ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)



«ПРАКТИКАЛЫҚ  ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫ

ТАРИХЫ

«Практикалық шетел тiлдері» кафедрасы 2004 жылдың сәуiр айында «Техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша шетел тілдері» кафедрасы негізінде құрылды, қазір «Практикалық шетел тілдері» кафедрасы деп аталады. 2004-2005 жылдары аталған кафедраны Маржан Хамитқызы Балмағамбетова басқарса, 2005-2007 жылдары Гүлжан Ахметқызы Ахметова,  2007-2011жылдары ф.ғ.к., доцент Райхан Кенжетайқызы Атаханова, 2011-2012 жылдары  Сауле Жорабекқызы Бурбекова, 2012-2013 жылдары  ф.ғ.к.,доцент Эльмира Мұратқызы Мұнатаева, ал қазіргі уақытта 2013-2014 оқу жылынан бері, педагогика ғылымының магистрі Гүлбану Ермекқызы Алиханова   басшылық етіп  келеді. Кафедра  қызмет көрсету кафедрасы ретінде,  жаратылыстану ғылымдары, шығармашылық мамандықтар, педагогикалық, тарих-география, филология және сырттай білім беру факультеттерінің білімгерлеріне ағылшын, неміс тілдерін оқытуды жүзеге асырады. Әлемдегі үш тілді қатар қолданатын білімді де білікті ел болу  қажеттігі туындап отырғанда, шет тілінің әлеуметтік – коммуникативтік функциясын орнықтыру,  дамыту,  ағылшын және неміс тілдерінің мәдени функциясын насихаттау, сонымен қатар жан-жақты жоғары білімді, шығармашыл, қабілетті, көптілді, жаңа тұрпатты педагогты қалыптастыруға ат салысу кафедра  ұжымының    ең маңызды миссияларының бірі болып табылады.

МИССИЯСЫ

«Практикалық шетел тілдері»  кафедрасының миссиясы - барлық мамандықтардың 1 курс білімгерлеріне «Практикалық шетел тілі» пәні, 3 курс білімгерлеріне  «Кәсіби бағытталған шетел тілі» пәні бойынша дәріс жүргізу; кафедраның арнайы даярлау бойынша саласында еңбек нарығында жоғары білікті және бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауды іске асыру.

Кафедраның стратегиялық мақсаттары:

- жаңа тұрпатты педагогты дайындауды  қамтамасыз ете отырып, шет тілдерін міндетті дәрежеде үйрету;

- кафедра оқытушылары дәріс жүргізетін білімгерлердің шет тілін жақсы меңгеруіне, терең гуманитарлық білімі  алуына қол жеткізу;

- шет елдік ғылыми ұйымдармен Қазақстанның жоғары оқу орындарымен қарым-қатынас жасау;

- тиімді білім беру және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу үшін білімгерлерді жаңа, бүгінгі күн талабына сай оқу-әдістемелік материалдармен қамтамассыз ету болып табылады.

Кафедра оқытушылары алдағы уақытта, яғни 2014-2015 оқу жылында инновациялық және қашықтан оқыту технологияларын жүзеге асыру үшін, ағылшын және неміс тілдерінен электронды оқулықтың ІІ бөлімін құрастыру, сонымен қатар, ағылшын және неміс тілдері пәндері бойынша контент құрастырылып, медиатека жасауды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, білім берудің онлайн жүйелерін белсене дамыту  мақсатында, Facebook, Google Chrome желілерін пайдаланып, gmail.com, voxopop, voicethread, dropbox т.б. сайттары арқылы білімгерлерге тапсырмалар беріп, сабақ өтуді белсендіру кафедра оқытушыларының негізгі мақсаттарының бірі болып отыр.

Өзге тілді білсең өрге шығасың, өз тіліңді білсең төрге шығасың дегендей, шет  тілдерін үйрету, көп мәдениеттілікті дамыту,  өзін-өзі жетілдіру, өз өрісін кеңейту кафедра оқытушыларының басты мақсаты.

Көптілді мемлекеттер арасында әлеуметтік- мәдени қатынастар жасай алатын, түрлі елдердің мәдениеті, әдебиеті, тарихымен танысып, қажетін пайдалана отырып, бөтен мәдениеттің ішіне сіңіп кетпей, өзінің елі мен мәдениетін басқаларға таныта алатын, санатты да саналы тұлғаны қалыптастыру әрбір кафедра оқытушыларының міндеті.

Кафедра жетістіктері.

