«Мәдени-тынығу жұмысы және Хореография» кафедрасы
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

«Мәдени-тынығу жұмысы және Хореография» кафедрасы

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Хореография» мамандығы 2000 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің «Музыкалық білім» кафедрасы базасында ашылды. Бұл мамандық 2004 жылы Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтында жалғасын тапты. 2008 жылы  «Хореография»  кафедрасы жеке  ашылып, 5В040900 «Хореография»  мамандығы бойынша мамандар шығарыла бастады. Кафедра  меңгеруші қызметін Құрымбаева Ж.М. атқарды.

Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Хореография» мамандығы «Музыкалық білім» кафедрасы  жанынан 2000 жылы ашылды.

«Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы 2010 жылы «Бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі» кафедрасы жанынан ашылды. 2011 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасына ауыстырылды.

«Мәдени тынығу жұмысы және хореография» кафедрасы 2012 жылы факультеттегі  5В040900- «Хореография »және 5В09600 «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы сияқты екі шығармашылық мамандықтардың бірігуімен құрылды.  (Ғылыми кеңес отырысының 2012 жылдың 28 тамызындағы №1 хаттама шешімімен).  Кафедраның меңгерушісі тәжірибелі, білікті маман, педагогика ғылымдарының магистрі, доцент Х.Е. Караматуллаева. Кафедра жоғары дәрежелі ғылыми-педагогикалық кадрлармен қамтылған. Оның құрамында : п.ғ.к., доцент Джылқыбекова Г.Т., «С.I.D.» ЮНЕСКО Халықаралық би кеңесінің  мүшесі, доцент О.Н.Привалова, ҚР мәдениет қайраткері,  доцент  Е.Т.Бимурзаев, «Педагогика және психология» мамандықтарының магистрі, аға оқытушы М.К.Рүстембеков, педагогика ғылымдарының магистрі Х.Е.Караматуллаева, педагогика ғылымының магистрі, доцент  Ж.М.Құрымбаева, педагогика ғылымының магистрі  П.С. Алиева, аға оқытушы Е.А. Фролова, оқытушылар Г.А. Серикбаева, А.О Бердишева, У.У.Карамурзаева, А.Ж.Бекназарова, концертмейстерлер А.Р. Жилкина, Л.Г. Киршнер, лаборант М.Ш.Казыбаевалар жұмыс істейді.

«Хореография» мамандығын бітіруші түлектер шығармашылық ұжымдардың директоры бола алады, педагогикалық колледждерде, өнер мектептерінде, студияларда, ансамбльдерде, мектептерде және т.б. кәсіпорындарда қызмет атқаруына болады. «Хореография» мамандығының түлектері қазіргі кезде шығармашылық ұжымдардың жетекшісі, хореографиялық ансамблінің бишісі болып қызмет етуде. Педагогикалық қызметтері  колледждер, мектепке дейінгі балалар мекемелерінде, хореографиялық ансамбльдерде, қосымша білім беру мекемелерінде  және мектептерде жалғасуда.  Барлық түлектердің  өз мамандығымен  жұмыс жасап жатқандығы,  хореограф мамандығының облыс көлемінде ғана емес, республика көлеміндегі еңбек нарығы сұраныстарына ие екендігін көрсетеді.  Жалпы  кафедра   миссиясы-  жаңа тұрпатты, бәсекеге қабілетті, аймақта, жалпы  еңбек  нарығында  сұранысқа ие, жоғары  білікті мамандарды дайындау болып табылады.

