«Кәсіптік оқыту және дизайн» мамандығының тарихы

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

«Кәсіптік оқыту және дизайн» мамандығының тарихы

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» мамандығы 2004 жылы    «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы жанынан ашылып, 2008 жылдың қыркүйек айында «Кәсіптік оқыту» кафедрасы болып жеке құрылды, кафедраның атауы «Кәсіптік оқыту» деп аталды. Ал, 2009 жылы  қыркүйек айында 5В042100 - «Дизайн» мамандығы ашылып, 2010 жылы кафедраның атауы «Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы болып өзгертілді. «5В012000 - Кәсіптік оқыту және 5В042100 - Дизайн» мамандығы бойынша мамандарды  «Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы дайындайды. Кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент А.Е. Жаскиленова. Кафедраның құрамында 5 т.ғ.к., доценттер,  4 аға оқытушы, 3 оқытушы қызмет етеді.

Кафедрада мамандар даярлау екі тілде (орыс және қазақ) жүзеге асырылады. 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы бойынша білім бакалаврының кәсіптік қызмет нысандары:жалпы білім беретін мектептер, лицей, гимназиялар; оқу-өндірістік комбинаты, кәсіптік лицейлер, тұрғындарды еңбекпен қамтамасыз ететін және жұмысшылар мен мамандардың біліктілігін  көтеру және қайта даярлау орталықтары;   орта арнайы оқу орындары, колледждер; кадрларды қайта даярлау және кәсіптік бағдар берудің тұрғылықты және аймақ аралық орталықтары болып табылады.

5В042100 – Дизайн мамандығы бойынша жоғары базалық білім алған мамандар сәулет өнерінің үзінділерін, экспозицияларды, ішкі көріністерді, өндірістік және тұрмыстық заттарды, сырттай бейнелеу коммуникациясы, жарнамаларды жобалауға және көркемдеу жұмыстарын орындауға мамандалады. Мамндықтары бойынша сәйкес келетін шығармашылық жобалау кәсіпорындарында жұмыс істеуге дайындалады. Бітірушілердің кәсіптік қызмет нысаны болып саналады: 050421.01 – Сәулет дизайны: қалалық, ауылдық, саябақтар кешені, кішігірім сәулет түрлері, көгалдандыру және ыңғайландыру элементтері, коммуникацияны сырттай бейнелеу, экспозициялық кеңістіктер, қалалық ортадағы құралдармен жиһаздар.Тұрғын үйлер және қоғамдық ғимараттардың ішкі кеңістіктері, қоғамдық мақсатта қолданылатын жер асты үймереттері, жинақтау, шкі көріністегі бұйымдар мен жиһаздар, көрмелік және сауда экспозициялары, ішкі және сыртқы көріністегі қолданбалы өнер бұйымдарының элеменнтері, ішкі сырттай комуникация.

050421.02 – Графикалық дизайны: сызба белгілері, сауда белгілері, фирмалық стильдер, сырттай бейнелеу, коммуникацияларының жүйелері, иллюстрациялар, кітаптарды көркемдеу, әсемдеп орау, жарнама,  әлеуметтік жарнама, бұқаралық ақпараттардың электрондық және баспа жарнамасы, сыртқы жарнама.

050421.03 – Өндірістік дизайн: үлкен өндірістерде қолданылатын заттар мен бұйымдар және олардың кешендері, аз мөлшерде шығарылатын заттар мен бұйымдар, көлік түрлері, жабдықтар жиһаз. Күнделікті және арнайы киімдердің үлгісін дайындау, тігін бұйымдарының топтық  түрлері, аксессуарлар, тоқыма, сахна костюмдері.

«5В012000 - Кәсіптік оқыту және 5В042100 - Дизайн» мамандығы бойынша оқу процесінің ерекшелігі шығармашылық қызметпен байланысты. Негізгі міндетке: креативтілік, орындаушылық шеберлік, дизайнерлік ойлау, және т.б. қасиеттерді шыңдау қойылады. Оқу процесінің қорытындысы мен бағасы студенттердің шығармашылық процеске қатысуы болып табылады.

Кәсіптік білім ұстазы мамандық салалар бойынша «Тігін бұйымдарын конструкциялау және моделдеу» және «Сәнді қолданбалы өнер»  мамандықтарымен білімгерлер қазіргі уақытта білім алуда. «Кәсіптік оқыту» және «Дизайн» мамандықтарына сапалы және жоғарғы кәсіби білім алу үшін «Тігін шеберханасы», «Көркем безендіру және модельдеу лабораториясы», «Мататану лабораториясы», «Металл өңдеу шеберханасы», «Ағаш өңдеу шеберханасы» және «Дизайн» кабинеті компьютерлермен қамтамасыз етілген. Кафедра жанында Сән студенттік театры бар, оның құрамына 1-4 курс студенттері кіреді. ПО құрамымен жүйелі түрде көрмелік жұмыстар жүзеге асырылады.

