ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)

«АРНАЙЫ ПЕДАГОГИКА» КАФЕДРАСЫ

ТАРИХЫ

2007 жылдың тамыз айында «Дефектология және психология», соңынан, 2012 жылда - «Әлеуметтік және арнайы педагогика» кафедрасыдеп аталған кафедраны п.ғ.к, доцент Ж.Т.Тасжурекова басқарды. «Арнайы педагогика»кафедрасы2013 жылдың тамыз айында «Әлеуметтік және арнайы педагогика» кафедрасынан бөлініп шықты.Кафедра меңгерушісі болып п.ғ.к, доцент А.М.Калматаева тағайындалды.

Қазақстан Республикасының 2005-2010 жылға арналған білім берудің мемлекеттік бағдарламасында мүмкіндігі шектеулі  балаларға көп көңіл бөлінген. Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында, Жамбыл обылысының обылыстық әкімшілігінің бұйрығымен ерекше қажеттілікті талап ететін балаларға арналған түзету-білім беру мекемелерінің қатары көбейді. Жоғарыда аталған мекемедегі жұмыс істейтін кадрлардың базалық білімдері болмағандықтан, қала мен аудандарға дефектолог мамандарын дайындау қажеттілігі туындады. 2004 жылы Тараз мемелекеттік педагогикалық институты негізінде «Психология» кафедрасы құрамында «Дефектология» мамандығы құрылды. Қазақстан бойынша осы категориядағы мамандарды  бар болғаны сегіз жоғары оқу орындары даярлайды. Кафедра 5В010500 – «Дефектология» бағыты бойынша мамандар даярлайды және басқа мамандықтарға инклюзивтік білім беру пәнінен дәрістер оқиды.

Мамандарды даярлаумен тәжірибелі педагогтар айналысады:   доценттер - Калматаева А.М., Мордвинцева И.Ю., Мунатаев Б.М., Пак А.И. психология және дефектологияның магистрлері - Бекембетова Л.И., Аликулова С.А., Архабаева Б.Д., Жунисова Ж.К., Боранбаева С.Т., Медетбекова А.С., Досмаханова Л.Д., Қыстаубаева Ә.Қ., А.А.Хаби., мамандар: Онласынова Г.К., Амиркенова Э.Ж.

Педагог-дефектолог жоғары кәсіби біліктілікті ғана емес, сонымен қатар күшті жан қуатын талап ететін ерекше мамандық. Бұл бағыттағы мамандар дамуында ауытқушылығы балалармен қатар, ересек адамдармен де жұмыс істей алады. Қиындықтарына қарамастан, мұғалім-логопед, педагог-дефектолог мамандарының жұмысының маңыздылығы зор, әрі нәтижелері анық көрініс табады. Логопед маманы әр  мектепте, балабақшада қызмет атқарады: балалардың тіліндегі кемістіктерді түзетеді. Олар тек балалармен  ғана емес, ересектермен де жұмыс істейді (мысалы, инсульттан кейінгі сөйлеу тілін жоғалту)

Кафедра білімгерлерінің өмірі қызықты оқиғаларға толы. Білімгерлер жыл сайын түрлі конкурстық байқаулардың жеңімпазы атанады.

МИССИЯСЫ

ҚР 2011-2020 жылдарға арналған білім беру бағдарламасы негізінде инклюзивті білім беруді жүзеге асыру мақсатымен үздіксіз және жүйелі түрде енбек нарығында сұранысқа ие, білімді, білікті дефектолог мамандарын даярлау.

 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Қалматаева Айман Мамбетбайқызы - п.ғ.к., доцент м.а.

Мордвинцева Ирина Юрьевна - п.ғ.к., доцент

Мунатаев Болат Муратович - п.ғ.к.,доцент

Пак Анатолий Иванович - п.ғ.к.,доцент

Боранбаева Сулушаш Тіленшіқызы - аға оқытушы

Жунисова Жанна Кеңесбайқызы - аға оқытушы

Бекембетова Люция Игілікқызы - аға оқытушы

Аликулова Сабира Амангелдіқызы - аға оқытушы

Онласынова Гүлназ Қажмұханқызы - аға оқытушы

Медетбекова Айгул Сайдқызы - аға оқытушы

Амиркенова Эльмира Жарасбаевна - аға оқытушы

Архабаева Ботакөз Даулетовна - оқытушы

Қыстаубаева Әсел Қасенқызы - оқытушы

Досмаханова Лайла Досмахановна - оқытушы

Хаби Айгерім Абдуллинқызы - ассистент

Шайжанова Лесгүл Хайруллаевна - лаборант

 

ҚАЛМАТАЕВА АЙМАН МӘМБЕТБАЙҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Қалматаева Айман Мамбетбаевна 19 шілде 1961 жылы Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Бірлік ауылында  туылған.  Тараз қаласы Тюленин  көшесі №14 үй  тұрғыны.

