«Шығармашылық мамандықтар» факультеті

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

«Шығармашылық мамандықтар» факультеті

«ӨНЕР ЖӘНЕ МӘДЕНИЕТ» ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 а (блок Г), № 8 оқу ғимараты.

Деканат телефоны:  +7 (7262)-42-54-87

ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының  Шығармашылық мамандықтар  факультеті 2006 жылдың тамыз айында құрылды.  2015 жылы факультет атауы «Өнер және мәдениет» болып өзгертілді.

Қазіргі таңда факультетте 8 мамандық бойынша мамандар дайындау жүзеге асырыады:

5В010400 - Бастапқы әскери дайындық

5В010600 - Музыкалық  білім

5В010700 - Бейнелеу өнері және сызу

5В010800 - Дене шынықтыру және спорт

5В012000 - Кәсіптік оқыту

5В042100 - Дизайн

5В040900 - Хореография

5В090600 - Мәдени тынығу жұмысы .

Факультетте  білім беру қызметі мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты мен оқу бағдарламасының  мазмұнына, мемлекеттік қадағалау қызметтерінің талаптарына, мемлекеттік әлеуметтік саясат принциптеріне сай  заманауи материалдық-техникалық және әлеуметтік базасы жағдайында жүзеге асырылады.

Мамандықтар бойынша студенттердің оқуда, өнерде, спортта шыңдалып, бәсекеге сай, білікті маман болып шығуын қамтамасыз  етуге бағытталған  санитарлық-гигиеналық және техникалық нормаларға сай заманауи жабдықтармен жарақтандырылған оқу аудиториялары, лекция залдары, компьютерлік, музыкалық-компьютерлік,  зертханалық және би кластары, дыбыс жазу студиясы, көрме залы және оның изостудиясы, ресурстық орталықтар мен арнайы бөлмелер, оқу- әдістемелік бөлмелер, спорт кешені, тренажер залдары, ашық спорт алаңдары бар.

Факультет өзінің даму тарихында мамандар даярлауда көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Факультет оқытушылары қалалық, облыстық, респубилкалық, халықаралық деңгейдегі шығармашылық іс- шараларға белсене қатысып отырады.  ҚР СО мүшесі М.Д. Рахимжанов Мәскеу, Астана, Алматы, Ташкент және Тараз қалаларында өзінің жеке көрмесін өткізді. Оның туындылары Қазақстан және шетел мұражайларынан орын алған. «Кешке қарай» («К вечеру») картинасы Нью-Йоркте өткен БҰҰ жанындағы Қазақстан елшілігінің көрмесінде көрсетілді.

Доцент Х.Е. Караматуллаева 2015 жылғы 1-10 шілдеде Конкорд (Франция) Халықаралық академиясында тағылымдамадан өтті. (Academie Intemationale CONCORDE, FIDJIP, EUROTALENT Universite de Nict, CPE (Ctntre de cooperation avtc Ies Pays de I’Est). Dates de la formation: 1 au 10 juillet 2015. Duree de la formation: 72 heures). Доцент О.Н.Привалова Прагада (Чехия). Интернационалдық әділ қазы жұмысына қатысты. (VII-ih International Chidren’s Festival-contest «CONSTELLLATION OF PRAGUE – PEACE, CREATIVIIY, FRIENDSHIP»).

ҚР мәдениет қайраткері, доцент Е.Х. Рысметов жетекшілік ететін «Көне Тараз» фольклорлық ансамбль халықаралық (Украина-2005ж., Турция 2006ж., Германия -2007ж., Франция-2007ж., Израиль-2008ж., Польша -2013),  Республика көлемінде (Алматы, Астана, Шымкент) де көлемінде үлкен сұранысқа ие, себебі аталған фольклорлық ансамбль осы оқу орнының халықаралық, Республикалық, қалалық, облыстық шығармашылық іс-шараларының барлық жұмыстарына қатысып белсенділік көрсетуде. «Көне Тараз» өнер ұжымы жоғары көркем орындаушылық деңгейі мен шеберліктері үшін 2007 жылы мәдениет және ақпарат министрі Е.Ертісбаевтың бұйрығымен (№56. 27.02.07). «Халықтық» құрмет дәрежесіне ие болды.

Білім беру сапасын қамсыздандыру бойынша тәуелсіз қазақстандық агенттігінде (БСҚА) арнайы аккредиттеу стандарттарының критерийлеріне сәйкес 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» білім беру бағдарламасы өзін-өзі бағалау бойынша аккредитациядан сәтті өтті.  ҚР БҒМ Болон процессі және академиялық мобильділік орталығы жүргізген қазақстан ЖОО бакалавриат бағдарламасын бағалау рейтингі бойынша «Бейнелеу өнері және сызу» кафедрасы жүлделі 2- орынға ие болды.

