ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)



«ҚАЗАҚ ФИЛОЛОГИЯСЫ» КАФЕДРАСЫ

ТАРИХЫ

Жамбыл педагогикалық институтында «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы  1989 жылы  23 тамызда № 217 институт бұйрығымен ашылды. Кафедрада 35-ке жуық адам қызмет істеді. Олардың ішінде Қазақ тілі кафедрасының  негізін қалаған п. ғ. к., доцент Тасболатов Қапаш Тасболатұлы, ф.ғ.к., доцент Садықбеков Рахым Айтбайұлы, ф.ғ.к., доцент Байтелиев Алтай Әшенұлы, аға оқытушы М.А. Айтжанова бар. Әр жылдары кафедраны басқарған ғалымдар: Р.А.Садықбеков (1989-1993), А.Ә.Байтелиев (1993-1999), М.Мырзахметұлы (1999-2000), А.Н.Тұрарова (2000-2010), Л.Т.Мақұлова (2010-2011), К.М.Қарымбаева (2011-2013). Тараз мемлекеттік педагогикалық институты Филология факультетінде Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті кафедралары болып 2000 жылы 1- қыркүйекте құрылған. 2013-2014 оқу жылынан бастап «Қазақ тiлi» және «Қазақ әдебиеті», «Практикалық қазақ тілі» кафедралары біріктіріліп, «Қазақ филологиясы» кафедрасы ретінде қайта құрылды.  Бүгінгі таңда кафедра 5В011700–«Қазақ тiлi мен әдебиетi», 5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті»  мамандығын  дайындайды. 2013-2014 оқу жылынан бастап кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қазақ әдебиеті пәнінің маманы Әбдіқадырова Тұрсынай Рыстайқызы тағайындалды.  5В011700–«Қазақ тiлi мен әдебиетi» мамандығына дайындау ҚР БҒжМ  бұйрығымен бекiтiлген мамандықтар классификаторына және 2010 жылғы 03 қарашадағы № 514 бұйрығымен бекiтілген 6.08.073-2010 ҚР МЖМБС (ҚР МЖМБС 03.08.266-2006) сәйкес келеді. 5В011700–“Қазақ тiлi мен әдебиетi” мамандығы бойынша маман дайындау ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi бақылау Комитетінің 2012 жылғы 24 желтоқсандағы №1701 бұйрығымен берілген №12019544 лицензия негізінде жүргізіледі. Мамандықтың күндізгі оқу бөлімінде оқу мерзiмi–4 жыл, сырттай оқу бөлімінде  жеделдетілген  оқу мерзімі-3 жыл.

5В012100 – «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы ҚР Білім және ғылым министрлігі бақылау комитетінің 24.12.2012 ж. № 1701 бұйрығымен берілген № 12019544 лицензиясы және ҚР МЖБС 3.08.009-2006, 6.08.018- 2009, 6.08.065-2010 мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде жүзеге асырылады. Оқу мерзiмi күндізгі бөлімде 4 жыл,  жеделдетілген топтарда 3 жыл.

Қазақстан Республикасының үш тілді меңгеру саясатын жүзеге асыруда өз үлестерін қоса отырып, кафедра ұжымы педагогикалық  кадрларды дайындауда озық тәжірибелерді қолданады.

Л.Мақұлова мен М.Сәрсембаеваға  «Назарбаев зияткерлік мектебінен» біліктілікті жетілдіру курсын табысты аяқтағаны үшін Сертификат берілді (2012ж.).

МИССИЯСЫ

-  білім беру үрдісін білікті мамандармен қамтамасыз ету;

-  оқу үрдісіне инновациялық технология мен интерактивті әдістерді енгізу,

- кафедра оқытушыларының халықаралық және республика көлеміндегі білім беру бағдарламалары мен жобаларына қатысуын кеңейту;

-  институт көлемінде пәндік олимпияда ұйымдастыру;

-  кафедра оқытушыларын ақпараттандыруды қарқынды дамыту;

-  кафедраның ғылыми мүмкіндіктерін нығайту жұмыстарын ары қарай ұйымдастыру;

-  жаңа тұрпатты мұғалім дайындауға бағытталған ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізу;

-  мектепте 12 жылдық білім беру мәселелері бойынша ғылыми-теориялық зерттеулер жүргізу;

-  ғылыми бейімделген оқытушылар мен білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жетілдіру;

