ТАРМПИ РЕКТОРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ДАЛА ИНТЕРВЬЮ ПРЕДСТАВИТЕЛЯМ РЕСПУБЛИКАНСКИХ СМИ (TARSPI_NEWS) // ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (TARSPI_NEWS) // НАКАНУНЕ ДНЯ НЕЗАВИСИМОСТИ НАГРАЖДЕНЫ СОТРУДНИКИ ИНСТИТУТА (TARSPI_NEWS) // «ТАРМПИ МЕКТЕПТЕ» АКЦИЯСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // АКЦИЯ «ТАРГПИ – ШКОЛЕ» ПРОДОЛЖИЛАСЬ В БАЙЗАКСКОМ РАЙОНЕ (TARSPI_NEWS) // ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // МЕРОПРИЯТИЕ В ПОДДЕРЖКУ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ВСТРЕТИЛАСЬ СО СТУДЕНТАМИ (TARSPI_NEWS) // ЖАЗУШЫ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // ПРОШЛА ВСТРЕЧА С ПИСАТЕЛЕМ ЕЛЕНОМ АЛИМЖАНОМ (TARSPI_NEWS)



«Информатика және есептеу техникасы» кафедрасы

1986 жылы қазан айынан бастап, Жамбыл педагогикалық институтында «Математиканы оқыту әдістемесі және информатика» кафедрасы ашылды. Алғашқы кафедра меңгерушісі және ұйымдастырушысы ф.-м.ғ.к., доцент Мүсілімов Б.М. болды.

1987-1988 жылдары кафедрада «Искра 1030» және «Искра 1031» ЭЕМ тұратын 2 компьютерлік класс, 1989-1990 жылдары КОРВЕТ кластары ашылды. 1992 жылы Windows 3.1 операциялық жүйесімен жұмыс істейтін, IBM 286 және IBM 386 компьютерлерінен тұратын 1 сынып ашылды. 1996 жылы Windows 95 операциялық жүйесімен жұмыс істейтін IBM 486 компьютерлік класы қосылды. 2001 ж. «Pentium 3, 2009 жылдан бастап «Pentium – 4 компьютерлерінен тұратын 3 компьютерлік класс жұмыс істеді. Олар қазақ және орыс тілдерінде жаңа қолданбалы программалармен жабдықталды. «Компьютерлендіру - екінші сауаттылық» ұстанымымен орта мектепке Информатика пәнінің мұғалімдері дайындала бастады. 1992 жылы Информатика өз алдына кафедра болып бөлініп шықты. Кафедра меңгерушісі Б.М.Мүсілімов болды. Қазіргі кафедраның толық атауы «Информатика және есептеу техникасы». Осы кезеңде математик және физик мамандарымен бірлесіп, аз жинақты мектептер үшін, математик-информатик, физик-информатик мамандықтарын дайындай бастады.

