30 НАУРЫЗ КҮНІ ТАРМПИ-ДА «ЖАС ҒАЛЫМ 2017» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ (TARSPI_MEDIA) // 30 МАРТА В ТАРГПИ СОСТОИТСЯ МЕЖДУНАРОДНАЯ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКАЯ КОНФЕРЕНЦИЯ «ЖАС ҒАЛЫМ 2017» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГТАРДЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ИДЕЯЛАР БАЙҚАУЫ ӨТЕДІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ СОСТОИТСЯ КОНКУРС ИННОВАЦИОННЫХ ИДЕЙ ПЕДАГОГОВ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТІ «ЖЫЛ ШЕБЕРІ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ АТАНДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТ ТАРГПИ – ПОБЕДИТЕЛЬ КОНКУРСА «МАСТЕР ГОДА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІНЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ КОНКУРС, ПОСВЯЩЕННЫЙ ПРАЗДНИКУ НАУРЫЗ (TARSPI_MEDIA)



Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Дене шынықтыру және спорт» мамандары Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында 1985 жылдан бастап дайындалады. 03.02.2010 күнімен № 0137347 мемлекеттік лицензиясы берілген.  5В010800 - «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша «Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, таңдаған спорт түрлері бойынша жаттықтырушысы» мамандарын даярлайды. 5В010800 -­ «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 2 тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Оқу мерзімі  4 жыл. «Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасы - жоғары деңгейдегі сапалы білім мен саналы тәрбие беретін кафедраның бірі. Кафедра профессор-оқытушылары жастарға білім берумен қатар, белгілі дәрежеде спортшыларды және құзырлы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда елдік мүдде мен мақсаттарды  жүзеге асырушы, қазіргі заман талабына сай жаңа тұрпатты педагогтар дайындайтын бірден-бір кафедра. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 292 білімгер бар, соның ішінде мемелекеттік грант иегерлер саны – 82, ақылы негізінде оқитын білімгерлер саны – 210.

Президенттік шәкіртақы иегері ФКС 11-1 тобының білімгері Мушекенова Назерке. Барлық білімгерлер «Ұстаз» спорт клубының мүшесі. Кафедрада ғылыми дәрежесі бар біліктілігі жоғары профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілген, онда 2 профессор ( Салимбаев О.С., Абдраков Б.К.), 5 доцент (ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушылар Далабай Е., Назарова О.С., Юлдашев Е.А., жоғары дәрежелі ұлттық төрешілер Ким Ф.Э., Шевченко А.Н.), 1 халықаралық дәрежелі спорт шебері (Мамашаев Т.) 2 ҚР спорт шеберлері ( Абдукаримова А., Шевченко Н.) Болашақ мамандарды спорттық іс-шаралар жұмыстарына машықтандыру мақсатында, бүгінде кафедраны басқару ісі  «Дене шынықтыру және спорт» маманы, педагогика магистрі Бекнурманов Нұрлан Сайлаубекұлына жүктелген.

Кафедра жинақтаған тәжірибесін болашақ мамандарды оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға жұмсай отырып, әр мамандық ерекшеліктерін ескеріп жаңа технологиялар қолдануға және электронды оқу құралдар жасауға бағытталған оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде.

Білімгерлердің сапалы тәжірибелік білім алуына соңғы үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған спорттық зал, гимнастика залы, спорттық күрес залы, бокс залы, жаттықтыру және  тренажер залдары бар. Атап айтсақ, штанга, кешенді тренажер, гантель, кіртасы, велотренажер, жүгіруге арналған тренажер және т.б. Бұл құралдар спортпен шұғылданушыларға және тәжірибелік сабақтарда кеңінен қолданылып отырады.

Екі ашық спорт алаңы, футбол алаңы, волейбол және баскетбол алаңдары бар.

Кафедраның профессор-оқытушылары оқыту процесінің сапасын арттыру үшін инновациялық технология мен оқытудың интерактивті әдістерін тиімді қолдануда. Жыл сайын облыстық, қалалық деңгейде мектепте құзіреттілік білім беру жағдайында педагог кадрларды дайындау, Оқыту бағыттарында дөңгелек үстелдер, семинар-тренингтер, конференция және спорттық іс-шаралар өткізу дәстүрге айналған.

«Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасы бойынша тәрбие жұмысының негізгі мақсаты білімгерлерді адамгершілікке, имандылыққа, ізгілікке, ұлттық мінез-құлық пен әдет-ғұрып негізінде тәрбиелеу. Осы негізгі бағыттар бойынша студенттермен институтта, кафедрада  қоғамдық, мерекелік  іс-шаралар ұйымдастырылып, өтіледі.  Институт ішілік сенбіліктер қатысуына, студенттер белсенділік танытып отырады.

Болашақ мамандарды спорттық іс-шаралар жұмыстарына машықтандыру мақсатында «Ұстаз» спорт клубы жұмыс атқарады.- «Ұстаз» спорт клубы мен кафедра бірлесе отырып  жыл сайын білімгерлержәне профессор-оқытушылар арасындаәр спорт түрінен дәстүрлі спартакиадалар ұйымдастырылып  өткізіледі.

Өзінің50 жылға жуық тарихында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтын жоғары спорттық нәтижелерге жеткен спортшылар мен жаттықтырушылар бітіріп шыққан. Олардың арасында Олимпиада ойындарының жүлдегері Болат Жұмаділов және Болат Ниязымбетов, Халықаралық турнирдің және Азия ойындарының чемпиондары Рашид Кабиров, Наталья Торшина, Анар Боранбаева, Тахир Мамашаев, Ленария Мингазова, Ардақ Құлжанов, Мария Тканова және көптеген басқа да спортшылар бар. Олардың ішінде Тараз мемелекеттік педагогикалық инстиутының бітірушілері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушылары: Нұрлан Ақүрпеков, Дамир Буданбеков,Тәуірбек Қарауылтегі, Кенже Науатов, Елдос Далабай, Әділет Сарыбаев, Абдрахман Қыдыралиев, Ваит Талгаев,Дмитрий Огай, Анатолий Бельский.

