• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасы

«Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының негізі 1967 жылы Жамбыл педагогикалық институтында қаланған. Қазіргі уақытта кафедрада 1 ғылым докторы, 1 PhD, 3 ғылым кандидаттары, 5 аға оқытушы, 1 оқытушы және 1 ассистент қызмет істейді. Кафедра меңгерушісі болып, өзіндік ғылыми мектебі қалыптасқан, көрнекті ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор М.Б. Мұратбеков қызмет атқарады. М.Б.Мұратбековтың жетекшілігімен қалалық ғылыми семинар 30 жылға жуық уақыт бойы үзіліссіз жұмыс істеп келеді. Семинарда тұрақты түрде республикамыздың және шетелдің белгілі ғалымдары ғылыми баяндамаларын жасап келеді.2009-2010 оқу жылынан бастап ф.-м.ғ.к., доцент Б.М.Мүсілімов және аға оқытушы Ә.Т.Сағымбеков жетекшілігімен  «Оқыту әдістемелері және жаңашыл технологияны оқу процесіне енгізу» атты облыстық ғылыми-әдістемелік семинар жұмыс жасап келеді. Семинарға қаланың және облыстың орта мектеп мұғалімдері қатысуда.

Кафедра Республикамыздағы, ТМД мемлекеттеріндегі және алыс шет елдердегі ғылыми-зерттеу орталықтарымен, институттарымен және университеттерімен тығыз қарым-қатынас орнатқан:  Берлин университеті (профессор Г.Бегер), Ресейдің М.В.Ломоносов атындағы  Москва мемлекеттік университеті, Башқортстан мемлекеттік педагогикалық университеті (профессор Я.Т.Сұлтанаев), Ресей Халықтар достастығы университеті (профессор Г.А.Калябин), Өзбекстандағы Ташкент мемлекеттік университеті және т.б.

Сонымен қатар, кафедра окытушылары ҚР БҒМ тарапынан қаржыландырылатын грант есебінен ғылыми-ізденіс жұмыстарымен тұрақты түрде айналысады.

Қазіргі таңда кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары білікті мамандармен жасақталған. Олар негізгі және арнайы пәндерді жүргізеді, арнайы курстарды оқиды, курстық және дипломдық жұмыстарға жетекшілік жасайды.

Мұратбеков Мұсақан  Байпақбайұлы – ф-м.ғ.д., профессор, кафедра меңгерушісі

Жарыққа шыққан ғылыми жұмыстарының жалпы саны 180-нен асады, оның ішінде 50-ге жуық жұмыстары шет елдерде ағылшын тіліне аударылған, ал 20-дан  аса  мақалалары импакт-фактор талабы бойынша жарық көрді.  Осы жұмыстардың негізінде бір ғылым докторын және 20-ға жуық  ғылым кандидаттарын дайындаған. Екі монография, магистранттар және  жоғарғы   курс студенттеріне арналған 4 арнаулы оқу құралдарын дайындады.

Негізгі ғылыми бағыттары:

1. Гиперболалық және аралас типті дифференциалдық операторлардың спектрлік теориясы.

2. Гиперболалық және сызықты емес дифференциалдық операторлардың бөлінгіштігі туралы.

Марапаттары:

1. «ЖОО үздік оқытушысы - 2007»

2.Қазақстан Ғылым және білім министрлігі «Жылдың ең үздік мақаласы 2012» ІІ дәрежелі дипломы;

3.Тараз қаласы әкімдігінің қаланың қоғамдық және экономикалық тұрғыда өсіп-өркендеуіне үлесін қосқаны үшін «Ұлағатты ұстаз» номинациясымен бойынша диплом.

4. ҚР «Ы.Алтынсарин» медалі (2013ж.).

5. ҚР «Ерен еңбегіүшін» мемлекеттік медалі (2016ж.).

Мүсілімов Билібай  Мүсілімұлы – ф-м.ғ.к., доцент

160-тан аса ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар авторы. Жоғары оқу орындарына арналған және жалпы білімдік мектептер үшін 15-ке жуық оқу құралдарын дайындап шығарған.

Екі ғылым кандидаттарын дайындаған.

Ниетбаев Әшірәлі Артайұлы – ф-м.ғ.к., доцент м.а.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ.

2. Дифференциал теңдеулер

3. Комплексті анализ

Надырбекова  Айнұр  Шоханқызы  – ф-м.ғ.к., доцент м.а.

14 ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстары бар.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ.

2. Математикалық физиканың теңдеулері.

3. Интегралдық теңдеулер.

4. Жоғары математика.

Игисинов Сәбит Жандарбекұлы – PhD, қауымд. профессор м.а.

25 ғылыми және ғылыми-әдістемелік жұмыстар авторы.

Негізгі ғылыми бағыты: аралас типті дифференциалдық операторлардың спектральді теориясы.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ

2. Дифференциалдық теңдеулер.

3. Сызыкты операторлар теориясы.

4. Функционалдық анализ.

Сағымбеков Әбдімәлік Тұрдажыұлы – аға оқытушы

2015  жылы «Ой-өрісті дамыту есептері» оқу құралы жарық көрген.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математиканы оқытудың теориясы мен әдістемесі.

2. Математикалық есептерді шешудің әдістемелік негіздері.

3. Математикадан есептер шығару практикумы.

Сманов Қалдыбай Жаппарович – аға оқытушы

15 ғылыми-әдістемелік жұмыстары шығарылған. Ғылыми еңбектері халықаралық, республикалық, облыстық ғылыми-зерттеулік конференцияларда баяндалған.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Алгебра және сандар теориясы

2. Экономикадағы математикалық әдістер

3. Математика

Баулыбаева Бибісара Артелқызы – аға оқытушы

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Аналитикалық геометрия.

2. Математиканы оқыту теориясы мен әдістемесі.

3. Аналитикалық геометрия және сызықты алгебра.

4. Жоғары  математика.

Мақұлбекова Рабиға Рыскелдіқызы – аға оқытушы

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ

2. Дифференциалдық теңдеулер.

3. Математикалық есептерді шешу практикумы

4. Ықтималдықтар теориясы мен матем.статистика

Баяндиев Ерік Нурланұлы – аға оқытушы

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ

2. Дифференциалдық теңдеулер.

3. Элементар математика

Сулеймбекова Айнаш Оспанқызы – оқытушы.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ

2. Жоғары математика

Джанабаева Гүлжан Кадірханқызы – ассистент.

Мына пәндерден дәріс береді:

1. Математикалық анализ

2. Алгебра және сандар теориясы

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support