Физика-математика факультеті
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Физика-математика факультеті

ФИЗИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 a (блок В), № 7 оқу ғимараты

Деканат телефоны: +7 (7262)-52-67-84

ТАРИХЫ

Қазіргі Тараз мемлекеттік педагогикалық институты КазССР министрлер Кеңесінің шешімімен 1967 жылдың наурыз айында «Октябрдің 50 жылдығы атындағы Жамбыл педагогикалық институты» деген атпен ашылды. Институт ашылған жылы «Математика» және «Орыс тілі» мамандықтары негізінде екі факультет ашылды. Алғашқы жылы әр мамандыққа 100-ден, барлығы 200 білімгер қабылданған. 1967 жылдың 1-ші тамызында алғаш рет ашылған «Математика және физика» кафедрасын ф-м.ғ.к. К.Н. Абдулгафаров басқарған. Кафедра құрамында аға оқытушылар: С.К. Досыбаев, И.М. Пак, С.Т. Тамаев, К.К. Қонақбаев, С.Б. Бесинбаев, З.А. Абдыбаев, оқытушы Ж.А. Абдуллаев және аға лаборант К.К. Тоқжігітов жұмыс істеген. 1968-1969 оқу жылының басында «Математика және физика» кафедрасы математика және физика бағыты бойынша екіге бөлініп, «Жоғары математика» кафедрасын И.М. Пак, ал «Физика» кафедрасын ф-м.ғ.к. К.Н. Абдулгафаров басқарды. Факультеттің алғашқы деканы болып т.ғ.к. доцент К.К. Қонақбаев 1967-1971 жылдары тағайындалды. Ашылған физика-математика факультетінің құрамы «Математика және Физика» деп аталатын жалғыз кафедрадан тұрды. Кафедраның меңгерушісі болып ф.-м.ғ.к., доцент Қ.Қ. Әбдігафаров тағайындалды және ол кісі институттың проекторлық қызметін қоса атқарды. Кафедраның алғашқы оқытушылары: аға оқытушы С.К. Досыбаев, аға оқытушы С.Т. Тамаев, оқытушы Ж. Абдулаев, аға оқытушы З.А. Абдыбаев, аға оқытушы С.Б. Бейсенбаев, аға оқытушы Қ.Қ. Қонақбаев, аға оқытушы И.М. Пак болып қабылданды, сол оқу жылының ішінде Ә.Т. Мақашев және А.Н. Нұралиев қабылданды. Ал кафедраның алғашқы аға лаборанты болып Қ. Тоқжігітов қабылданды. 1968-1969 оқу жылының басында «Математика және Физика» кафедрасы математика және физика бағыттары бойынша екіге бөлінде. Физика бағыты бойынша: «Теориялық физика», кафедра меңгерушісі З.Жанабаев және «Жалпы физика және физиканы оқыту әдістемесі», кафедра меңгерушісі доцент Қ.Қ.Әбдіғафаров. Математика бағыты бойынша: «Жоғары математика» кафедрасы құрылды, кафедра меңгерушісі И.М. Пак болды. 1969 жылы «Жоғары математика» кафедрасымен қатар «Алгебра және геометрия» кафедрасы ашылды, кафедра меңгерушісі доцент Т.Т.Таубаев болды. 1970 жылы «Жоғары математика» кафедрасының меңгерушілік қызметіне ф.-м.ғ.к. К.К. Нагметжанов сайланды. 1970-1971 жылының соңында факультетті алғашқы түлектер бітіріп шықты. Оларды дайындап шығару үшін факультет кафедралары талапқа сай келетін материалдық база жасады. Физика кафедраларының оқытушылары оқылатын пәндер бойынша зертханалар құрды. Қажетті құралдар көбінесе әр қалалардағы «Физика құралдар салондарынан» алынды. Ал кейбір құралдар, қондырғылар жергілікті өндіріс цехтарында және оқытушылар мен лаборанттар өз қолдарымен жасады. Математика кафедраларында әдістемелік кабинеттер іске қосылады.