«Кәсіптік оқыту» маманы болашақ педагог кәсіби оқытудың ерекшелігін инновациялы білім беру жүйесін  жетілдіруді және білім беру негізінде  тәжірибе нәтижелерін жүзеге асырудың технологиясын меңгереді.

5В012000 - «Кәсіптік оқыту» және 5В042100 - «Дизайн» мамандықтарын дайындауда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты  негізгі базалық оқу орны болып табылады.

МИССИЯСЫ

«Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының миссиясы аймақтың индустриалдық-инновациялық даму міндеттерін, еңбек нарығы талаптарын қанағаттандыратын; баланың жеке тұлгалық дамуы мен оның қалыптасу проблемаларын шешуге шығармашылықпен келетін жогары дәрежелі жаңа тұрпатты мұғалім дайындауды қамтамасыз ету.

Қойылған мақсаттарға жету үшін келесі міндеттерді шешу қажет:

-        Оқыту сапасын жоғарлату;

-        Ғылыми-инновациялық ортаны дамыту, жаңа ақпараттық технологияларын енгізу;

-        Оқытудың кредиттік технологиясы мен оның әдістемелік қамсыздандыруды әрі қарай енгізу және дамыту;

-        Факультет оқытушыларының ғылыми және тәжірибелік біліктілігін жоғарлату.

Кафедраның стратегиялық мақсаттары :

· білім процесі мен ғылыми зерттеулердің сапасын жоғарлату;

· бар қорларды пайдалану тиімділігін жоғарлату;

· қызметкерлердің ғылыми-педагогикалық біліктілігін өсіру;

· оқу үрдісін үйлестіру және стандарттау;

· білім процесі мен ғылыми зерттеулердің материалдық базасын үнемі жаңғырту;

· заманауи және үмітті ақпараттық технологияларын үнемі енгізу және меңгеру;

· оқу жүктемесін оңтайландыру;

· көрсетілетін білім қызметінің спектрін кеңейту;

· орындалатын ғылыми-зерттеу жүмыстары көлемін көбейту;

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

Жаскиленова Айнұр Ермекқызы

Аширбаева Кенжегуль Ахановна

Мулюкова Венера Гайнисламовна

Гаазе Жанат Болатбековна

Жүсіпов Үкен Ахмедияұлы

Бекбергенова Нұргүл Айдархановна

Көшкінбаева Нұргүл Рыспаевна

Жакипбекова Динара Адиловна

Шаринова Гулнур Сайлауовна

Жанкожаева Айнагул Кудайбергеновна

Карабаева Назира Аманбаевна

Имашева Гульмира Шамшибековна

Болмашова Асмира Кенесбековна

ЖАСКИЛЕНОВА АЙНҰР ЕРМЕКҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі


Т.ғ.к., доцент м.а. Жаскиленова Айнур Ермекқызы 2008 жылдың қыркүйек айынан «Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 1994 жылы Жамбыл қаласындағы Жамбыл технологиялық жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтына «Тігін бұйымдарының конструкциясын құрастыру» мамандығы бойынша түсіп, 1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік универнситетін үздік бітірді. 2000 жылы 6N0726-«Жеңіл және тоқу өнеркәсібі тауарлары мен бұйымдарының технологиясы» мамандығы бойынша  магистратурасына түсіп,  2001 жылы  үздік бітірген. 2001-2006 жылдары М.Х.Дулати атындағы Тараз мелекеттік университетінің «25.36.00 - Геоэкология» мамандығы бойынша аспирантураны тәмамдаған. 29.09.2006 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мелекеттік университетінің «25.36.00 - Геоэкология» мамандығы бойынша т.ғ.к атағын алу дәрежесін қорғады.  Өзінің көздеген міндеттерін әрдайым орындайды. Әріптестеріне де, студенттеріне де талап қоя алады. Өзінің мамандығы бойынша білімін жүзеге асырады және өз жұмысына сеніммен, жауапкершілікпен қарайды.

Мінезі өте салмақты, қарапайым, тәртіпті, сыпайы және ұстамды.  Өз әріптестеріне,  студенттеріне ұстамдылықпен, жауапкершілікпен қарайды.  Әрдайым өз білімін жетілдіріп отырады.

Байланыс телефоны: +7 701 318 05 18, +7 705 977 03 97

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support