ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)



Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Дене шынықтыру» кафедрасы Жамбыл педагогикалық институтының қабырғасында 1967 жылы құрылды, кафедра меңгерушісі п.ғ.к., доцент Д.Апсембетов болды.

1976 – 1986 жж. – кафедраны басқарған доцент Лактионов А.Т.

1986 – 1998 жж. – аға оқытушы Абдукаримов С. А.

1998 – 2006 жж. – аға оқытушы Ашимов Ж.А.

1.04.2004 жылдың қыркүйек айынан бастап 2006 жыл аралығында кафедра ТарМПИ  «Педагогикалық факультетінің» құрамында болып,  ал 2006-2007 оқу жылында «Шығармашылық мамандықтар» факультетнің құрамына енді. 2015-2016 оқу жылынан факультеттің аталуы өзгертіліп, «Өнер және мәдениет» факультетінің құрамына кіреді. Кафедра меңгерушісі аға оқытушы Бекназаров Ж.О.

«Дене шынықтыру» кафедрасының негізгі қызметі білімгерлердің жалпы бұқаралық спорт пен дене шынықтыруға баулу мен сауықтыру болып табылады. Кафедрада 0107 FKA «Дене шынықтыру» пәні бойынша барлық факультеттер мен мамандықтардың 1-3-ші курс білімгерлері оқиды.

Кафедра оқытушылары спорттың он жеті түрінен спорттық жетілдіру курсын жүргізеді:  волейбол (ерлер), волейбол (қыздар), баскетбол (ерлер мен қыздар), кіші-футбол (ерлер), тоғыз кұмалақ, қазақша күрес, үстел теннисі (ерлер мен қыздар), атлетикалық гимнастика, шахматтан, кик-боксингтен, грек-рим күресі, еркін күрес. Спорттық секцияға қатысатын білімгерлер институттың, қаланың, облыстың, Республиканың спорттық және жалпы бұқаралық спорттық өміріне белсене қатысып,  жеңімпаз және жүлдегер атануда.

Әр жылда 1-курс аралық «Жас дарын» атты спортакиадада алты спорттың түрінен, 1-4 курстың факультет аралық спартакиадасында 10 спорттың түрінен, ТарМПИ ПОҚ және қызметкерлер арасында 10 спорттың түрінен жарыстар өткізіледі.

Қазіргі таңда кафедрада ҚРСО спорт шебері  (Пушкарь И.Н. – бокс), ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы –  Альшанов С., Лондон Олимпиадасының қола жүлдегері Таңатаров А., волейболдан 1-санатты төреші Ли В.М. қызмет етеді.

Кафедра оқытушылары қалалық облыстық көлемде өткізілетін жарыстар мен спартакиадаларға белсене атсалысып, түрлі спорт түрінен жарыстарда төреші және бас төреші қызметін атқаруда.

МИССИЯСЫ

Кафедраның стратегиясы: «Дене шынықтыру» кафедрасының стратегиясы, оның атқаратын рөлі мамандарды дайындауға және келесі кәсіби біліктіліктерін, сапасын жоғарлатуға негізделген:

-  қоғамда жоғары деңгейде қызмет атқаратын білікті, жауапты, еңбек нарығында әрқашан сұранысқа ие  мамандарды дайындау.

-  дене шынықтыру және спортты зерттеу мәселелері бойынша белгілі бір нәтижелерге қол жеткізу.  

Кафедраның негізгі миссиясы:

-  Оқу үрдісіне ақпараттық және заманауи технологияларды енгізу;

-  Кредиттік жүйе мен сынақты енгізуіне негізделген оқытушылар мен студенттердің академиялық мобильді механизмдерін жетілдіру;

-  Ғылыми зерттеулердің сапасын және оқу үрдісімен тығыз интеграциялық байланысын арттыру;

-  Оқу-әдістемелік қамтуды және оқытылатын пәндер мен ұйымдастыру шараларының мазмұнын жетілдіру;

-  Қазақ және орыс тілдерінде мамандық бойынша әдебиеттер көлемін көбейту;

Дене тәрбиесімен шұғылдану және спортқа баулу арқылы оқытушылар мен білімгерлердің денсаулығын нығайту.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

Бекназаров Жамбыл Орымбайұлы

Ли Виктор Моисеевич

Пушкарь Игорь Николаевич

Тохтыев Аршедин Шайдинович

Орымбаев Адилхан Абдраимович

Абдикулов Мадихан Жаксылыкович

Уралбеков Алибек Арпишұлы

Сүлейменов Олжас Абирлиевич

Нартбаев Таласбек Өзгелдіұлы

Токтагұлұлы Алмасхан

Калыкулов Сакен Майкөнұлы

Кошкинбаев Жалгас Сейтбекұлы

Абдыхайранов Үсен Асанұлы

Жайханов Жансұлтан Ильясханұлы

Токбергенов Жаксылык Досанулы

Кыдыралиев Марат Жарылкасынович

Абдулов Тофик Валиевич

Сүлейманұлы Шоқан

 

БЕКНАЗАРОВ ЖАМБЫЛ ОРЫНБАЙҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі


Бекназаров Жамбыл Орынбайұлы 1981 жылы 19 сәуірде Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданы, Абай ауылында дүниеге келді. 1987 жылы Абай атындағы № 4 мектепке қабылданып, аталған мектепті 1998 жылы бітіріп шықты. 1998 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт мамандығына» түсті, сол мамандықты 2002 жылы үздік дипломмен бітіріп шықты. 2002 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру ілімі мен әдістемесі» кафедрасына оқытушы қызметіне қабылданып, осы аталған кафедрада 10 жыл қызмет атқарды. 2007 - 2012 жылдары дене шынықтырудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығында білімін жетілдірді. Дене тәрбиесі іліміне қатысты 24 мақала мен 5 әдістемелік нұсқауларды жариялаған. 2009 жылы Шымкент қаласында өткен V жазғы универсиадасында жүлделі орын алғаны үшін институт тарапынан марапатталды. 2009 жылы Қырғыз мемлекеттік дене шынықтыру және спорт академиясына дене шынықтыру мамандығы бойынша оқуға түсіп, аталған академияны 2011 жылы бітіріп шықты. 2012 жылы «Дене шынықтыру» кафедрасының меңгерушісі қызметіне тағайындалып, қазіргі таңда осы қызметті атқаруда.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеп отыр.

Байланыс телефоны: +7 702 920 60 50

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support