ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)



«Орыс филология» кафедрасы

«Орыс филология» кафедрасы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының алғашқы кафедраларының бірі, 1968 ж. құрылған.

Қазіргі таңда М.Е.Мыңайдарова басқаратын "Орыс филология" кафедрасының ғылыми әлеуеті өте жоғары. Кафедрада 18 адам қызмет атқарады, оның ішінде 4 профессор және 5 ғылым кандидаттары, 4 аға оқытушы. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары біліктілігімен, ұтқырлық пен ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленеді.

Оқытушылар арасында орыс тілі ғылымының белгілі ғалымдары бар: Апутан Ғапарұлы Шуканов, Ангелина Жумашевна Кадиялиева, Лилия Алексеевна Аладьина, Мария Естайқызы Мыңайдарова.

Кафедра оқытушылары ғылыми-зерттеу жұмысына белсенді түрде қатысады. "Орыс филология" кафедрасы ТМД елдерінің филология кафедраларымен тығыз ғылыми байланыс орнатқан. Кафедра ПОҚ-ның ғылыми өнімінің ВАК басылымдарында жария болуы оның сапасының жоғары екендігін көрсетеді.  Кафедра оқытушылары мен студенттері республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми байқаулары мен олимпиадаларының І-ІІІ дәрежелі дипломдарының иегерлері.

Профессор м.а. Салахитдин Омирдинович Муминовтың әдеби шығармалары мен әдеби-сыни мақалалары халықаралық деңгейде танымал. Профессор м.а. Г.Қ.Абдрахман "Жаңа тұрпатты мұғалімнің кәсіби стандарты" жобасының жұмыс тобына белсенді қатысты.

Кафедра оқытушылары лингвистикалық және әдебиеттану ғылымның даму қарқынына, филологияның ең басымды бағыттары мен тенденцияларына әрдайым зер салуда. Әр түрлі ғылыми-педагогикалық басылымдарда 300-ден аса жұмыстар жарық көрді, оның ішінде 5 монография, 25 оқу құралдары.

Кафедра "Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті", "Әдебиеттану" және т.б. филологиялық мамандықтар реестрін кеңейту бойынша жобаны жүзеге асыруда.

Кафедра Тараз қаласы мен Жамбыл облысының барлық мектептеріне жүйелі түрде кешенді көмек көрсетеді.

"Орыс филология" мамандығы студенттерінің теориялық және шығармашылық дайындығының жоғары деңгейі жыл сайын еңбек нарығындағы үлкен сұранысына ие. Олар әр түрлі білім мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж, ЖОО), баспасөзде (газет және журнал редакциясында, басылымдар, радио және теледидар), мемлекеттік қызметінде (мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар), туристік агенттіктерінде және т.б. сұранысқа ие.

Апутан Гапарович Шуканов, Ангелина Жумашевна Кадиялиева, Лилия Алексеевна Аладьина, Мария Естаевна Минайдарова.

«Орыс филология» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент

Мыңайдарова Мария Естаевна

Мыңайдарова Мария Естаевна 1975 жылы Жамбыл педагогикалық институтының филология факультетін үздік бітірді. Институтта Ленин шәкіртақысының иегері болды. Институтты бітіргеннен кейін Ғ. Мұратбаев атындағы № 322 орта мектебінде орыс тілі мен әдебиеті мүғалімі болып жұмыс істеді.

1979 жылдың қыркүйегінен бастап Мария Естаевна Жамбыл педагогикалық институтында, ал 1995 жылдан «Қазақ және орыс тілдерінің практикалық курсы» кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарып келеді.

Институтта М.Е.Мыңайдарова өзін жоғары білікті маман және студент жастарының тәрбиешісі ретінде көрсете білді. Инновациялық технологиялары мен орыс тілін оқыту әдістемесі саласындағы жаңашыл әдебиеттерді қолдана отырып және қазақ дәрісханасында орыс тілін оқытудың алдыңғы қатарлы тәжірибені басшылыққа алып, сабақтарын жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейінде өткізеді..

Мария Естаевнаның 60-тан аса ғылыми мақалалары, әр түрлі мамандықтарының қазақ студенттеріне арналған орыс тілінің практикалық курсы бойынша 10 оқу құралы мен 5 әдістемелік нұсқалары жарық көрді.

М.Е.Мыңайдарова бірнеше жыл бойы факультеттің ӘБ төрағасы, институттың Ғылыми кеңесінің мүшесі, филология факультеті мен институттың әдістемелік кеңесінің мүшесі.

Әр түрлі деңгейдегі тексеру комиссияларының төрағасы мен мүшесі болып келеді. Ынталы, ұқыпты, талап қойғыш,  жауапкершілігі мол М.Е. Мыңайдарованың институт оқытушылары мен студенттердің арасында беделі мол.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support