Бүгінгі күнге Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында оқитын өз спорт түрлерінен құрама командалардың мүшелері 30-дан аса спортшылар бар. Олардың ішінде еркін күрестен Румынияда өткен чемпионаттың қола жүлдегері Меиржан Аширов,Францияда акробатикадан өткен жарыстың әлем чемпионы Рахат Еділбаев, Қазақстан чемпионы, бокстан Халыхаралых жарыстардың бірнеше дүркін чемпионы Исакулов Азамат.

Өткен оқу жылында қол күресінен Амоев Баласұлтан Азия чемпионы атағын жеңіп алды, қазақша күрестен Д.А. Қонаевты еске алуға арналған Халықаралық жарыста Теңгебаев Айдос чемпион болды және «Түйе палуаны» атағында жеңіп алды.

Еркін күрестен жастар арасында Тілеу Еркебұлан Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Су добынан Қазақстан құрама командысының құрамында Егембердиева Аружан чемпион атағын жеңіп алды, кикбоксингтен Әлем біріншілішінде Ералиев Нұрділда қола жүлдегері, ал Мадиев Ермек бокстан Қазақстан чемпионы атанды.

2013-2014 оқу жылының басы да біздің білімгерлердің жеңістерімен есте қалады.

«Дене шынықтыру және спорт» мамандығының 1 курс білімгері мемелекеттік грант иегері Сағатіллә Пернежан 2013 жылдың 1-і мен 9-шы қыркүйек арасында Польшаның Грандск қаласында өткен қол күресінен 35-ші Әлем біріншілігінде күміс медальді жеңіп алды.

Осындай спорттық жеңістер Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына «Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасының оқытушыларының келелі еңбегінің және жақсы жабдықталған спорттық базаның барлығының арқасында келіп отыр.

МИССИЯСЫ

- еңбек нарығына заманауи оқыту және тәрбиелеу технологияларын қолдана білетін дене шынықтыру және спорт салаларында жоғары біліктілікті мамандар дайындау.

- жоғары білім және немесе жоғары мектептен кейінгі кәсіби білім алуға жағдай жасау.

Жетістікке қойылған нысандарды келесі  жолдармен шешу есебі:

-оқудың сапасын көтеру;

- ғылыми-инновациялық ортаны дамыту, жаңа ақпараттық технологияны енгізу;

- кредиттік технология оқытуды дамыту және әдістемемен қамтамасыз ету және енгізу;

-кафедраның оқытушыларын ғылыми практикалық біліктіліктерін көтеру. Кафедраның стратегиялық бағыты:

-ғылыми зерттеу жұмыстары мен оқу сапасын көтеру;

-тиімділікті көтерудің қорын қолдану;

-оқу барысының стандартизациясы мен унификациясы;

Қазақстанның жауапты топбасшылары жасампаз ойларын, аса өнегелі адам қалыптастыру, білікті басшыларды әр түрлі деңгей басшылығын тарту.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

Бекнұрманов Н.С. - кафедра меңгерушісі

Абдраков Б.К.- профессор

Закизянов Р.Т. аға оқытушы

Шевченко А.Н.- доцент

Ким Ф.Э.- аға оқытушы

Шилибаев Б.А- аға оқытушы

Абдукаримова А.- аға оқытушы

Минарбеков Д.И.- аға оқытушы

Шевченко Н.А.- аға оқытушы

Пушкулов Ж.А.- оқытушы

Мамашаев Т.Р- аға оқытушы

Танаев К. .- оқытушы

 

БЕКНҰРМАНОВ НҰРЛАН САЙЛАУБЕКҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі


«Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі, педагогика магистрі Бекнұрманов Нұрлан Сайлаубекұлы 1977 жылы туылған.

Бекнұрманов Н.С. 2001 жылы М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік бағамен «Дене тәрбиесі және спорт» мамандығы бойынша бітірді. «Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемес» кафедрасында 2001 жылдан бастап жұмыс істейді. 2004 жылдан аға оқытушы, 2006 – 2008 жылдары шығармашылық мамандықтар факультетінің деканының орынбасары болып қызмет атқарды. 2008 жылдың қыркүйегінен бастап ТАРМПИ-нің «Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасының меңгерушісі   қызметін ойдағыдай атқарды. Жұмыс кезінде өз жұмысын жақсы игерген,  жоғары білімді маман ретінде және өз ұжымымен жақсы тіл  табысып ұйымдастыра  білді.

Нұрлан Сайлаубекұлы оқу әдістемелік және ғылыми жұмыстармен дене тәрбиесінің көкейкесті мәселелерімен белсенді шұғылданады. Ол 18 ғылыми мақала және 12 оқу әдістемелік нұсқаулар баспадан шығарды. Төмендегідей тақырыпқа жазылған «Формирование профессиональной готовности будущего учителя физической культуры к условиям сельской школы» диссертация жақын арада қорғау жоспарланып отыр.

Нұрлан Сайлаубекұлы қаланың, институттың және факультеттің өміріне беленді қатысады. Көп жыл бойы ол президенттік көпсайыстан республикалық және облыстық жарыстарды ұйымдастыру мен өткізуге белсенді қатысады.

Байланыс телефоны: +7 701 242 25 81

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support