Айман Мамбетбаевна Қалматаева Шымкент  педагогикалық   институтын 1984 жылы «Тарих  және педагогика» мамандығы  бойынша  аяқтап,  тарих  пәнінің  мұғалімі  және  тәрбие  жұмысының әдіскері мамандығын  алған. Педагогикалық стажы  35 жыл, оның  ішінде  жоғары оқу орнында 25 жыл. 1984-1987 ж.ж. №39-шы мектепте  тарих пәнінің  мұғалімі, 1987-1990 жылдары Абай атындағы  педагогикалық  училищеде   педагогика кафедрасында  оқытушы қызметін  атқарды. 1990 жылы ақпан  айынан бастап  Жамбыл  педагогикалық  институтында   педагогика кафедрасының оқытушысы, аға  оқытушы қызметін атқарып келді.  Педагогика кафедрасы бөлінгеннен  кейін,  «педагогика  және  бастауышты оқыту әдістемесі» кафедрасында   аға  оқытушы. 2009 жылы 130008- кәсіби білім берудің  теориясы мен практикасы шифрі бойынша  «Жоғары оқу орнында  болашақ  бастауыш сынып мұғалімдерінің тәрбиелеу  потенциалын дамыту» тақырыбында кандидаттық диссертациясын  сәтті қорғады.

2011 жылы  «Дефектология» кафедрасына  доцент м.а. қызметіне  ауысты.

Айман  Мәмбетбайқызы  білімгерлерге  орыс  және қазақ тілінде дәріс береді.  Сабақтарын  жоғарғы  әдістемелік  деңгейде  өткізіп,  білімгерлерге тиянақты  білім береді.  Жаңа технологияларды қолдана отырып ашық  сабақтар  өткізеді.  Педагогикалық   тәжірибе  кезінде   білімгерлерге  әдістемелік көмек көрсетеді. Институттың,факультеттің, кафедраның жұмыстарына белсене қатысады. Қызметтестер арасында беделді. Институт тарапынан  әр түрлі марапаттар иегері

А. Қалматаева 2012 жылы желтоксан айында  Алматы қаласында Республикалық жоғарғы оқу орнының оқытушыларының  біліктілігін көтеретін  «Өрлеу» институтында курстан өтті.

А. Қалматаеваның   ғылыми жұмысының тақырыбы боынша ғылыми мақалалары  ғылыми-әдістемелік   журналдарда  және  ғылыми конференциялар  материалддарының   жинақтарында жарияланды.  Білімгерлердің   ғылыми  жұмыстарына  жетекшілік етеді.  Педагогика пәнінен өткізілетін олимпиадаға  білімгерлердің  даярлауға  белсене қатысады.

А. Қалматаева 2012 жылы 22-27 шілде аралығында Онтүстік Африканың Кейптаун қаласында психологиядан өткен 30-шы халықаралық конгресске жіберген «Этнопсихологические особенности политического признания лидера»   тақырыбындағы мақаласы THOMSON REUTERS кіретін жоғары импакт факторлы  «Интернациональный журнал психологии» журналында жарық көрді.

10-13 қазан 2012 жылы International Conferensie on Education and Educational Psychology(UCEEPSY 2012) Antalya Tyrkey – психологиядан  халықаралық конференцияға

«Research of Formation of Personal- ProfssionalGapacities at Higher Education institutes Students of Pedaqoqical Specialties»,«Research ofSelf- Evaluation of Contemporary Kazakh Adolescents and Adolescents of OiderQeneration»2 мақала жіберіп, конференция жинақтарында жарық көрді. Бұл мақалалары  THOMSON REUTERS кіретін жоғары импакт факторлы Procedia – Social and Behavioral Sciencts 69 (2012)1174-1177 журналында жарияланды.

2013 жылдың қыркүйек айынан бастап, қазіргі уақытта  «Арнайы педагогика» кафедрасының меңгерушісі болып  қызмет атқаруда.

Байланыс телефоны:   +7 705 900 47 61; +7 707 886 98 54

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support