ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)



ТАРИХ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 62. № 1 оқу ғимараты. Жамбыл даңғылы, 16 А (блок А), № 5 оқу ғимараты.

Деканат телефоны: +7 (7262)-45-41-73

ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының тарих-география факультеті 2004 жылдың 1 қыркүйегінде құрылды. Факультет 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Тарих және әлеуметтік педагогика факультеті болып өзгерді. Осы жылдар белесінде факультеттен мыңдаған түлек бітіріп шықты. Қазіргі кезде факультеттегі 5 кафедра 5 мамандық бойынша еңбек нарығындағы сұранысқа толық сай мамандар дайындайды.

Дүниежүзі тарихы, экономика және құқық кафедрасы 2013 жылы 29-шы тамызда институттың Ғылыми кеңес шешімімен Экономикалық теория және құқықтық ілімдер кафедрасы мен  Тарих және тарихты оқытудың әдістемесі кафедраларын қосу нәтижесінде ұйымдастырылды. Кафедра миссиясы  тарихи, экономикалық және құқықты білім беру үдерісін жаңғырту, сапасын арттыру және бәсекеге қабілетті маман даярлау. Философия және толеранттылық кафедрасы қазіргі заманның педагогикалық технологияларын және оқытудың жаңа әдістерін қолдану және енгізу мақсатында жұмыс істеуде. Қазақстан тарихы кафедрасы Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңына, үкімет пен ҚР Білім және Ғылым министрлігінің қаулыларына, институттың ұзақ мерзімге арналған даму ережесіне, институт пен факультеттің ғылыми Кеңестерінің шешімдеріне сәйкес Қазақстан тарихы мамандығы бойынша тарих факультетінің қазақ, орыс бөлімдерінде бакалаврлар даярлауды қамтамасыз етеді. Арнайы педагогика және Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедралары болашақ педагог кадрларды даярлайды.

МИССИЯСЫ

Бәсекеге қабілетті білікті мамандарды, әлеуметтік және азаматтық жауапкершілікке ие, қазіргі нарық пен халықаралық стандарттар талабына сай етіп даярлау факультеттің негізгі миссиясы болып табылады. Факультет – аймақтың индустриалды-инновациалық дамуы мен еңбек сұранысын қанағаттандыратын, баланың жеке дамуы мен қалыптасу мәселесін шешуде шығармашылықпен шешім қабылдауға қабілетті жоғары деңгейдегі – жаңа формация педагогын дайындауды қамтамасыз етуді жүзеге асыруға қызмет етіп келеді. Бүгінгі жас ұрпақтың бойына орнықты білім беруді мақсат тұтқан тәуелсіз еліміздің ертеңін тек жаңаша ойлай алатын, уақыт өзгерісіне сай парасат-пайымы, білімі бар, жарқын жолға түскен, кәсіби білікті маман даярлау біздің міндетіміз.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Факультетте 2 ғылым докторы, профессор: Д.П.Қожамжарова,  Қ.Б. Турдалин; 20 ғылым кандидаттары, доценттер: З.С.Тоқбергенова, Б.А.Джурсунбаев, В.Т.Полякова, Ж.Исахметұлы, Б.О.Мырзабеков, Г.А.Гизатулина, С.Т.Таубаева, И.А.Яхияев, Р.Е.Жүншеев, Г.Нуридин, С.Алимбаева, С.С.Амандосова, Ш.М.Бахтыбекова, А.Қ.Даменова, Г. М. Зарубаев,  Л.Нұрабаева, З.С.АбдирасиловаО.М.Қоңыратбаев, Ш.Е. Альпеисова, А.А. Наурызбаева; 1 доцент: О.С.Тукенов; 18 ғылым магистрлері: Ж.Керимкулова, Н.Таджикулова, Л.Байкеева, Н.Тулекова, Г. А. Абдуразакова, Р. К. Мырзаханов,  Т. Ибрагимов, А.С. Еспанова, Қ.Сайдсултанова, К.Шолпанкулова, Р.Қ.Қожымбетова, Ә.Қ.Садыкова, К.Абдрахманова, Қ.Қонысбекова, А.Абилова, Г.К. Мусабекова, С.Мержанов, Е.Байболов және жоғары білікті мамандар: А.Ізтілеуов, Б.Танатаров, Г.Т. Төлегенова,  М.Дауытбаев, П.Махашова, Б.Т.Козыкеева, М.Б.Мынбаева жұмыс атқарады.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Оқытушылар халықаралық конференция, симпозиум мен коллоквиумның белсенді мүшелері. Соңғы жылдарда олар Германия, Ұлыбритания, Ресей, АҚШ-та дәріс пен бағдарламаларын оқыды.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Заманауи технологиямен жабдықталған «Ж.Баласағұн атындағы Түркістан өлкесінің тарихын зерттеу орталығы», «Жерұйық» этно-бөлмесі, «Электронды оқу залы» (1-этаж), «Т.ғ.д., профессор Ж.Қ.Боданов» (1-303), «Т.ғ.к., профессор Ш.Адилов» (1-302), «Халық  қаһарманы Ғ.Байтасов» (1-405) атындағы кабинеттер бар. Факультет қызметкерлері институттың қоғамдық, мәдени өміріне белсенді атсалысады. Әр жыл сайын түрлі бағытта ұйымдастырылып отыратын іс-шараларда жоғары деңгейде көрініп келеді. Орта білім беретін оқу орындарының мұғалімдеріне факультет оқытушылары инновациялық технологияларды қолдану арқылы мастер-класс және семинарлар өткізеді. Факультеттің интербелсенді тақталары, компьютерлері, лингафондық, Microft Power Point слайдтарын көрсетуге арналған LSD проекторларымен жабдықталған дәрісханалары бар. Факультет жаһандық компьютерлік ғаламтор желісіне қосылған. Қажеттілігіне қарай студенттер жатақханамен қамтамасыз етіледі.

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Біздің түлектер мемлекеттік үлгідегі диплом алады. Олар министрлікті басқару аппараттары мен ведомстволарда, ғылыми мекемелерде, жоғарғы және орта білім беру жүйесінде жұмыс істейді. Факультет студенттері республикалық пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды. 2012 жылы ТарМПИ студенттері «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекттік университетінде өткен республикалық олимпиадада ІІІ орынға ие болды, 2013 ж. Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік унверситетінде V Республикалық студенттер олимпиадасында «Тарих» мамандығының студенттер құрамы ІІІ орын алды. Факультет білімгерлері республикалық пән олимпиядаларында жүлделі орындарға ие болуда. Атап айтқанда, Абай атындағы ҚазҰПУ-де жоғары оқу орындары студенттерінің арасында «Тарих» мамандығы бойынша VII республикалық пәндік олимпиадасында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының білімгерлері жеңімпаз атанды. Сонымен қатар, жас ғалымдарымыз өздерінің зерттеулерінің нәтижесін аймақтық және республикалық ғылыми конференцияларда ұсынады. Әрдайым ғылыми басылымдарын, мақала, тезис, оқу-методологиялық құралдарын жариялайды.

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

5В011400 Тарих (Дүниежүзі тарихы);

5В011500  – Құқық және экономика негіздері (Дүниежүзі тарихы);

- 5В012300  – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану (Биология);

- 5В010500  – Дефектология (Биология);

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support