«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ.

«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы 1979 жылы құрылды. «Өнер және мәдениет»  факультеті құрамында және мамандар даярлаушы кафедра есебінде 5В010700 –«Бейнелеу өнері және сызу» бакалаврларын дайындайды. Бүгінгі күнге аталған мамандықта күндізгі оқу түрінде 60 білімгер, ал сырттай оқу түрінде 129 білімгер бар. Кафедра меңгерушісі қызметін Жамбыл педагогикалық институтының түлегі, техника ғылымдарының кандидаты Усупов Мұхтар Мырзаханұлы атқарады.

2014 жылы ҚР Білім министрлігі Болон үрдісі мен академиялық ұтқырлық орталығының рейтингтік бағалауы бойынша Қазақстандағы жоғары оқу орындар арасында ТарМПИ «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы екінші орынды иеленді. Кафедра ғылыми және шығармашылық бағытта қызмет атқарады. Білімгерлердің шығармашылық қабілетің дамытуына кафедрада ерекше назар аударылған. Білімгерлер живопись, графика, мүсін және қолданбалы өнер түрлерінде шығармашылық жұмыстармен айналысады.

«Бейнелеу өнері және сызу» мамандығының білімгерлері Республикалық, халықаралық және т.б. деңгейдегі көрмелермен конкурстарға белсенді қатысады. 2010-2011 оқу жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары студенттерінің ІІІ-Республикалық пәндік олимпиадасында «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы бойынша жалпы командалық І-орынды кафедра білімгерлері Күздеубаев А., Махамбетов Д. жеңіп алды. 2011-2012 оқу жылында өткен  ІV-Республикалық пәндік олимпиадасындада командалық   І-орынды кафедра білімгерлері Абдықадырова Қ., Шайхеслямова Д. жеңіп алды. Әр жылы мамандық білімгерлері облыстық Дельфий ойындарына қатысып жүлделі орындарды иеленді: 2011 жылы «Бейнелеу өнері» номианциясы бойынша 1 орын (Рода Д., Глазова Н.), 2012 жылы «Фотосурет» номинациясы бойынша 2 орын (Шайхеслямова Д., Таукенова А.), 2013 жылы «Бейнелеу өнері» номианциясы бойынша 1 орын (Крапп М.), 2014 жылы «Бейнелеу өнері» номианциясы бойынша 2 орын (Айтан Мәди), 2015 жылы «Бейнелеу өнері» номианциясы бойынша 1 орын (Өміртай Нұржан).

Кафедрада жаңа тұрпатты бейнелеу өнері және сызу мұғалімің даярлау мәселесі бойынша ғылыи-ізденіс жұмыстары жүргізуде. Профессор-оқытушылардың 180-нен астам ғылыми мақалалармен оқу-әдістемелік құралдар мен монографиялар жарық көрген. Кафедра оқытушылары Республикалық және халықаралық конференциялар, көрмелер мен форумдарға белсенді қатысуда.

МИССИЯСЫ

Кафедраның миссиясы - білім беру кеңістігінде құзіретті, бәсекеге қабілетті, жоғары білімді маманды дайындауда бар күш-жігерін аямау. 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы институт миссиясына, сонымен қатар Еуропалық және Ұлттық біліктілік аумағына сәйкес нақты, әрі айқын мақсаттарға ие. Мақсаттар нарық талаптарына сәйкес келеді, жүйелі жетілдіріліп отырады.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

1.Мөлдеков Имаш Оспанқұлұлы – т.ғ.д., профессор;

2. Усупов Мұхтар Мырзаханұлы – каф.меңгерушісі, т.ғ.к.;

3. Әбдірәсілов Медет Әбдірәсілұлы - п.ғ.к., доцент;

4. Рахимжанов Муратжон Дадаевич - доцент, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет үздігі;

5. Ибраева Айжан Сәкенқызы – аға оқытушы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі;

6. Паншаев Мухамет-Умар Сализович - доцент, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР мәдениет үздігі;

7. Мырзахметов Болат Мекемтасұлы – аға оқытушы;

8. Керімбеков Серік Мархабайұлы – оқытушы;

9. Сарманова Фируза Узтургановна – ассистент;

10. Куздеубаев Айдар – ассистент;

11. Жаланашева Талшын Зарлыққызы – лаборатория меңгерушісі;

12. Әбдірәсілов Азат – оқу шебері;

 

УСУПОВ МҰХТАР МЫРЗАХАНҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі


Усупов М.М. – техника ғылымдарының кандидаты. 1989-1994 жж. Жамбыл педагогикалық институтында оқыған. Институтты бітірген жылы Жамбыл гидромелиоративті-құрылыс институтындағы 050101-«Қолданбалы геометрия және инженерлік графика» мамандығы бойынша аспирантураға жолдамамен түскен. 2004 жылы Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде 050101-«Инженерлік геометрия және компьютерлік графика» мамандығы бойынша кандидаттық диссертацияны табысты қорғаған. М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, А.Ясауи атындағы ХҚТУ Тараз институты және Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінде ассистент, оқытушы, аға оқытушы және кафедра меңгеруші қызметтерің атқарған.3 патент, 2 монография және 20-н астам ғылыми мақалалардың авторы.

Байланыс телефоны: +7 701 724 87 62, + 7 707 724 87 62

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support