Қосымша педагогикалық білім беру факультеті
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Қосымша педагогикалық білім беру факультеті

Қосымша педагогикалық білім беру факультеті

Институт қабырғасында талантты да дарынды студенттерге ерекше көңіл бөлінеді. Олардың жан-жақты дамуына, бойындағы ән айту, жеке халық аспаптарында ойнау, би билеу т.б. қасиеттерін аша білу мақсатында 2005 жылдың 29 тамызында институттың Ғылыми Кеңесі шешімімен Қосымша педагогикалық білім беру факультеті құрылып, бөлімдер мен секция жұмыстары жеке және топтық үйірме түрінде ұйымдастырылды. Бұл факультет студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытатын орталық болып саналады. Факультет шығармашылық кадрларды қоғамдық мекемелер мен әуесқой бірлестіктерге дайындайды. Факультет шаралары типтік оқу жоспары бойынша бағдарламалармен және әдістемелік көмекпен,  ЖОО-ның тәрбие ісі кеңесімен атқарылады. Факультеттегі оқу мерзімі таңдаған бөліміне байланысты 1 жылдан 3 жылға дейінгі мерзімді қамтиды.  Қосымша білім беру факультетінде әрбір білімгерге ЖОО-да оқу мерзімі аралығында бір немесе бірнеше қосымша мамандық алып шығуына мүмкіндік туғызады, оқу жылының соңында білімгерлерге арнайы үлгідегі «куәлік» беріледі.

Факультет деканы Максименко Владимир Семенович.

Қосымша педагогикалық білім беру факультетіндегі оқытушылар: А.Елшібеков, С.Байсеитова, Ж.Гаазе, Х.Караматуллаева, А.Карибаева, С.Ахметов, А.Махашова, М.Жылгельдинова,  Ж.Устемирова,  Р.Гученко, А. Тращенко.

Факультетте құрылған бөлімдер:

1.    Халықтық аспаптар бөлімі

2.    Эстрадалық және үрмелі оркестр бөлімі

3.    Халық жән қазіргі заман биі бөлімі

4.    Мәдениет және тұрмыс бөлімі

5.    Театр бөлімі

6.    Компьютерлік дизайн бөлімі

7.    Бейнелеу және безендіру бөлімі

8.    Вокал бөлімі

9.    Жас лектор бөлімі

10.  Экономика және құқық бөлімі

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқып жүріп, қосымша педагогикалық білім беру факультетінде төмендегі Қазақстан эстрадасының жұлдыздары дәріс алған:

  1. Бейбіт Сейдуалиева
  2. Тахмина Әшімбекова
  3. Дана Махамбаева
  4. Иван Бреусов («101» тобы)
  5. Бүркіт (Айбек Жансеитов)
  6. Құралай Раимова
  7. Динара Дихамбаева
  8. Асель Уашева (Алматы мемлекеттік консерваториясының студенті) т.б.

Факультет деканы Владимир Семенович Максименко 1948 жылы Талдықорған облысында туылған. 1975 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институтын бітірген. Қоғамдық мамандықтар факультетінің «Эстрадалық оркестр жетекшісі» бөлімін бітірген. Әскер қатарында БССР-ң Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, композитор Э.Казачковтың жетекшілігімен Штаттық әскери оркестірде кларнетист қызметін атқарған. Атақты дирижер, композитор О.Л.Лундетрэмнен тәжірибе алған.

2008 жылы Шымкент қаласында өткен фестивальде «Жібек Жолы» оркестірі Ресейдің халық әртісі И.Бутманмен өнер көрсетті. В.Максименко жетекшілік ететін «Жібек Жолы» оркестрі «халықтық» атағына ие болды.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support