• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА 1130 ОҚУШЫ ҰБТ ТАПСЫРАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА КІТАП ОҚУДЫ НАСИХАТТАУҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ ЖЫЛЫЖАЙЫНДА ДӘРІЛІК ӨСІМДІКТЕР ӨСІРІЛУДЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ ҰЙЫТҚЫ БОЛУЫМЕН ТАРАЗДА «ЖАСЫЛ МАРАФОН» АТТЫ ЖАППАЙ ЖҮГІРУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA)

«Биология және БОӘ» кафедрасы

«Биология және БОӘ» кафедрасы

1988 жылы «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының базасында «Биология» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі – доцент Дүлқайырова З.А.

1989 жылы «Биология» кафедрасы ашылды - б.ғ.к., доцент Дәнебеков А.Е. 1989-1996 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болды.

1996 жылы Жамбыл университеті, 1997 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университеті болды.

1996-1998 жылдары «Жаратылыстану ғылымдары пәндері» кафедрасы болып құрылды, кафедра меңгерушісі х.ғ.д., профессор  Амреев А.Е.

1998-2000 жылдары «Биология және экология» кафедрасы болды. Кафедра меңгерушісі-п.ғ.к., доцент Мусабаева М.Н.

Кафедра құрылған жылдан бастап 2000 жылдарға дейін негізін қалаған, лабораторияларды ұйымдастырған – в.ғ.д., профессор П.В.Радионов. П.В.Радионов Қазақстандағы паразитоценология ғылымының негізін қалаған.

2001-2002 жылы «Биология» кафедрасы  бөлініп кафедра меңгерушісіне а.ш.ғ.д., профессор Төлеубаев Ж.С. тағайындалды.

2002-2003 жылы «Биология» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к.,доцент Бектұрғанов Б.,

ал 2003-2004 жылдары «Биология» кафедрасының меңгерушісі б.ғ.к., профессор Дәнебеков А.Е. болды.

2004 жылдың сәуірінен бастап Тараз Мемлекеттік педагогикалық институты бөлініп, «Биология және БОӘ» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі а.ш.ғ.д., профессор Төлеубаев Ж.С. Бұл жылы кафедра құрамында: ғылым докторы Төлеубаев Ж.С., ғылым кандидаты Құсайынова С.Қ., Байтелеева А.М., Середин В.А., Балғабаев Н., аға оқытушылар: Курбанова Н.П., Мусарова В.А., Оспанова Г.С., Жатқанбаева А.Е., Зияева Г.К., Әділбекова Г.Ә., Шолпанқұлова Г.А., Қуандықова Г.Т., оқытушылар: Төлтаева Б., Бегалиева С., Кемелбекова Р., Бейсенбаев М..

Біліктілікті көтеру бағытында кафедрада 2007 жылы магистратура ашылып, осы уақытқа дейін 15 магистрат дайындалды. Бітірген магистранттардың ішінде кафедрада Жапарқұлова Г., Қабылбекова Н., Шаймерденова Г., Масатбаева К. жұмыс істеуде.

Бүгінгі таңдағы «Биология және БОӘ» кафедрасында 4 - ғылым докторы, 8 - ғылым кандидаттары,  13 - биология-магистрлері жұмыс істейді. Кафедра  меңгерушісі б.ғ. к  Зияева Г.К . Кафедра құрамы біліктілігі жоғары ғалымдар мен үнемі ізденісте болатын жас оқытушылардан тұрады: а.ш.ғ.д., профессор Төлеубаев Ж.С., б.ғ.д, проф Жанғазиев А, б.ғ.д, проф Нурбеков С .И. б.ғ.д, проф   Жансүгіров А.А , п.ғ.к., профессор Құсаинова С.Қ.,  в.ғ.к.,  Середин В.А. в.ғ.к., Бердикулов М.А.  а.ш.ғ.к.,Кулкеев Е.Е. аға оқытушылар Курбанова Н.П, Оспанова Г.С. Мусарова В.А, Шолпанқұлова Г.А, Кемелбекова Р.Е, Сұлтанаев Е, Жапарқұлова Г. Оқытушылар Бегалиева С., Қашқынбаева Л.Б, Төлтаева Б.С, ассистенттер Шаймерденова Г.З, Қабылбекова Н.К, Масатбаева К.

«Биология және БОӘ» а.ш.ғ.д., профессор Ж.С.Төлеубаевтың жетекшілігімен мемлекеттік бюджет бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде:

  1. «Қазақстанның оңтүстік шығыс аймағында өсірілетін бидай сорттарының сапалық белгілеріне «генотип-орта» әсерін экогенетикалық әдістермен зерттеу».

Осы  тақырыптың ішінде төмендегідей ғылыми мәселелер қаралады:

1.1. «Экологиялық факторлардың бидай генотипінің бейімделгіштік потенциалына әсерін зерттеу».

1.2. «Бидайдың сапалық белгілері мен сыртқы орта факторларының арасындағы корреляциялық байланыстарын зерттеу».

1.3 «Ауыл-шаруашылық дақылдарының өнімін арттырудың биологиялық және биофизикалық негіздері».

Осы ғылыми – зерттеу жұмыстарын орындау  барысында төмендегі ғылыми-зерттеу мекемелерімен келісім шарт жасалған:

  1. А.Бектұров атындағы химия ғылыми-зерттеу институты, (Алматы)
  2. Егіншілік және  жер игеру Республикалық  ғылыми – зерттеу орталығы (Алматы),
  3. Қазақ Су шаруашылығы ғылыми – зерттеу институты, (Тараз)
  4. Республикалық мемлекеттік кәсіпорны Биологиялық зерттеулер орталығы, (Алматы),
  5. Микробиология және вирусология   ғылыми – зерттеу институты. (Алматы),

Кафедра шетелдік және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасай отырып, білікті ғалым профессорлармен  семинарлар өткізіп,   білімгерлерге лекциялар  оқылды. Москва маңындағы Пущино қаласындағы Биофизика  институтынан ф.м.ғ.д. профессор Ким А., КазМҰУ б.ғ.д. профессор Шүленбаева Г., Агроуниверситеттен б.ғ.д. профессор Р.А. Мырзадинов , б.ғ.д , профессор Х. Торыбаев лекциялар оқыды.

Кафедра білімгерлері түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен оралды. 2010 жылы Алматы (АГУ) Г.К Зияеваның жетекшілігімен Помашева Ә., Мураталиева А., Дюсенбаева Ж. үшінші орын алып келді.

Оқу дала практикасын ұйымдастыру барысында «Жасұлан» компаниясының «Жетібай» ауылындағы жылыжайы мен қала сыртындағы «Зимний сад» және НДФЗ-ның Жасөркен елді мекенінде орналасқан «Рассвет» лагерімен, Ровный ауылындағы Жамбыл облыстық сорт-тәжірибелік учаскесімен, Жамбыл облыстық тәжірибе станциясымен, Қ. Файзулдаев атындағы селекция-генетикалық орталығымен , Берікқара заказниктерімен  келісім шарт жасалып,  оқу - дала тәжірибелері  өткізіледі.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support