«Хореография» мамандығының түлектері - Серикбаева Г.А. және Бекназарова А.Ж. кафедрамызда оқытушы қызметінде жұмыс істеуде.  Боос Т., Субботина Е., Акбаров Р., Мазур М., Фахретдинова В. сияқты түлектер Алматы қаласындағы «Салтанат» Мемлекеттік ансамблінде биші қызметін атқаруда. Абай атындағы Жамбыл Гуманитарлық колледжінің  «Актер және Хореография» секциясында меңгеруші болып Нұрманалиева А.С., сонымен қатар Сейткулова Г.А., Сулейменова А., Шералиева С. сияқты түлектер оқытушылық қызметте. Гражданкин Дмитрий  «Ю. Никулин атындағы Москва Мемлекеттік циркінде» солист болып еңбек етуде. Жастар арасында «педагог хореограф» шығармашылық мамандығына қызығушылық артуда. Мұны жыл сайын «Хореография» мамандығына келетін абитуриенттер санының өскендігінен байқауға болады. «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығы 2010 жылы «Бастауыш мектеп педагогикасы және әдістемесі» кафедрасы жанынан ашылды. 2011 жылы «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасына ауыстырылып, тек 2012 жылы «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің «Хореография» кафедрасына қосылды. (Ғылыми кеңес отырысының 2012 жылдың 28 тамызындағы №1 хаттама шешімімен «Мәдени тынығу жұмысы және Хореография»  кафедрасы  болып жұмыс істеуде.)  Осы аз уақыт аралығында мамандық бойынша екі рет түлектер дайындалып шығарылды.          «Мәдени-тынығу жұмысы» мамандығын бітіруші түлектер мәдениет және өнер саласы бойынша шығармашылық ұжымдар мен мекемелерге, мәдениет саласындағы бірлестіктерде жетекшілік жасау,  көпшілік – мерекелік қойылымдарды сценарилік-режиссерлік іске асыру, мектеп пен мектептен тыс мекемелер тәрбие жұмыстарын ұйымдастырып басқару, көпшілік шаралар, концерттер мен спектакльдер қою, музыкалық ұжымдар жұмысын басқарып, жетекшілік жасау, арнайы тәртіптегі тәрбиелеу орындарында ұйымдастырушы-педагог және арнайы пәндер бойынша мектеп пен колледждерде оқытушы бола алады. Жоғары оқу орнын бітірген түлектер Мәдениет үйлерінде, жалпы білім беретін мектептерде сыныптық және сыныптан тыс іс шаралардың ұйымдастырушысы болып және облыстық филармония мен облыстық драма театрында актерлық қызмет етіп жүр. Мәселен, бітіруші түлектердің  бірі Әбдікерім Еңлік Облыстық Халық Шығармашылық Орталығында әдіскер менеджер болып қызмет атқаруда. Абдумаханов Ерлан Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы  Әл Фараби атындағы мәдениет үйінде үйірме жетекшісі болып қызмет атқаруда. 5В090600 «Мәдени тынығу жұмысы» мамандығы - мектепте және мектептен тыс мекемелердегі мәдени -тынығу жұмысының ұйымдастырушы- педагогтарын дайындайды. Мамандық түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие. Бүгінгі күні студенттер театр қойылымдарына қатысып, байқаулар мен олимпиадалардың, студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстарының жеңімпаздары атануда.. «Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасында 1-4 курс білімгерлер тобынан  құралған  студенттік хореографиялық «Томирис» би ансамблі жұмыс жасайды. Ансамбль жас та болса, жас бишілердің шығармашылық ұмтылыстарын айқындайтын  өз дәстүрі қалыптасқан ұжым. 2000 жылы Астана қаласының 5 жылдық салтанатты мерей тойына қатысты «Томирис» ансамблі қалалық, облыстық және республикалық байқаулардың бірнеше дүркін дипломанттары мен лауреаттары.

Ұжымның дипломдық марапаттары:

- Қарағанды қаласында 2005 жылы өткен   «Жас Толқын» республикалық білімгерлер фестивалінде;

- 2006жылы  Орал қаласында өткен «Шара Жиенкұлова» атындағы республикалық қазақ-би байқауында;

- «Томирис» ансамблі -2008 жылы Талдықорған қаласында өткен «Жас Толқын» республикалық студенттер  фестивалінде;

-  «Томирис» ансамблі -2007 ж. Павлодар қаласында өткен  «Жас Толқын» республикалық білімгерлер фестивалінде алған 3-орын үшін мақтау қағазымен марапатталды.

- 2008 жылғы Республикалық Дельфи ойындарында  «Халықтық би » номинациясы бойынша  алтын  медаль алса, ал 2010 жылы – «Қазіргі заман хореографиясы» номинациясы бойынша күміс медаль иеленді.

- 2011 жылы Атырау қаласында өткен VII Республикалық Дельфи ойындарында  «Халық биі» номинациясы бойынша 4-орын, 2012 жылы өткен республикалық  «Созвездие талантов» байқауында  -Гран при жүлдесін жеңіп алды.

- Қазақстан Республикасының тұңғыш президентіне арналып, М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде ЖОО студенттерінің арасында өткен «Шабыт»  фестивалінде «Хореография» номинациясы бойынша ұжым 1-орын иеленді.

«Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасында мамандықтар бойынша оқытудың инновациялық әдістерін енгізу мақсатында кафедра видео және аудио аппаратурасымен жабдықталған аудиториялар (видеодвойка, видеокамера, музыка орталығы, DVD), интерактивті тақтамен жабдықталған   экзерсиске-арналған аудиториялар, оқу сахнасы және дыбыс жазу студиясы бар. Бұл өз кезегінде оқытудың кредиттік технологиясының оқу- әдістемелік кешенін лекциялық, практикалық, және дидактикалық сапасын көтеруге мүмкіндік береді.