Әр жылдары кафедра меңгерушісі қызметін атқарғандар келесідей: Тучин А.В. 1993-1996, 2000-2003, 2005-2009 ж.ж., Мүсілімов Б.М. 1996-1997, 2003-2005 ж.ж., Тлебаев М.Б. 1997-2000 ж.ж., Ахметжанов М.А. 2009-2011 ж.ж., Әбдімомынова М.М. 2011/2012 оқу жылы, Тәттібеков Қ.С. 2012-2014 ж.ж. 2014 ж. қыркүйек айынан бастап кафедра меңгерушісі қызметін Орынбеков Ә.О. атқаруда. Орынбеков А.О. Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген, экономика ғылымының докторы., профессор. Ғылыми мамандандырылуы 08.00.13 «Экономикалық зерттеулерде есептеу техникаларын және математикалық модельдерді қолдану». «Информатика және ЕТ» кафедрасының қазіргі таңдағы ПОҚ: Орынбеков Ә.О - кафедра меңгерушісі, э.ғ.д., профессор; Бержанов Д.С, т.ғд., профессор; Жолдасова К.Ж., ф.-м.ғ.к., профессор, Тәттібеков Қ.С, ф.-м.ғ.к., доцент; Тучин А.В., ф.-м.ғ.к., доцент; Дүйсембиев Е.Е, т.ғ.к., доцент; Тасуов Б., т.ғ.к., доцент м.а.; Ахметжанов М.А., ф.-м.ғ.к., доцент м.а.; Тоқтанаева Қ.С., Қалақбасова Н.Б., - аға оқытушылар; Аманбаева А.Н., Раимбаева С.А., Ниетбаева Н.А., Оразымбетова Г.Х., Аралбаева Г.М - магистрлер, аға оқытушылар; Абжаппарова А.К., Тазабекова П.К., Сарбасова А.Е., - магистрлер, ассистенттер. Лаборатория меңгерушісі Батыров Н.Н., лаборанттар: Тоқтанаева Н.С., Қалқабаев Қ.Қ., Алибеков Д.Р. Кафедра 5В011100-«Информатика» мамандығы бойынша жалпы білім беретін орта, арнаулы білім беретін орта оқу орындары үшін Информатика пәнінің оқытушысын дайындайды. Білімгерлердің жалпы саны 256, оның ішінде 82 білімгер мемлекеттік білім гранты иегерлері. 2012/2013 оқу жылынан бастап, мемлекетіміздің көптілді бағдарламасы аясында, республикамыздың 20 жоғарғы оқу орындарының қатарында, үш тілде (қазақ, орыс, ағылшын) бірдей сабақ жүргізе алатын жаңа тұрпаттағы информатик дайындауды қолға алды.

Кафедраның ғылыми-әдістемелік бағыты: Компьютерде мемлекеттік тілді қуаттау, қазақ тілінен аудару жүйесі, граматикасы мен орфографиясын тексеру. Кафедра институттың барлық оқытушыларына электронды оқулықтар құрастыруда, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану және педагогикалық программалық құралдар дайындауда көмек көрсетіп келеді. Кафедра түлектері облысымыздың, республикамыздың орта мектептерінде жоғарғы санатты ұстаз, орта және арнаулы оқу орындарында басшы, жоғарғы оқу орындарында оқытушы-ғалым, әртүрлі мекемелерде программалаушы, инженер-жүйетехнигі қызметтерін атқаруда. Солардың бірқатары: Қибаев М. «Үздік информатик» атағының иесі, Ремнев А., Гнатенко С., Тараз қаласының №1 орта мектебі директорының орынбасарлары, Нұрымбетов Ә., Тасуов Б., Ахметжанов М., Әбдімомынова М.- ғылым кандидаттары, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПИ доценттері.

Кафедра меңгерушісі туралы мәлімет


Орынбеков Әмірбек Орынбекұлы 1968 жылы Низами атындағы Ташкент мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді. 1977 жылы аспирантураны бітіріп, «Одақтық республикадағы ЖЕАЖ математикалық үлгілерді ұзақмерзімді экономикалық болжау» тақырыбында кандидаттық диссертациясын 08.00.05 «Халық шаруашылығын жоспарлау» мамандығы бойынша, 2002 жылы докторлық диссертациясын 08.00.13 «Экономикалық зерттеулерде есептеу техникаларын және математикалық модельдерді қолдану» мамандығы бойынша қорғады.

Жұмыс тәжірибесі:

1977 - 2014 жылдар аралығында Тараз қаласының ЖОО әр түрлі қызметтер атқарды: аға оқытушы, доцент, ЕО бастығы, оқытушылардың әлеуметтік сұрақтары бойынша проректор, ғылыми жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары, магистратура бөлімінің меңгерушісі, кафедра меңгерушісі және кафедраның профессоры.

Жарияланған ғылыми және  ғылыми-әдістемелік жұмыстары: 63.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support