30 НАУРЫЗ КҮНІ ТАРМПИ-ДА «ЖАС ҒАЛЫМ 2017» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ (TARSPI_MEDIA) // 30 МАРТА В ТАРГПИ СОСТОИТСЯ МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ЖАС ҒАЛЫМ 2017» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ СОСТОИТСЯ КОНКУРС ИННОВАЦИОННЫХ ИДЕЙ ПЕДАГОГОВ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТІ «ЖЫЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТ ТАРГПИ – ПОБЕДИТЕЛЬ КОНКУРСА «МАСТЕР ГОДА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ КОНКУРС, ПОСВЯЩЕННЫЙ ПРАЗДНИКУ НАУРЫЗ (TARSPI_MEDIA)



Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Музыкалық білім» кафедрасы Жамбыл педагогикалық институтының  «Педагогика» факультетінде «Бастауыш мектепе оқыту әдістемесі» мамандығы болып ашылып, қазақ және орыс топтарына студенттер қабылданды. 1988 жылы «Бастауыш сыныпты оқыту әдістемесі» кафедрасында бірінші білім беру үрдісі жүрді. Ол мамандық, яғни «Бастауыш сыныпты оқыту, қосымша музыкамен» деген мұғалім   дайындаумен  басталып, алғаш бастамасында оқытушы Р.Р.Искаков  кафедра меңгерушісі болды. 1990-1991 оқу жылдарында екі тілде оқытылуына  байланысты  /қазақша және орысша/  бөлінді.  Ол кафедра «Музыка теориясы және хорды дирижерлау» деп аталды.  Қазақ тілінде  оқылатын топтарға қатысты кафедраны  Б.К.Көшербаева және орыс топтарына қатысты  кафедраны Р.Р.Искаков меңгерді.   1994 жылы кафедра музыка мұғалімін дайындауымен бөлек кафедра болып құрылды. Кафедра алғаш ашылғалы  кафедра меңгерушілікті: доцент Б.К.Көшербаева, Р.Р.Искаков, өнертану кандидаты, доцент П.Ш.Шегебаев, ҚР мәдениет қайраткері, доцент Е.Х.Рысметов, М.Ешмаханов,  2014 жылдан аға оқытушы Ж.Ж. Баймолдаева кафедра меңгерушісі қызметін атқаруда.  Кафедраның алғашқы ашылу жылдары /1988-1998ж./ облыстың тәжірибелі музыкалық білім беру саласының мамандары Р.Р.Искаков, Б.К.Көшербаева, П.Шегебаев,Т.Ә.Желдібаев, Ж.Ж. Баймолдаева, Г.Оразалиева, Л.И.Камалов, А.Мұстафаев,  З.Т.Ибраева, П.Н.Юнусов, В.Коновалова, С.А.Жантаев, М.К. Жантаева, Н.М.Асылбеков, Ж.Жомартова, Р.Д.Апсаматова, Н.В.Хан т.б. кафедрада ұстаздық етті.    Кафедраға 1998 жылдан бастап  А.Ш. Молдыбаев, Е.Х.Рысметов, С.Б.Маманова, С.Б.Бейсеуов, Б.К.Құлмамбетов, Е.Г.Савинкова, Л.А.Березовая сынды   кәсіби музыка өнерінің майталмандары қосылды. Кафедра Қазақстан Республикасының оңтүстік аймағын музыкант-педагог кадрлармен қамтамасыз етіп келеді. «Музыкалық білім» мамандығының түлектері орта білім мектептерінде, лицейлерде, шығармашылық орталықтарда, мәдени басқармаларында және жоғарғы өнер оқу орындарында қызмет етуде. Студент жалпы білімдермен қоса музыкалық білімдерді терең игеріп шығады. Көптеген пәндер студентпен жеке сабақ түрінде жүргізіледі. Педагогтық біліммен қоса студент үш музыкалық аспаптарда (негізгі музыкалық аспап, қосымша және жалпы музыкалық аспап) ойнауға шеберленеді.

«Музыкалық білім» мамандығы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттікте мамандандырылған аттестация аясында 5В010600-«Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы өзін-өзі бағалау бойынша 2014жылдың желтоқсан айында аккредитациядан табысты өтті және Аккредитациялау комитетінің шешімімен 5 жылға аккредитацияланды.

Кафедрадағы профессор-оқытушылар құрамында: Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері», композитор, күйші доцент А.Ш.Молдыбаев, Қазақстан Республикасының білім беру үздігі, доцент С.Б.Бейсеуов, Республикалық «Дәулеткерей»  атындағы бірінші музыкалық аспаптар конкурсының дипломанты, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» доцент Е.Х.Рысметов, Қазақстан Республикасының «Мәдениет қайраткері» доцент  С.С.Жанпейсова, Қазақстан Республикасының  еңбек сіңірген әртісі М.Рахымжанова, п.ғ.д., профессор Р.Р.Джердемалиева, аға оқытушылар Ж.Ж. Баймолдаева, С.А.Жантаев, М.К. Жантаева, С.Құрмантаева дәріс береді. Мамандықтың үздік түлектері, педагогика және психология магистрлері оқытушылар С.Т.Нұрманова, П.Ж.Абдикеримова, А.Р. Юсупова Л.Р.Еспаева кафедрада қалып ұстаздық қызметтерін атқаруда. Кафедра концертмейстерлері: А.А.Болагутина, Н.В.Ким.