Шет тілі сабақтарында инновациялық технологияларды пайдалану алға қойған мақсатқа жетудің бірден- бір жолы. Осы орайда «Практикалық шетел тілдері» кафедра оқытушылары жаңа технологиялардың әртүрлі формаларын өз сабақтарында тиімді пайдаланады. Оқытушылар ағылшын және неміс тілдерінен бірінші курс білімгерлеріне арналған электронды оқулықтың І-ші бөлімін құрастырған, практикалық сабақтарын интерактивті тақтаны пайдалана отырып, өткізуді дағдыға айналдырған.

Кафедра оқытушылары біліктілікті жоғарлату мақсатында   халықаралық семинарлар мен конкурстарға белсенді түрде қатысады. Кафедра меңгерушісі Г.Е. Алиханова мен аға оқытушы Сейтқазиева С.Е. Германияда өткен халықаралық конкурстың грант иегерлері.

Кафедра оқытушылары институтта ІT және оқытудың инновациялық технологиялары бөлімі ұйымдастыратын Active Studio бағдарламасы бойынша, WEB технологиялары мен бейнетехнологияларға байланысты өткізілетін  әдістемелік семинарларға белсене қатысып, сертификаттар  иеленді.

2013-2014 оқу жылы Тараз қаласында, «Үздік мультимедиялық өнім» атты І-ші ЖОО аралық байқауға ағылшын тілі пәнінен құрастырылған электронды оқулықпен белсенді қатысып, зор ынтасы үшін марапатталды.

2014-2015оқу жылы Аккредиттеу және СМЖ орталығы ұйымдастырған «Үздік сапа» атты институт көлемінде өткен  кафедраның сапа менеджмент жүйесі бойынша «Ең үздік модель» және «Ең үздік оқу бағдарламасы» бойынша фотоконкурс /презентация атты конкурсқа белсене қатысқаны үшін марапатталды.

 

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

1. Алиханова Гүлбану Ермекқызы – кафедра меңгерушісі;

2. Тағашбаева Лиза Әбдіхасылқызы - аға оқытушысы;

3. Туленбаева Зина Жолдыбайқызы - аға оқытушысы;

4. Мунатаева Эльмира Мұратқызы – доцент;

5. Башанова Гүлзира Сұлтанбекқызы - аға оқытушысы;

6. Сембекова Үміт Досайқызы - аға оқытушысы;

7. Уревская Татьяна Григорьевна - аға оқытушысы;

8. Байбосынова Аида Сатыбалдықы - аға оқытушысы;

9. Тургунтаева Гүлсара Әшімбайқызы - аға оқытушысы;

10. Қалиева Роза Жолдасқызы – оқытушысы;

11. Бақытқызы Гүлзира – оқытушысы;

12. Тулебаева Сандуғаш Кенжебаевна – оқытушысы

 

АЛИХАНОВА ГҮЛБАНУ ЕРМЕКҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі


Кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы Гүлбану Ермекқызы Алиханова 1986 – 1991 жылдары аралығында  Алматы шет тілдер педагогикалық институтында (АПИИЯ) білім алған.  Мамандығы – неміс және ағылшын тілдері пәндерінің оқытушысы. 1991 жылдан бері,  Тараз мемлекеттік педагогиалық институтында қызмет етіп келеді.   Алматы қаласында Гете институты ұйымдастыратын халықаралық конкурсқа қатысып 2 рет грант иегері атанған. 2001жылы Германияның Дрезден-Мюнхен, 2009 жылы Бонн-Келн қалаларында, 2015жылы Мюнхен қаласында MDS2.4.-К атты халықаралық әдістемелі-дидатиалық семинарларға қатысып, кәсіби біліктілігін жетілдірді. 2013-2014 оқу жылы Тараз қаласында, «Үздік мультимедиялық өнім» атты І-ші ЖОО аралық байқауға неміс тілі пәнінен құрастырылған электронды оқулықпен қатысып, ІІ-ші жүлделі орынды иеленіп, дипломмен марапатталды. 2014жылы институт көлемінде «Үздік аға оқытушы» номинациясының иегері атанды. 2015-2016 оқу жылында Қазақстан Республикасының Ұлттық  бизнес-рейтингі бойынша, «Жыл маманы-2015» атты ұлттық сертификатпен мараппатталды. Педагогика ғылымының магистрі Г.Е. Алиханова Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында көп жылдан бері еңбек етіп келе жатқан, өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын, тәжірибелі, жоғары білікті маман. Г.Е. Алиханова өз кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отыру үшін, жыл сайын халықаралық конкурстар мен әдістемелік семинарларға қатысып отырады.

Байланыс телефоны:  +7 705 902 37 13

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support