1985-1986 жылдар аралығында «Алгебра және геометрия» кафедрасын ф-м.ғ.к., доцент М.Б.Мұратбеков басқарған. Осы жылдары кафедрада институт ректоры, ф-м.ғ.д., профессор М.Өтелбаев функционалдық анализ бойынша арнаулы курс жүргізді. Мұхтарбай Өтелбай ұлының қолдауымен және басшылығымен осы жылдары А.С.Макаренко атындағы облыстық мектеп интернат (қазіргі Қазақ-түрік лицейі) жанынан арнаулы физика-математика сыныптары ашылды. Осы сыныптарда профессор М.Өтелбаевтың өзі және оның ғалым шәкірттері, кафедра оқытушылары Б.Мүсілімов, А.Шыныбековтер математикадан сабақ жүргізді. 1985 жылы профессор М.Өтелбаев алғашқы рет Жамбыл қаласында пединститут базасында ЖОО аралық қалалық «Функционалдық анализ және оның қолданылуы» атты ғылыми семинар ұйымдастырды. Бүгінгі күні, осы бүткіл республикаға белгілі ғылыми-әдістемелік семинар профессор М.Б.Мұратбековтың ғылыми жетекшілігімен өз жұмысын 26 жыл бойы үздіксіз табысты жалғастырып келеді. Бұл семинарда Жамбылдық ғалымдармен қатар Республика және алыс-жақын шетелдердің көптеген ғалымдарының кандидаттық және докторлық диссертациялары ғылыми сараптаудан өтіп жатыр.

1987 жылы қазан айынан бастап, «Математиканы оқыту әдістемесі» кафедрасының жанынан жаңа «Информатика» кафедрасы жеке бөлініп шықты. Бірінші меңгерушісі және ұйымдастырушысы ф.-м.ғ.к. доцент Мусилимов Б.М. болды.

1988 жылы «Азаматтық қорғаныс» кафедрасының базасында «Биология» кафедрасы құрылды. Кафедра меңгерушісі – доцент Дүлқайырова З.А.

1989 жылы «Биология» кафедрасы ашылды - б.ғ.к., доцент Дәнебеков А.Е. 1989-1996 жылдар аралығында кафедра меңгерушісі болды. Бүгінгі таңдағы «Биология және БОӘ» кафедрасында 1 - ғылым докторы, 6 - ғылым кандидаттары, 13 - биология-магистрлері жұмыс істейді. Кафедра құрамындағы ғалымдар: а.ш.ғ.д., профессор Төлеубаев Ж.С., Абдрақов Б.Қ. б.ғ.к., профессор, Құсаинова С.Қ. п.ғ.к., профессор, Середин В.А. в.ғ.к., доцент, Зияева Г.К. б.ғ.к., доцент м.а., Үсенбаев А.Е. в.ғ.к., доцент, Қожамжарова Л.С.- б.ғ.к., доцент м.а. «Биология және БОӘ» а.ш.ғ.д., профессор Ж.С.Төлеубаевтың жетекшілігімен мемлекеттік бюджет бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізуде.

Факультет құрамындағы 3 кафедра 3 мамандық бойынша мамандар даярлайды. Математика және МОӘ кафедрасының негізі 1967 жылы құрылды. Бүгінгі күні осы бүкіл республикаға белгілі қалалық ғылыми-әдістемелік семинар профессор М.Б.Мұратбековтың ғылыми жетекшілігімен өз жұмысын 27 жыл бойы үздіксіз табысты жалғастырып келеді. Бұл семинарда Жамбылдық ғалымдармен қатар Республика және алыс-жақын шетелдердің көптеген ғалымдарының кандидаттық және докторлық диссертациялары ғылыми сараптаудан өтіп жатыр. Физика және физиканы оқыту әдістемесі кафедрасы Жамбыл педагогикалық институты ашылған 1967 жылдан бастап жұмыс істейді. Жаңа инновациялық технологиялар мен интерактивті әдістерді қолданып, сабақ өткізу үшін заман талабына сай жабдықталған кабинеттер мен оқу және ғылыми-зерттеу лабораториялары қызмет атқарады. Информатика және есептеу техникасы кафедрасының ғылыми-әдістемелік бағыты: Компьютерде мемлекеттік тілді қуаттау, қазақ тілінен аудару жүйесі, граматикасы мен орфографиясын тексеру. Кафедра институттың барлық оқытушыларына электронды оқулықтар құрастыруда, оқытуда ақпараттық технологияларды пайдалану және педагогикалық программалық құралдар дайындауда көмек көрсетіп келеді.

2015 жылы ҚР Еңбек кодексінің 48 бабына сәйкес өндірістік қажеттілікке байланысты институтты басқаруды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында «Жаратылыстану ғылымдары» факультеті «Физика-математика» факультеті деп өзгерді.