- мектеп мұғалімдеріне, мектеп оқушыларына ғылыми–зерттеу жұмыстарына баулып, көмек көрсету;

Кафедраның стратегиялық мақсаты – бәсекеге қабілетті, білікті, жан-жақты дамыған, терең білімі бар және жаңа тәжірибелік дағдыларды игерген мамандарды дайындау. Қазақ тілі кафедрасының міндетті ісі қазақ филологиясы бойынша сапалы әрі жаңа технологияға  негізделген білім беру  және ғылыми процесті қамтамасыз ету болып табылады. Мамандарды дайындаумен тәжірибелі педагогтар айналысады. Профессор-оқытушылар құрамында  - 24 адам, оның ішінде штаттық орында 24 адам. Кафедрада ғылыми атақтары мен дәрежелері бар 15 адам жұмыс істейді: 2 профессор, 13 ғылым кандидаты, доценттер, 5 аға оқытушы, 1 оқытушы,  3 магистрант. Кафедра профессор-оқытушыларының ғылыми деңгейі 65 % құрайды.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

1. Әбдіқадырова Т.Р. - кафедра меңгерушісі,   ф.ғ.д.,профессор

2. Байтелиев А.Ә. – ф.ғ.д., профессор

3. Садықбеков Р.А.- ф.ғ.к., доцент

4. Исматова С.М.- ф.ғ.к., доцент

5. Тұрарова А.Н.- ф.ғ.к., доцент

6. Қарымбаева К.М. – ф.ғ.к., доцент

7.  Асылбекова Н.Ө.. – ф.ғ.к., доцент

8.  Мақұлова Л.Т. – ф.ғ.к., доцент

9.  Саламатова Р.М.- ф.ғ.к., доцент

10.  Баймбетова А.А. – ф.ғ.к., доцент

11. Сәрсембаева М.Қ. – ф.ғ.к., доцент

12.  Жұмабаева А.М. -  п.ғ.к., д.м.а.

13.  Абдуалиева Ж.Б.- ф.ғ.к., доцент

14. Мейірманова Г.С. – ф.ғ.к., д.м.а.

15. Жампейісова Ж. – ф.ғ.к., доцент

16. Байсейітова С.А. - аға оқытушы

17. Мұқашева А.М.- аға оқытушы

18. Қазақбаева К.Р. - аға оқытушы

19. Шаханова Э.А. – аға оқытушы

20.Әбдімомынов Е.- аға оқытушы

21. Жазылбаева С.С.- оқытушы

22. Иманбекова Н.Н. – магистр

23. Тоқташбай М.- магистр

24. Бекназаров Б.-магистр

 

АБДЫКАДЫРОВА ТҰРСЫНАЙ РЫСТАЙҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Тұрсынай Абдыкадырова 1959 жылы дүниеге келген. Білімі: жоғары. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институты, филология факультетін тәмәмдаған. Еңбек жолы: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Қазақ әдебиеті» кафедрасының доценті. Астана қ. 2010 жылдан-2013, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті «Қазақ әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, қафедраның доценті. Алматы қ. 2007 жылдан 2010 дейін, Алматы гуманитарлы-техникалық университетінің деканы 2005-2007 жылға дейін. Алматы қ. Тараз мемлекеттік педагогикалық институты филология факультетінің деканы. Тараз қ. 2004ж-2005ж. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті оқытушы, аға оқытушы және «Практикалық қазақ тілі», «Қазақ тілі мен әдебиетін оқыту әдістемесі» кафедраларының меңгерушісі. Тараз қ. 1998 жылдан 2004 жылға дейін, Жамбыл облысы Қаратау қаласында Қаратау тау-кен құрылыс техникумының оқытушысы. Қаратау қ. 1990ж-1998ж. Жамбыл облысы, Жамбыл, Қаратау қалаларында қазақ тілі пәнінің мұғалімі. 1981ж-1990 ж. Жамбыл облысы, Талас ауданы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.1979 ж-1981 ж. Қазіргі таңда Тараз мемлекеттік педагогикалық институты «Қазақ филологиясы» кафедрасының п.ғ.д.,профессор, кафедра меңгерушісі. Тараз қ. ТАРМПИ 2013 ж қыркүйек. «Ыбырай Алтынсарин атындағы сыйлықтың лауреаты».

Байланыс телефоны: 87025255546

e-mail: Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support