«ТАРМПИ ҰЖЫМЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ПЕН ЕСІРТКІ БИЗНЕСІНЕ ҚАРСЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ЖИЫН ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЛО МЕРОПРИЯТИЕ НА ТЕМУ «КОЛЛЕКТИВ ТАРГПИ ПРОТИВ КОРРУПЦИИ И НАРКОБИЗНЕСА» (TARSPI_MEDIA) // «ТАРМПИ МЕКТЕПТЕ» АКЦИЯСЫНА 3 МЫҢНАН АСТАМ МЕКТЕП ОҚУШЫСЫ ҚАТЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // В АКЦИИ «ТАРГПИ – ШКОЛЕ» ПРИНЯЛИ УЧАСТИЕ БОЛЕЕ 3 ТЫСЯЧ ШКОЛЬНИКОВ (TARSPI_MEDIA) // ИНСТИТУТ ҰЖЫМЫ АҒА БУЫН ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ (TARSPI_MEDIA) // КОЛЛЕКТИВ ИНСТИТУТА ВСТРЕТИЛСЯ С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ СТАРШЕГО ПОКОЛЕНИЯ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ ҚҰРАМА КОМАНДАСЫ ВОЛЕЙБОЛДАН ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ (TARSPI_MEDIA) // СБОРНАЯ КОМАНДА ТАРГПИ – ПОБЕДИТЕЛЬ СОРЕВНОВАНИЯ ПО ВОЛЕЙБОЛУ (TARSPI_MEDIA)



Сырттай және қашықтан білім беру факультеті

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының сырттай білім беру факультетінің негізі 1967 жылдың 1 маусымындағы ҚазССР жоғары және арнаулы орта білім беру министрлігінің бұйрығымен ашылған Жамбыл педагогикалық институтында қаланды.

1967-1969 жылдар аралығында сыртқы бөлімнің білімгерлері, күндізгі бөлімдегі филология және физика-математика факультеттерінің құрамында болды. 1969 жылы Жамбыл педагогикалық институтының құрамынан сырттай оқытатын бөлім ұйымдастырылып, «Математика», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі мен әдебиеті» мамандықтары бойынша 1-ші курсқа 100 білімгер қабылданады.

ҚазССР жоғары және арнаулы орта білім беру Министрлігінің 1970 жылдың 30 наурыздағы №294 бұйрығымен Жамбыл педгогикалық институтында ашылды. Деканат штаты 20 сәуірде жинақталып, осы күннен бастап сырттай білім беру факультеті жұмыс істеп келеді.

1969-1970 оқу жылында сырттай білім алушылар 827-ге жеткен (математиктер - 536, филологтар - 291). Факультеттің математика бөлімінде 123 білімгер, 2 курста 139, ал 1-ші курста 172 білімгер оқыды. Факультетте сабақ үлгерімі 72%-ды құрады. Сол кезеңде факультетте 7 кандидат және 48 аға оқытушы қызмет етті. Олар: доцент Адилов Ш.А. (КПСС тарихы), доцент Хон К.Е. (педагогика тарихы), доцент Василенко С.А. (современный русский язык), к.ф.н. Таубаев Т.Т. (элементарная математика), доцент Мылтықбаев Р.М. (КПСС тарихы).

1972-1973 оқу жылдары сырттай білім беру факультетінің екі бөлімінде: а) филология бөлімінде (орыс тілі мен әдебиеті, орыс тілі мен әдебиеті қазақ мектептерінде) - 467, математика бөлімінде (қазақ және орыс топтары) - 552, жалпы саны - 1019 білімгер оқыды. Факультетте сабақ үлгерімі 80%-ды құрады. Бұл жылы сыртқы бөлімге «Математика», «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқымайтын мектептердегі орыс тілі» мамандықтары бойынша бірінші курсқа 100 білімгер қабылданды. 1972 жылы сыртқы бөлімді бірінші бітірушілердің саны 82 адам болды.

1972 жылы факультет бірінші рет 82 түлек шығарды. Осы уақыттарда факультетте 11 ғылым кандидаттары мен доценттер қызмет етті: э.ғ.к., доцент Турдалин К.Б., т.ғ.к., доцент Адилов Ш.А., т.ғ.к., доцент Киселев Ю.П., ф.ғ.к., доцент Девицкий И.И., п.ғ.к., доцент Сарыбеков Н.С., п.ғ.к., доцент Хон К.Е., т.ғ.к., доцент Мылтықбаев Р.М. Сонымен бірге факультетте институттың 55 аға оқытушысы жұмыс атқарды.

Он жыл ішінде факультет 1790 математика және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін даярлады.

1982 жылдың 20 желтоқсандағы мәлімет бойынша факультетте 812 білімгер.