МИССИЯСЫ

Факультет мамандықтары бакалаврының кәсіптік қызметінің негізгі міндеттері:

- білім беру бағдарламаларының негізгі идеяларын пайдалану және осы бағдарламадағы істерді жүзеге асыру жолдарын көрсете білу;

- оқыту үрдісінде оқу-тәрбие беруді жетілдіру, терең білім алуға ықпал ету;

- өзінің кәсіби қызметінің бағытының өзгеруіне сәйкес жалпы және арнайы білім деңгейін арттыру, кәсіби және әлеуметтік–қоғамдық пәндер саласында алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу;

- педагогикалық, ғылыми, өндірістік және басқару қызметтерін жоғары деңгейде жаңа талаптарға сәйкес жүргізу.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Қазіргі кезеңде факультетте 7 ғылым докторлары, профессорлар, 26 ғылым кандидаттары, доценттер және 31 магистрлер қызмет етеді. Факультетте білімгерлердің сапалы білім алуына толық мүмкіндіктер жасалған. Кафедраларда заман талабына сай жабдықталған арнайы оқу және ғылыми-зерттеу лабораториялары жұмыс істейді. Факультет кафедралары шетел және Республикамыздың жетекші оқу орындарымен тығыз ғылыми педагогикалық байланыс орнатқан. Батыс Берлин Университеті (Германия), Мәскеу мемлекеттік Университеті, Новосібір мемлекеттік Университеті, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетімен оқу-ғылыми әдістемелік жұмыстар жүргізуге келісім шарт жасалынған. Болон процесінің негізгі принципі бойынша студенттердің «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша халықаралық және республикалық ЖОО-да білім сапасын көеруге мүмкіндік жасалған. Мысалы, 2012-2016 жылдар арсында студенттер Польша, Болгария мемлекеттерінің және Қазақстанның бірнеше ЖОО-да білім алды.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Факультет шетелдік және Қазақстанның жоғарғы оқу орындарымен байланыс жасай отырып, білікті ғалым профессорлармен семинарлар өткізіп, білімгерлерге лекциялар оқылды. Москва маңындағы Пущино қаласындағы Биофизика институтынан ф.м.ғ.д. профессор Ким А., КазМҰУ б.ғ.д. профессор Шүленбаева Г., Агроуниверситеттен б.ғ.д. профессор Р.А. Мырзадинов , б.ғ.д , профессор Х. Торыбаев лекциялар оқыды. Факультет білімгерлері түрлі олимпиадаларға қатысып, жүлделі орындармен оралды. 2010 жылы Алматы (АГУ) Г.К Зияеваның жетекшілігімен Помашева Ә., Мураталиева А., Дюсенбаева Ж. үшінші орын алып келді.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Факультетте білімгерлердің курстық, дипломдық және ғылыми жұмыстарына қажетті параметрлерді тәжірибе жасап алатын және ғылыми жұмыспен айналысушы білімгерлерге арналған арнайы «Рентген–структуралық анализ және ядролық – гамма резонанс ғылыми-зерттеу лабораториясы» жұмыс істейді. Осы лабораторияда студенттер шала өткізгіштер, қатты денелер қорытпаларының физикалық қасиеттерінрентгеноқұрылымдық талдау нәтижесінде ғылыми конференцияларға баяндамалар дайындайды. Факультет электронды оқу залымен, мектеп типіндегі кабинеттермен, заманауи компьютерлермен және интерактивті тақтамен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, «Информатиканы оқытуда инновациялық технологияларды қолдану», «Қазіргі кездегі математика және математиканы оқыту проблемалары» зертханалары жұмыс жүргізеді.

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Студент жастардың рухани және адамгершілік тәрбиесі факультет профессор-оқытушылар құрамының ерекше көңіл бөлетін саласы болып табылады. Осы ретте айта кеткен ләзім, факультет түлектері түлектері облысымыздың, республикамыздың орта мектептерінде жоғарғы санатты ұстаз, орта және арнаулы оқу орындарында басшы, жоғарғы оқу орындарында оқытушы-ғалым, әртүрлі мекемелерде программалаушы, инженер-жүйетехнигі қызметтерін атқаруда. Солардың бірқатары: Қибаев М. «Үздік информатик» атағының иесі, Ремнев А., Гнатенко С., Тараз қаласының №1 орта мектебі директорының орынбасарлары, Нұрымбетов Ә., Тасуов Б., Ахметжанов М., Әбдімомынова М.- ғылым кандидаттары, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ, ТарМПИ доценттері.

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

5В010900 Математика (Физика)

5В011000 Физика (Физика)

- 5В011100  – Информатика (Физика)

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support