ТАРМПИ РЕКТОРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ДАЛА ИНТЕРВЬЮ ПРЕДСТАВИТЕЛЯМ РЕСПУБЛИКАНСКИХ СМИ (TARSPI_NEWS) // ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (TARSPI_NEWS) // НАКАНУНЕ ДНЯ НЕЗАВИСИМОСТИ НАГРАЖДЕНЫ СОТРУДНИКИ ИНСТИТУТА (TARSPI_NEWS) // «ТАРМПИ МЕКТЕПТЕ» АКЦИЯСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // АКЦИЯ «ТАРГПИ – ШКОЛЕ» ПРОДОЛЖИЛАСЬ В БАЙЗАКСКОМ РАЙОНЕ (TARSPI_NEWS) // ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // МЕРОПРИЯТИЕ В ПОДДЕРЖКУ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ВСТРЕТИЛАСЬ СО СТУДЕНТАМИ (TARSPI_NEWS) // ЖАЗУШЫ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // ПРОШЛА ВСТРЕЧА С ПИСАТЕЛЕМ ЕЛЕНОМ АЛИМЖАНОМ (TARSPI_NEWS)

«География және экология» кафедрасы

5В011600 – География мамандығы бойынша мамандар даярлау 3.08.266-2006ж ГОСО КРЖМБС мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру стандарты, 2004ж. 14 мамырдағы МОН РК №361 бұйрығымен, № 0000207  АА лицензиясы негізінде жүргізіледі.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіне қарасты «Биология және экология» кафедрасы аясында 1993-2000 жылдар аралығында география пәнінен дәріс жүргізілді. Осы жылдарда «Биология және экология» кафедрасын п.ғ.к., доцент М.Н.Мусабаева басқарды.       2001-2004 жылдар аралығында г.ғ.к., доцент Ф.М.Темереева кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

Ал, 2004 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институты құрылған кезде «География және экология» кафедрасының да ірге тасы қаланып, 050116 – «География» мамандығын жеке дайындау жүзеге асырылды.  Алғаш құрылған жылдарда кафедра меңгерушісі болып г.ғ.к., доцент Ф.М.Темереева бекітілсе, ал 2006 жылдан г.ғ.к., доцент С.С.Амандосова басқарады.

Жыл сайын кафедраның оқытушы-профессор құрамы ғылыми дәрежелі оқытушылармен толықтырылуда. С.С.Амандосова г.ғ.к., доцент, Ш.М.Бахтыбекова п.ғ.к., доцент м.а., А.Қ.Даменова п.ғ.к.,доцент м.а., Л.С.Нурабаева п.ғ.к.,  г.ғ.к. М.К. Ешмаханов, Ж.Д.Керимкулова педагогика және психология магистрі, Н.Таджикулова география магистрі, Д.Б.Тлегенов педагогика және психология магистрі,   Л.Т.Байкеева экология магистрі. Білікті оқытушылар Е.У.Жорабеков, Л.С.Байсеркеева, Н.Ж.Абдикеримова, Н.Л.Ибраимов білімгерлерге  сабақ береді.  География мамандығы бойынша 2012-2013 оқу жылында 193 студент білім алуда.

Барлық оқытушы-профессор құрамының базалық білімі бар. Оқытушылардың барлығы 100 % - қазақ тілінде сабақ жүргізеді.

«География және экология» кафедрасының меңгерушісі –

Амандосова Светлана Сейдуалықызы

Амандосова Светлана Сейдуалықызы 1977 жылы орта мектепті бітіріп, С.М. Кирова атындағы ҚазМУ-не оқуға қабылданды. 1982 жылы жоғарыда аталған университетті тәмамдап, оқытушы-географ біліктілігі берілді.

1991 жылы «ДТИЛПП» ЖОО-да «инженер-экономист» мамандығы бойынша оқуды аяқтады. 1982 – 1998 ж.ж. аралығында Жамбыл облыстық атқару комитеті жанындағы экономикалық жоспарлау басқармасының бас маман ретінде қызмет атқарған. 1999 жылдан 2004 жылға дейін М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің «Биология және география» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет жасады.

2004 – 2006 ж.ж. аралығында ТарМПИ-нің «Тарих-география» факультеті, «География және экология» кафедрасында аға оқытушы, 2006 жылдан кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.

С.С. Амандосова ғылыми-теориялық деңгейін үнемі жоғарылатып отырады, оны жарияланған мақалаларынан көруге болады. 2010-2012 оқу жылы аралығында 30 мақаласы жарық көрген.

С.С. Амандосова, г.ғ.к., доцент ҚР БжҒМ-нің эксперттік тексеру комиссияларының мүшесі, ҚР БжҒМ-нің ғылыми жобаларды бағалау, талдау комиссия мүшесі, «Дарын» мектебі мен «Қазақ-түрік лицейі» оқушыларының ғылыми жобаларының жетекшісі, Халықаралық, Республикалық ғылыми конференциялар мен ғылыми баслымдарда жарияланған мақалалар авторы, «ТарМПИ-нің құрылғанына 45 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған.

 

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support