«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы

ТАРИХЫ

Бастапқы әскери дайындық кафедрасы 2008 жылы құрылды.   5В010400 - «Бастапқы әскери дайындық бакалавры» мамандарын дайындау екі тілде: қазақ және орыс тілдерінде жүргізіледі. Мамандарды дайындауда құрылымы және көлемі жағынан аймақтың қазіргі және болашақ талаптарына сәйкес келеді.

Кафедра 35 оқу пәндері бойынша сабақ жүргізеді. Кафедраның оқу-зертханалық аумағы жағынан 100 пайыз қамтамасыз етілген. Кафедраның жалпы аумағы 352,72 шаршы метрді құрайтын 6 оқу аудиториясы 8-504, 8-505, 8-506, 8-508, 8-510, 8-512 бар. Сондай-ақ, кафедра меңгерушісінің, оқытушылар және қару-жарақты сақтайтын бөлмелері де бар. Олар оқу процесін жүргізуді қамтамасыз ету үшін талаптарға сай жабдықталған.

2017-2018 оқу жылында «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы бойынша профессор-оқытушылар құрамының саны – 10 адам. ПОҚ-ң ғылыми дәрежесі бойынша пайыздық көрсеткіші – 40 пайыз,  орташа жас көрсеткіші – 52 жас. Кафедрада барлық оқытушылардың базалық білімдері бар, қазақ тілінде 9 оқытушы сабақ жүргізеді.

Бүгінгі таңда кафедраның барлық оқу аудиториялары алғашқы әскери дайындық бакалаврларын дайындауда қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Білімгерлер үшін арнайы компьютер кластары, электронды оқу залдары, кітапханалар және интернет қолдануға ұсынылады.

Кафедрада оқитын жалпы білімгерлер саны – 263. Оның ішінде, күндізгі бөлімде оқитындар – 204, сырттай бөлімде оқитындар –59 білімгер. Мемлекеттік білім гранты негізінде – 15, ақылы негізде –248 білімгер.

Кафедрада кәсіби және педагогикалық тәжірибесі мол мамандар –  т.ғ.к., доцент  Аширбаев А.И.,  т.ғ.д., профессор  Исаков О.А., т.ғ.к., доцент Казакбаев А.К., аға оқытушылар – запастағы полковник Тотмин В.А., запастағы подполковник  Сейлханов К.А., запастағы майор Карабалаев К.А., запастағы капитан Сейтжанов  Д.С., оқытушылар – запастағы подполковник Алтаев Н.С., запастағы капитан Турсынбеков Д.Д., запастағы лейтенант  Утегенов С.К. еңбек етеді. Кафедраның ПО құрамы тәжірибе мен шеберліктің, жастық пен алғырлықтың үйлесімділігі – «Бастапқы әскери дайындық бакалаврларын» бастамашыл, бәсекеге қабілетті, еңбек нарығы мен қазіргі технологиялардың талаптарына бейімделгіш етіп дайындауға біліктіліктері жеткілікті. Оқу үрдісін жүргізуде, мамандарды дайындауда кафедра ұжымы өз жұмыстарында әрдайым ҚР Білім және ғылым министрлігінің нормативтері мен жоғары  мектептің ережелерін берік ұстануда.

МИССИЯСЫ

5В010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлау:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

- жалпы адамзаттық және әлеуметтік-тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік даярлау;

- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

1. Сейтжанов Досым Сейткасымұлы - аға оқытушы

2. Исаков Ондасын Абдирашидович - профессор

3. Аширбаев Амангельды Ильясұлы - доцент

4. Казакбаев Сейсенбек Заурбекович - доцент

5. Тотмин Валерий  Анатольевич - аға оқытушы

6. Карабалаев Кошан Айладырұлы - аға оқытушы

7. Сейлханов Курбангазы Алипұлы - аға оқытушы

8. Алтаев Несіпбек Сұлтанбекұлы - оқытушы

9. Турсынбеков Досжан Дүйсенбекұлы - оқытушы

10. Утегенов Саламат Кошкинбаевич - оқытушы

СЕЙІТЖАНОВ ДОСЫМ СЕЙТҚАСЫМҰЛЫ

Кафедра меңгерушісі

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі Сейтжанов Досым Сейтқасымұлы 1973  жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, А.Суханбаев ауылында туылған. Сейтжанов Д. С. 1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік     университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығын бітірді. 2006 жылы ТарМПИ-ның «Бастапқы әскери дайындық және тіршілік қауіпсіздік негіздері»  мамандығын тәмәмдаған. 2010 жылы Бишкек қаласындағы И. Арабаев атындағы Қырғыз халықаралық университетінің магистратура бөлімін «Бастауыш білім берудің педагогика және әдістемесі» қосымша «Психология» мамандығы бойынша  бітіріп, настрофикациядан өтті. 2008 жылы «Оқу мен жазу сын тұрғысынан ойлауды дамыту» жобасы бойынша ҚР оқу Ассоцияциясы ұйымдастырған семинарға қатысып, куәлік алған. 2009 жылы Ресей Федерациясының тестолог-ғалымы, профессор В.Аванесовтың «Педагог қызметкерлерді аттестациялауда тестілеу формаларын қолдану» атты авторлық курсын бітірді  және «Кредиттік технология арқылы оқыту жағдайында жоғары мектеп дидактикасының мәселелері» курсында біліктілігін жетілдіріп, куәлігін алған. 2011 жылы Tamos University Suite программасын қолдануға арналған оқыту курсына қатысты. 2012 жылы «Нысандардағы АҚ және ТЖ қызметтерінің бастықтары», 2013 жылы «Интерактивті тақтаның оқыту мүмкіндіктері», 2014 жылы «Инновационная деятельность и менеджмент в современном учебном заведении» атты семинарларға қатысып,  серитификаттар алды.  2017 жылы  «Батыр шапағаты» медалінің иегері. Бірнеше оқу құралдары мен, әдістемелік нұсқаулары жарық көрген.

2008 жылдан ТарМПИ-ның «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасында аға оқытушы қызметінде, 2009-2012 жылдары «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің оқу-ісі жөніндегі декан орынбасары қызметін атқарған. Сейтжанов Д. С. 2012 оқу жылының қыркүйек айынан «Бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі.

Байланыс телефоны: +7 702 345 06 97

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support