• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



«Өнер және мәдениет» факультеті

«Дене шынықтыру» кафедрасы

«Дене шынықтырудың ілімі мен әдістемесі» кафедрасы

«Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы

«Бастапқы әскери дайындық» кафедрасы

«Мәдени-тынығу жұмысы және хореография» кафедрасы

«Музыкалық білім» кафедрасы

«Кәсіптік оқыту және дизайн» кафедрасы

«Мәдениет – ұлттың бет-бейнесі, рухани бол­мысы, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт ең алдымен тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлық­таған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениет­тің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесі­мен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің төл мәдениеті арқы­лы ғана басқаға танылады»

Нұрсұлтан Назарбаев

«Өнер және мәдениет» факультеті - жастарға білім берумен қатар, белгілі дәрежеде спортшыларды, суретшілерді, педагог-музыканттарды, хореографтарды және құзырлы, бәсекеге қабілетті мамандар даярлауда елдік мүдде мен мақсаттарды  жүзеге асырушы, қазіргі заман талабына сай жаңа тұрпатты педагогтар дайындайтын, жоғары деңгейдегі сапалы білім мен саналы тәрбие беретін факультеттердің бірі.

Бұл факультеттің негізі  1967 жылы құрылған  «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы, «Спорт  ойындары»  кафедрасы  1985 жылы «Шет тілі»  факультетінің құрамында болған. 1987  жылы  бұл  кафедра  педагогика  факультетінің  құрамына  енген. Ал 1988  жылы  педагогика  факультетінен  бөлініп, «Дене  шынықтыру және спорт»  факультеті  болды. Факультет  деканы болып п.ғ.к., доцент  И.Х.Кобер тағайындалды. 1992-1996  жылдары  факультетті  ҚР еңбегі  сіңген  жаттықтырушы,  п.ғ.к., доцент  Т.Б.Абаев  басқарды.

Алғаш рет 1979 жылы «Сызу, бейнелеу өнері және еңбек» мамандығы талапкер жастарға есігін айқара ашты. Бастапқы кезде бұл  мамандыққа баулу физика-математика факультетінің құрамында атқарылып, оқытушылар құрамы қалыптасты.  «Көркем-сурет графика» факультеті болып 1982 жылы жеке болып құрылды. Оның алғашқы деканы болып п.ғ.к., доцент О.С.Сәлімбаев сайланды. Осы факультеттің деканы қызметін әр жылдары т.ғ.к., доцент А.Г.Рогулькин, б.ғ.к., доцент А.Е.Дәнебеков, п.ғ.к., доцент М.Б.Джанаев, п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов, п.ғ.к., доцент Д.С.Сыдығалиев атқарды. Факультетте А.О.Қамақов, Б.Құсаинов, А.А.Сихаев, Х.Михайлиди, А.Әшімбаев, М.Д.Рахымжанов секілді белгілі суретшілер қызмет атқарды.

1996 оқу жылында жоғары оқу орындарын оңтайландырып біріктіру мақсатында Жамбыл мемлекеттік  университеті болып өзгеруіне байланысты «Дене  шынықтыру  және  спорт»  факультеті «Дене  тәрбиесі ілімі  мен  әдістемесі» кафедрасы болып  (кафедра  меңгерушісі П.С.Жекенов) және «Көркем-сурет графика» факультеті құрамындағы 3 кафедрасы біріктіріліп, бір ғана «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы болып (кафедра меңгерушісі М.Абдирасилов) педагогика факультеті құрамына бекітілді. Осы тұста  факультетті п.ғ.д., профессор Қ.Ж.Қарақұлов, п.ғ.д.,профессор О.С.Сәлімбаев, ф-.м.ғ.к., доцент Б.М.Мүсілімов, п.ғ.д., профессор Т.К.Кенжебаевтар басқарды.

2006 жылдың тамыз айында педагогика факультетінің құрамынан бөлініп, өз алдына «Шығармашылық мамандықтар»  факультеті болып құрылды. Факультеттің тізгінін п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов, т.ғ.к., доцент А.Е.Жаскиленова, ф.ғ.к., доцент Р.Е.Джуншеев, ф-м.ғ.к., доцент Л.Р.Сейітбекова, ж.ж. ҚР мәдениет қайраткері Е.Х.Рысметов сияқты педагог-ұстаздар ұстады.

2015 жылы факультет атауы «Өнер және мәдениет» болып өзгертілді. 2015 жылдың қыркүйегінен бастап «Өнер және мәдениет» факультетін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Л.Н.Ибраимова басқарады.

Факультеттің басты миссиясы – кәсіби-педагогикалық білім беру сатыларының сабақтастығы мен үзіліссіздігі принциптерін іске асыру мақсатында факультет бір бейімді білім беру мекемелерін (мектепке дейінгі, мектептер, ЖОО, педагог-кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелері) біріктіретін кешендерді жинастыруды мақсат тұтады.

Факультет өзінің даму тарихында мамандар даярлауда көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Факультет оқытушылары қалалық, облыстық, респубилкалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық іс- шараларға белсене қатысып отырады.  ҚР СО мүшесі М.Д.Рахимжанов Мәскеу, Астана, Алматы, Ташкент және Тараз қалаларында өзінің жеке көрмесін өткізді. Оның туындылары Қазақстан және шетел мұражайларынан орын алған. Автордың «Кешке қарай» картинасы Нью-Йоркте өткен БҰҰ жанындағы Қазақстан елшілігінің көрмесінде көрсетілді.

Факультет ғылыми-педагогикалық кадрлармен, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Профессор- оқытушылар құрамында – ғылым докторы, профессор, доценттер, ғылым кандидаттары, ҚР Халық  әртісі, ҚР  Өнер қайраткерлері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері,  ҚР Суретшілер Одағының мүшелері,  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шеберлері  бар. Атап айтсақ, т.ғ.д. И.О.Мөлдеков,  п.ғ.к., доцент М.Абдирасилов,  т.ғ.к., доцент  М.М.Усупов, т.ғ.к., доцент  А.Е.Жаскиленова, т.ғ.к., доцент  К.А.Аширбаева,  т.ғ.к., доцент  А.И.Аширбаев, фил.ғ.к., доцент А.Карибекова,т.ғ.д., профессор  О.А.Исахов, т.ғ.к., доцент  С.З.Қазақбаев, м.ғ.к., профессор Б.К.Абдраков,  ҚР халық әртісі М.Р.Рақымжанова, ҚР Мәдениет қайраткерлері А.Ш.Молдыбаев, Е.Х.Рысметов,  ҚР білім беру ісі үздігі С.Б.Бейсеуов, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері М.Д.Рахимжанов, М.У.Паншаев, А.С.Ибраева, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ә.Әлімбетова,  «С.I.D.» ЮНЕСКО Халықаралық би кеңесінің  мүшесі, доцент О.Н.Привалова, запастағы полковник В.А.Тотмин, запастағы подполковниктер В.В.Рогоза, А.Б.Маралбаев, ұлттық дәрежедегі төрешілер  Ф.Э.Ким, А.Н.Шевченко, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Т.Р.Мамашаев, ҚР спорт шебері Н.А.Шевченко және тағы да басқа білікті мамандар қызмет етеді.

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 а (блок Г), № 8 оқу ғимараты.

Деканат телефоны: +7 (7262)-42-54-87

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support