«Музыкалық білім» мамандығының түлектері: Республикалық «Жігер» байқауының лауреаты,  Құрманғазы атындағы Алматы консерваториясының профессоры Дүйсенбек Өміралиев, Халықаралық Мальтада өткен эстрадалық ән байқауының лауреаты Тахмина Әшімбекова, Қазақ эстрадасының жұлдыздары Құрманбай Мақанов, Досымжан Таңатаров, Саят Медеуовтар, Республикалық «Жас толқын» байқауының лауреаты Дана Маханбаева, Республикалық «Жас қанат» байқауының лауреаты Бейбіт Сейдуалиева, Жамбыл  өңірінің танымал сазгері Сәрсенбек Бәкір, Жамбыл облысының жастар «Алатау» ансамблінің жеке әншісі Ғани Мәтібаев, Мадина Сағымбекова, өңірлік жас сазгер Жандос Омаров, Халықаралық ІІІ-ші Ш.Қалдаяқов атындағы байқауының лауреаты Фариза Досболова, Халықаралық Дельфі ойындарының алтын медаль иегерлері Әсель Уашева, Құралай Райымова. Облыстық филармонияның солистері Әлібек Молдыбаев, Акжол Бейшен, Орынбасар Ақтөре, Түлбаева Жанар есімдері мақтанышпен аталады.

Сонымен қатар, Республикалық «Жас толқын» байқауының лауреаты, Жамбыл облысы әкімінің Жастар шығармашылық гарантының иегері М.Самылтыров, Республикалық ретро әндер байқауының лауреаты Динара Диханбаева, «Қазақша караоеке» Республикалық байқауының лауреаты Ш.Орманқұлова, «Тараз аруы- 2008» байқауының жеңімпазы Н.Шаймерденова және т.б. «Музыкалық білім» кафедрасынан білім алып, қазіргі уақытта мамандығы бойынша республикалық және облыстық қазақ жастар музыка өнері саласында еңбек етуде.

Мамандық студенттері орындаушылық шеберлігін, кәсіби тәжірибелік және тәрбие жұмысын «Көне Тараз» фольклорлық ансамбльге қатысу арқылы шыңдап жатады. Бүгінгі күні бұл ансамбль халықаралық (Украина-2005ж., Турция 2006ж., Германия -2007ж., Франция-2007ж., Израиль-2008ж., Польша -2013) Республика көлемінде (Алматы,Астана, Шымкент) де көлемінде үлкен сұранысқа ие, себебі институттың бетке ұстар «Көне Тараз» фольклорлық ансамблі осы оқу орнының халықаралық, Республикалық, қалалық, облыстық шығармашылық іс-шараларының барлық жұмыстарына қатысып белсенділік көрсетуде. «Көне Тараз» өнер ұжымы жоғары көркем орындаушылық деңгейі мен шеберліктері үшін 2007 жылы мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың бұйрығымен (№56. 27.02.07). «Халықтық» құрмет дәрежесіне ие болды. Ансамбльдің жетекшісі ҚР мәдениет қайраткері, доцент Е.Х.Рысметов.

Кафедрада мамандық білімгерлерінің концерттік шығармашылық жұмыстар арқылы дайындықтарын жетілдіру мақсатында «Студенттік хор», «Жалынды жастар»  жетекшісі Ж.Ж. Баймолдаева, «Студенттік оркестр» жетекшісі доцент С.Б. Бейсеуов, «Көне Тараз» фольк-ансамблі, жетекшісі  доцент  Е.Х. Рысметов, вокалдық-аспаптық ән орындау ансамблі «Асыл Арна»,  жетекшісі оқытушы С.А. Жантаев  үйірмелері жұмыс істейді.

МИССИЯСЫ

«Музыкалық білім» кафедрасының миссиясы – бірыңғай музыкалық-педагогикалық және әлеуметтік ортаны құру, бұл ортада Қазақстанның дамып келе жатқан экономикасы жағдайында қойылған міндеттерді кәсіби, өз бетінше және тиімді шеше алатын жеке тұлға қалыптастыру.

Кафедраның стратегиялық мақсаты  - бәсекеге қабілетті, кәсіби-құзырлы және отан сүйгіш мамандарды әлемдік стандарт негізінде дайындауға бағытталған  оқу-тәрбие үдерісі мен оның материалдық базасын дамыту.

Міндеттері:

- Болашақ педагог-музыканттарды дайындау сапасын диверсифициалды дамыту мақсатында оқу үдерісіне қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды, әдістер мен музыкалық білім беру тәсілдерін енгізу;

- Кафедра оқу-әдістемелік зертханаларын алдыңғы қатарлы сертификатталған бағдарламалармен қамтамасыз ету және жабдықтау;

- Кафедраның професор-оқытушылар құрамының ғылыми-инновациялық қызметіндегі кәсіби біліктілігі мен құзырлығын көтеру;

- Жұмыс берушілердің мамандар дайындаудың сапасына жоғары дәрежеде қанағаттануы үшін жағдай жасау;

- Тәрбие жұмысын, жастардың азаматтық белсенділігі мен патриоттық тәрбиесін жетілдіру.

