық химияның теориялық негіздері, химиялық есептерді шығару әдістемесі, химияны оқыту әдістемесі, жоғары молекулалық қосылыстар химиясы.

«Былғары қалдықтарын пайдалана отырып ағашқиқымды плиталар жасаудың технологиясын дайындау» тақырыбы бойынша т.ғ.к ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертацияға жетекшілік жасады. 40-тан астам ғылыми еңбектері  жарияланды. Оқу құралының саны-2, оның біреуі ҚР Бжәне Ғылым Министрлігінде жарияланған конкурс нәтижесі бойынша басылып шыққан. Түйінді жарияланымдары:

- Экологическая эффективность математического моде

лирования при изготовлении строительных материалов с использованием древесных и кожевенных отходов. Халықаралық ғылыми-практикалық конференция. Прага, 2008.

- Авторлық куәлік :«Способ получения колла-

геносодержащих древеснестружечных плит (ДСП)», №59873.

- Авторлық куәлік: «Состав для дубления кож»,

№39280.

- Авторлық куәлік: «Состав для дубления кож»,

№22878.

- «Removal of Pyrogallol from Drinking Water by Alternating Current Electrocoagulation Technique». Дүниежүзілік ғылыми қолданбалы журнал 23 (5), 2013.

ҚР қоғамдық комитетінің, қалалық, облыстық және ТарМПИ алғыс хаттарымен, құрмет грамоталарымен марапатталған.

Байланыс телефоны: +7 777 207 83 27

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support