МИССИЯСЫ

Кафедра  Хореография және мәдени- тынығу жұмысы мамандықтарының бірігуімен ( Хаттама №1 28.08.2012) 2012 жылы құрылды.   Кафердра      миссиясы-  жаңа тұрпатты, бәсекеге қабілетті, аймақта, жалпы әлем еңбек  нарығында  сұранысқа ие жоғары  білікті мамандарды дайындау. Алға қойған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:

-       оқу сапасын көтеру;

-       ғылыми- инновациялық ортаны дамыту, жаңа ақпараттық технологияларды ендіру;

-       кредиттік оқыту технологиясын дамыту және әдістемелік қамтамасыз ету;

-        оқытушылардың ғылыми және тәжірибелік деңгейін көтеру.

Кафедраның стратегиялық  мақсаттары:

-       Ғылыми зерттеулер мен  оқу сапасын арттыру;

-       Берілген қорларды пайдаланып, сапасын арттыру;

-       қызметкерлердің ғылыми- педагогикалық  деңгейін көтеру;

-       оқу үрдісін стандарттау  және  унификациялау;

-       ғылыми- зерттеу және білім базасын  үнемі жетілдіру;

-       үнемі жаңа және перспективалық ақпараттық  технологияларды қолданып, ендіріп отыру.

Қазіргі заманғы талапқа сай кәсіби мамандарды даярлау мақсатында оқу-тәрбие үрдісінің сапалық және сандық көрсеткіштерін жетілдіру.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

Караматуллаева Хадия Ергашқызы

Джылқыбекова Гульбира Тулеубекқызы

Привалова Ольга Николаевна

Курумбаева Жанат Мирзагулқызы

Фролова Елена Анатольевна

Рустембеков Марат Кулесбекұлы

Карамурзаева Улжалгас Утебекқызы

Серикбаева Гайша Алдабергенқызы

Бимурзаев Есилбек Туребайұлы

Бердишева Анар Омаралықызы

Алиева Перизат Серікқызы

Алимбетова Майра Жалмуханбетқызы

Бекназарова Алтынай Жантакбайқызы

КАРАМАТУЛЛАЕВА ХАДИЯ ЕРГАШҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Караматуллаева Хадия Ергашқызы 1964 ж. 22 тамызда Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ұлты өзбек, Қазақстан азаматшасы. Отбасылық жағдайы: 2 ұл тәрбиелеп отырған ана. Қызылорда қаласындағы №4 С.Сейфуллин атындағы орта мектептің түлегі.   1985-1999 ж.ж. Қорқыт-Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде оқып, «Педагог-хореограф» мамандығын алады.

1996-2002 ж.ж. Қызылорда қаласында С.Сейфуллин атындағы №4 мектепте «Ритмика және хореография» пәнінен  дәріс береді.

2002 жылдың қараша айынан бүгінгі күнге дейін ТарМПИ «Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет етеді.

Караматуллаева Х.Е. осы жылдарда өзін сауатты маман, тәжірибелі оқытушы ретінде танытты. Ол өз міндеттерін тиянақты атқарады, мәселелерді дұрыс шеше алатын ұйымдастырушылық қабілет иесі, жоғары оқу орынның барлық талаптарына лайықты.

Караматуллаева Х.Е. ғылыми ізденістері ЖОО студенттерін би өнеріне баулуда оларға эстетикалық және рухани тәрбие беру мәселелерімен байланысты ғылыми мақалалары институтаралық және Халықаралық ғылыми-практикалар конференциялардың ғылыми жұмыстар жинағында жарық көрген.

Караматуллаева Х.Е. ЖОО қоғамдық жұмыстарына (концерттік қойылымдар, ППС аралық спартакиада) белсене қатысады. 2008ж. ТарМПИ-дегі өзі басқаратын «Томирис» хореографиялық ансамблі Тараз қаласында өткен ІV Республикалық жастар Дельфийлік ойындарында алтын медаль иеленді. Өзінің кәсіби қызметінде Караматуллаева Хадия Ергашқызы оқу процесіне хореография өнеріне қатысты заманауи оқыту технологияларын оқытудың инновациялық-интерактивті әдістерін мақсатты түрде ендіріп, жүзеге асырып келеді.

Караматуллаева Х.Е. мәселелерді шешуде жауапкершілік, жинақтылық, шығармашылық көзқарасымен ерекшеленеді.

Караматуллаева Х.Е. әріптестері және студенттер арасында сыйлы.

2012 ж. ол «Педагогика және психология» мамандығы бойынша академиялық магистр дәрежесін қорғады. 2015 ж. ТарМПИ ректорының шешімімен бұйрық № 186 1.09. 2015.  «Мәдени тынығу және хореография» кафедрасының меңгерушісі болып тағайындалды.

Байланыс телефоны: +7 701 323 84 21, +7 707 881 45 09.

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support