Кафедра дамуының перспективалары: кафедраның оқу-тәрбие үдерісін жаңғырту үшін жаңа құзырлық тәсілдерді қалыптастыруға бағытталған инновациялық білім беру бағдарламалары мен жобалар дайындау.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

1.Баймолдаева Ж.Ж. – зав. кафедрой

2.Рысметов Е.Х. – доцент

3.Малдыбаев А.Ш. – доцент

4.Құлмамбетов Б.К. – доцент

5.Бейсеуов С.Б. – доцент

6.Рахымжанова М. – доцент

7.Жантаева М.К. – ст.преподаватель

8.Көшербаева – преподаватель

9.Құрмантаева С.Ж.– ст.преподаватель

10.Нурманова С.Т. – ст.преподаватель

11.Абдикеримова П.Ж. – ст.преподаватель

12.Жантаев С.А. – преподаватель

13.Еспаева Л.Р. – преподаватель

14.Көшербаева Б.К.- оқытушы

БАЙМОЛДАЕВА ЖАМАЛ ЖӘДІКҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Баймолдаева Жамал Жәдікқызы  24.03.1967 жылы туылған. 1987-ші жылы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының  музыкалық педагогикалық факультетін  «Музыка  пәні мұғалімі» мамандығы бойынша бітіріп, 1987-1989-шы жылдары Жамбыл облысы, Луговой ауданының Ворошилов атындағы үлгілі орта мектептің «Музыка пәні мұғалімі»  болып істеді. 1989-шы жылдан бастап Жамбыл педагогикалық институтына «Музыка жүргізу әдістемесі» кафедрасының оқытушысы болып қабылданып, бүгінгі күнге дейін «Музыкалық білім» кафедрасында аға оқытушы қызметін атқарады. Жалпы педагогикалық өтілі - 27 жыл, жоғарғы оқу орнында - 25жыл. «Музыкалық  білім берудің тарихы, теориясы мен әдістемесі» 2002 ж. «Жаңа тұрпатты мұғалімдерді дайындау мақсатында оқытуды ұйымдастыру және оның технологияларын жетілдіру» 2008 ж. «Кредиттік технология арқылы оқыту жағдайында жоғары мектеп дидактикасының мәселелері» 2009 ж. «Подготовка внутренних аудитов системы менеджмента качества образовательных организаций»2011 ж. «Сапа менеджмент жүйесінің ішкі аудиторына кандитат мамандығы» 2011  ж. «Музыкалық білім және өнер магистрлерді дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері». Т.Жүргенов атындағы Казақтың ұлттық өнер академиясы /72 сғат/ 2013 ж., «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының ЖОО педагогикалық мамандықтарының оқытушыларының біліктілігін арттыру /240 сағат/ 2014 ж. Cеминар по ресурсам Thomson Reuters для научных исследовании по темам: «Платформа Web of Science», «Jornal Citation Reports», «Enol Note – on line»2014ж. біліктілігін көтеру курстарын өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған  Нұр Отан партиясының Алғыс хатымен, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық бірлестігі халықтар арасындағы достық пен ынтымастықты нығайта отырып, еліміздің өркендеуі жолында, жас ұрпаққа саналы білім, сапалы тәрбие берудегі, ұйымдастырушылық, іскерлік қабілетін жоғары бағалап «Ыбырай Алтынсарин» 2014ж медалімен марапатталған.

Ж.Ж. Баймолдаева 27 ғылыми мақалалардың және 7 оқу-әдістемелік құралдардың авторы. Кафедрада «Жалынды жастар» және «Студенттік хор» үйірмелерін жүргізеді. Тармпи студенттер хорының «Ән көңілім ажарым, Егеменді елім ғажабым» атты шығармашылық есеп концерттік бағдарламасын 2013ж. берді. Ғылыми жетекшілік еткен студенттері Шыңғыс Ревшенов МИП-29-1, Айгүл Утепбергенова МИП-10-1, Республикалық білімгерлер ғылыми-зерттеу байқауында ІІІ орынды иеленді. «Тармпи Үздік тәлімгері» 2010ж., 2011ж.

Байланыс телефоны: +7 701 400 38 31

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

  1. Баймолдаева Ж.Ж. – зав. кафедрой
  2. Рысметов Е.Х. – доцент

3. Малдыбаев А.Ш. – доцент

4. Құлмамбетов Б.К. – доцент

5. Бейсеуов С.Б. – доцент

6. Рахымжанова М. – доцент

7. Жантаева М.К. – ст.преподаватель

8. Көшербаева – преподаватель

9. Құрмантаева С.Ж.– ст.преподаватель

10. Нурманова С.Т. – ст.преподаватель

11. Абдикеримова П.Ж. – ст.преподаватель

12. Жантаев С.А. – преподаватель

13. Еспаева Л.Р. – преподаватель

14. Көшербаева Б.К.- оқытушы

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support