ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)



«ДҮНИЕЖҮЗІ ТАРИХЫ, ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» КАФЕДРАСЫ

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасы 2013 жылы 29-шы тамызда институттың Ғылыми кеңес шешімімен «Экономикалық теория және құқықтық ілімдер» кафедрасы мен  «Тарих және тарихты оқытудың әдістемесі» кафедраларын қосу нәтижесінде ұйымдастырылды. Кафедра  тарих-география факультетінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.Кафедра 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» мамандығын даярлайды. Мамандық даярлау ҚР Білім және ғылым министрлігі берген мемлекеттік лицензия (бұйрық № 1701. (24.12.2012 жыл) ҚР МЖМБС 6.08.071-2010, ҚР МЖМБС 5.04.019-2011. негізінде жүргізіледі.  2004 оқу жылынан бастап жүзеге асырылуда. Даярлау мерзімі 4 жыл. Бітіруші маманға 5В011500 - «Құқық және экономика негіздері» пәнінің мұғалімі біліктілігі беріледі.

МИССИЯСЫ

Кафедра миссиясы  - тарихи, экономикалық және құқықты білім беру үдерісін жаңғырту, сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті маман даярлау.

 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: э.ғ.к  профессор Қ.Б.Турдалин, п.ғ.к., доцент А.А. Наурызбаева, т.ғ.к., доцент О.М.Қоңыратбаев, э.ғ.к., доцент Альпеисова Ш.Е; аға оқытушылар: П.М.Махашова, Қ.А.Шолпанкулова, Т.А. Ибрагимов, Н.Н. Тулекова Н.Н., Мадибаева Д.Р.; оқытушылар: К.Р. Абдурахманова, А.Қ Садыкова, А.Ж.; асистент: Еспанова А.С.

 

АБДРАСИЛОВА ЗАУРЕ САДУАҚАСҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Абдирасилова Зауре Садуақасқызы 1977 жылдың  қарашаның 30 -на Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Балтакөл ауылында дүниеге келген. Осындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектепті 1994 жылы үлгілі аяқтаған. З.С.Абдирасилова 1994-96 жылдары Жезқазған педагогикалық коледжінде білім алды. Аталған оқу орнын үздік дипломға аяқтауына байланысты, Жезқазған Мемлекеттік Университеті «тарих» мамандығының ІІ-курсына қабылданды. Университетті 1999 жылы үздік аяқтап, осы жылы ТарМУ-нің «Жалпы тарих» кафедрасында оқытушы қызметі, 2001 жылдан бастап аға оқытушы қызметін атқарды. 2003-2006 жылдар аралығында ТарМПИ-ның «Отан тарихы» мамандығы бойынша аспирантураның күндізгі бөлімінде білім алып,«Қазақстандағы кәсіпкерліктің қалыптасу және даму тарихы (Қазақстанның оңтүстік аймағы материалдары бойынша) (1867-1917 жж.)» тақырыбында жазылған диссертациялық жұмысын сәтті қорғады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің 2009 жылы 25 ақпан шешімімен (№2 хаттама) Абдирасилова Зауре Садуақасқызына тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 

2010-2013 оқу жылында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында «Тарих және тарихты оқыту әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, 2013ж. 31 тамыздан - бүгінге дейін аталған институттың «Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарды.

Зауре Садуақасқызының 30-ға тарта ғылыми мақалалары мен баяндамалары Республикалық және Халықаралық ғылыми-практикалық конференциялар мен ғылыми-әдістемелік журналдарда жарияланған. Екі оқу құралының авторы («Қосалқы тарихи пәндер» (ТарМПИ. Тараз, 2010) және «Қазақстанның саяси - экономикалық тарихы» (ТарМПИ,  Тараз, 2010). Сонымен қатар, 2015 жылы Түркістан өлкесінде кәсіпкерліктің дамуы. (1861-1917) (Сырдария мен Жетісу облыстарының мысалында) тақырыбында  монографиясы жарық көрді.

Абдирасилова Зауре Садуақасқызы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 45 жылдық мерейтойына орай «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісімен марапатталған.

Байланыс телефоны: +7 775 304 48 30; +7 707 2015 04 16.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support