«Музыкалық білім» мамандығы білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз қазақстандық агенттікте мамандандырылған аттестация аясында 5В010600-«Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы өзін-өзі бағалау бойынша 2014 жылдың желтоқсан айында аккредитациядан табысты өтті.

Аккредиттеу және Рейтингтің Тәуелсіз Агенттігі өткізген рейтингісіне қатысушы жоғары оқу орындарының арасында 2015 жылы 5В010600-«Музыкалық білім» Бакалавриат мамандығы  4-орын алды.  Ұстаз еңбегі қашан да дайындаған шәкірттер жетістігімен бағаланатынын ескерсек, факультет студенттерінің де қол жеткізген табыстары мол. Факультет түлектері – ҚР Спорт шеберлері мен Олимпиада ойындарының иегерлері Б.Жұмадилов, Б.Ниязымбетов. А.Бельский, В.Талгаев, Д.Буданбеков, Н.Ақүрпеков, Р.Кабиров, М.Исмаилов, Б.Тілегенов, С.Назина, Н.Торшина, Л.Мингазова, К.Пасечная, З.Махуссеев, Д.Огай. Қазақ эстрадасының жұлдыздары - Қ.Мақанов, Б.Сейдуалиева, Д.Маханбаева, Т.Әшімбекова, С.Медеуов, және т.б. мақтанышпен атап айтуға болады. Бүгінгі таңда факультетте еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері Тілеу Еркебұлан, бокстан халықаралық турнир чемпионы Күшенбаев Жәнібек, бокстан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері Бекболат Рыскелді, самбо күресінен Қазақстан чемпиондары Жақып Шыңғысхан, Сейдалиев Жанәбіл, армрестлинг бойынша қысқы универсиада чемпионы Тарасова Антонина, Сурдо олимипиадалық ойындарының жеңімпазы Есжанов Ғабит және Қарағанды қаласында өткен YII Республикалық пәндік олимпиада жүлдегерлері Алиев Бауыржан, Абдрахман Нұрлан, Бағыт Алтынбек, Кенжебекұлы Рахат («БӘД» мамандығы), Молдыбаев Рүстем («МО» мамандығы), 2-ші Республикалық «Дарынды шоқ жұлдыздар» байқауының Гран-при иегері «Томирис» би ансамблі, Республикалық «Мағжан көктемі-3» байқауының жеңімпазы Мұхтарқызы Сағыныш т.б. білім алады.

МИССИЯСЫ

Факультеттің басты миссиясы – жоғары білікті маман – жалпы елге және аймаққа қажетті жаңа тұрпатты мұғалім дайындау. Факультет мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Біз Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының білім берудің әлемдік үрдістері мен қазіргі заман талаптарына сай инновациялық типтегі оқу орны ретіндегі беделін қолдауға ұмтыламыз. Кәсіби-педагогикалық білім беру сатыларының сабақтастығы мен үзіліссіздігі принциптерін іске асыру мақсатында институт бір бейімді білім беру мекемелерін (мектепке дейінгі, мектептер, ЖОО, педагог-кадрларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру мекемелері) біріктіретін кешендерді біріктіруді қолға алуды мақсат тұтады.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ.

Факультет ғылыми-педагогикалық кадрлармен, жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген. Профессор- оқытушылар құрамында – ғылым докторы, профессор, доценттер, ғылым кандидаттары, ҚР Халық  әртісі, ҚР  Өнер қайраткерлері, ҚР Еңбек сіңірген әртісі, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткерлері,  ҚР Суретшілер Одағының мүшелері,  Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР спорт шеберлері  бар. Атап айтсақ, педагогика ғылымдарының докторлары – И. Мөлдеков,  О.С. Сәлімбаев, педагогика ғылымдарының кандидаттары – М.Ә.Әбдірәсілов, Г.Т.Жылқыбекова, техника ғылымдарының кандидаттары –М.М.Усупов, А.Е.Жаскиленова, К.А. Аширбаева,  А.И.Аширбаев, медицина ғылымдарының кандидаты Б.К.Абдраков,  ҚР халық әртісі М.Р.Рақымжанова, ҚР мәдениет қайраткерлері – А.Ш.Молдыбаев,  Е.Х.Рысметов,  ҚР білім беру ісі үздігі С.Б.Бейсеуов, ҚР Суретшілер Одағының мүшелері – М.Д. Рахимжанов, М.У.Паншаев, А.С. Ибраева, ҚР еңбек сіңірген әртісі М.Ә.  Әлімбетова,  «С.I.D.» ЮНЕСКО Халықаралық би кеңесінің  мүшесі, доцент О.Н.Привалова, запастағы полковник В.А.Тотмин, запастағы подполковниктер– В.В.Рогоза, А.Б. Маралбаев, ұлттық дәрежедегі төрешілер – Ф.Э.Ким, А.Н. Шевченко, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері Т.Р.Мамашаев, ҚР спорт шебері Н.А.Шевченко және тағы да басқа білікті мамандар қызмет етеді.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support