Кафедралар, деканат, ректорат  мәжілісінде, институт Кеңесінде сырттай бөлімдегі оқу, тәрбие және әдістемелік жұмыстар мен оқытушы кадрларды өндірістен қол үздірмей  оқыту сапасы туралы талқыланып отырды.

Осы жылдары сырттай оқыту түрі бойынша әдістемелік секция жұмыс жасап, оған Хон К.Е. төрағалық етіп, Шпак Л.К., Омаров Т.О., Мадраимов А.С., Жусипов К.Ж. комиссия мүшелері болды.

1984-1986 ж.ж. қазақ тілі мен әдебиеті, дене тәрбиесі мамандықтары, ал, 1994ж. музыкалық білім, хореография, кәсіптік оқыту, бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі, мектепке дейінгі бала бақша тәрбиешілерін дайындау, ал 2004-2009 ж.ж. химия, тарих, география, бастапқы әскери дайындық мамандықтары ашылды.

Факультетті әр жылдары п.ғ.к., доцент К.Е.Хон мырзадан бастап, к.ф-м.н. Таубаев Т.Т., Сарыбеков Н., т.ғ.к. Шпак Л.К., т.ғ.д., профессор А.Б.Абдуалы, т.ғ.к., доцент Б.Жүніс, т.ғ.к., доцент Б.Мырзабеков, п.ғ.д., профессор  Р.С.Амандосова сынды білікті мамандар басқарды.

2012-13 оқу жылынан факультетті т.ғ.к. Р.Е.Байлыбеков басқарып келеді.

1979-80 оқу жылдары сырттай бөлімде 1053 білімгер оқыды. Оқу процесін қамтамасыз етіп отырған 115 оқытушының 34-і кандидаттар мен доценттер. Олардың ішінде: Сивкова Н.Ф., Саимкулов З.А., Жусипов К.Ж., Бегалиев Т.Б., Понеделко Т.П. т.б. болды.

Факультет қазіргі кезде орта білім негізі бойынша 23, арнайы орта білім негізімен 23 бағытта және жоғары білім негізімен 26 бағытта педагог-мамандар даярлауда.

Сырттай білім беру факультеті институттың ірі құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Факультетте төрт мыңға жуық студенттер білім алуда.

Факультет түлектері:  республикамызға танымал Әшімбекова Тахмина, Таңатаров Досымжан, Мақан Құрмаш сияқты әншілер, Исмаилов Габижан - танымал хореограф, В.Талгаев - «Тараз» футбол клубының бас тренері, Қарауылтегі Тәірбек - Тараз қаласындағы спорт мектебінің директоры, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы, Савченко А. -  Облыстық «Туризм және спорт» басқармасының бастығы (2005) және «Тараз» футбол клубының президенті, Мазбаев Нуркен - «Дубль» жастар клубының бас тренері, Мырзабаев Нурмат - «Тараз» футбол клубының жаттықтырушысы, Тарқынбаев Ғани - «Лашын» футбол клубының директоры, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығында кадет және жасөспірімдер аралығында бокстан әлем чемпионы Жуманбаев Еркебұлан.

Факультет деканы

Мырзабеков Бахыт Ормаханұлы 1955 жылы 18 мамырда Жамбыл облысы Жуалы ауданы Қошқарата елдімекенінде дүниеге келген.

1962 жылы  Талдыбұлақ сегіз жылдық мектебіне барды.

1972 жылы Алматы облысы Күрті ауданы «Балатопар» орта мектебін бітірді. Мектептен соң Т.Бокин атындағы совхозда (Алматы облысы, Күрті ауданы) жұмысшы болып еңбек жолын бастаған.

1973 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетіне түсіп, оны 1978 жылы аяқтаған.

1978-1998 жылдар арасында Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында ассистент, оқытушы, аға оқытушы доцент, кафедра меңгерушісі қызметтерін атқарды.

1984-1985 ж.ж. ҚазҰУ (қазіргі Аль-Фараби атындағы ҚазҰУ) стажировкадан өтті, 1986-1989 ж.ж. аралығында сол университеттің «тарих» мамандығы бойынша аспирантурасын бітірді.

1998-2004 ж.ж. аралығында М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетіне «Қазақстан тарихы» кафедра меңгерушісі қызметін атқарды.

2004-2011 ж.ж. Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында алғашында сырттай «тарих-филология», одан кейін күндізгі «тарих-география» факультеттерінің деканы болған.

2011 жылдың қыркүйегінен бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау Комитеті Жамбыл облысы білім  саласындағы бақылау департаментінің директоры.

1990 жылы тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін қорғаған, 1996 жылдан бастап доцент ғылыми атағы бар.

Үйленген, үш ұл, бес немересі бар.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support