ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)



ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Төле би көшесі, 70. № 3 оқу ғимараты.

Деканат телефоны:  +7 (7262)-34-04-72

ТАРИХЫ

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ең байырғы білім ошақтарының бірі – Филология факультеті.  Оның іргетасы 1967 жылы қаланды. Факультеттің негізгі миссиясы – жаңаша ойлайтын жаңа тұрпаты филолог-мұғалімдерді қалыптастыру. Басты міндеттері – толық және сапалы кәсіби білімді қамтамасыз ету,  заман талабына сай кәсіби ұтқырлықты кепіл ететін ғылымдар бойынша бітірушілерді фундаменталды біліммен қаруландыру, азаматтық ұстанымы бар кәсіби мәдениеті жоғары бітірушілерді дайындау. Мақсаты – көптілді жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыру. Филология факультетінде білім беру мәселелері бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде. Зерттеу мәселесінің өзектілігі мемлекетіміздің үштұғырлы тіл саясаты, «Тілдер үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдік жүзеге асыру қажеттілігімен және қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас  тілі және ағылшын тілін жаһандық экономикасына ойдағыдай интеграциялау тілі ретінде оқыту сапасын жетілдіруге негізделген. Филология факультетінің ұжымы еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың алға қойған стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың үлкен жауапкершілігін түсінеді және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру жұмысына өз үлесін   қосуға дайын.

Факультетте оқу үрдісін 4 кафедра жүзеге асырып, 5 мамандық бойынша білім береді.

Қазақ филология кафедрасы 1989 жылы, 23 тамызда (№ 217 институт бұйрығымен) ашылды.  1991 жылы факультет жанынан колледж ашылып, онда қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша мамандар даярланды. Орыс филология кафедрасы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының алғашқы кафедраларының бірі, 1968 жылы құрылған. Қазіргі таңда кафедраның ғылыми әлеуеті өте жоғары. Кафедрада 18 адам қызмет атқарады, оның ішінде 4 профессор және 5 ғылым кандидаттары, 4 аға оқытушы. Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы жоғары біліктілігімен, ұтқырлық пен ұйымдастырушылық қабілеттерімен ерекшеленеді. Практикалық шет тiлдері кафедрасы 2004 жылдың сәуiр айында Техникалық және педагогикалық мамандықтары бойынша шетел тілдері кафедрасы негізінде құрылды, қазір Практикалық шетел тілдері кафедрасы деп аталады. Кафедра қызмет көрсету кафедрасы болып табылады және жаратылыстану ғылымдары, шығармашылық мамандықтар, педагогикалық, тарих-география, филология және сырттай білім беру факультеттерінің білімгерлеріне ағылшын, неміс тілдерін оқытуды жүзеге асырады. 2007 жылғы Ағылшын тілі және Неміс тілі кафедраларының қосылуы арқылы Герман тілдері және герман тілдерін оқыту әдістемесі кафедрасы құрылды. 2012 жылы тамыз айында Ғылыми Кеңестің шешімімен Шетел тілдері кафедрасы болып өзгертілді.

МИССИЯСЫ

Филология факультетінің миссиясы – жаңаша ойлайтын жаңа тұрпаты филолог-мұғалімдерді қалыптастыру. Басты міндеттері - толық және сапалы кәсіби білімді қамтамасыз ету,  заман талабына сай кәсіби ұтқырлықты кепіл ететін ғылымдар бойынша бітірушілерді фундаменталды біліммен қаруландыру, азаматтық ұстанымы бар кәсіби мәдениеті жоғары бітірушілерді дайындау. Мақсаты – көптілді жаңа тұрпатты мұғалімді қалыптастыру.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Бүгінгі таңда тілдерді оқыту саласында болашақ мамандарды оқыту бойынша едәуір тәжірибе қалыптастырып, шет елдермен тығыз байланыс орнатуда. Қазіргі кезде кафедраларда қызмет атқаратын профессор – оқытушылар  саны - 78. Олардың ішінде 2 ғылым докторы, 4 профессор, 30 ғылым кандидаттары. Оқытушылар ұжымы біздің факультетті тәмәмдаған жас мамандармен толықтырылуда. ТарМПИ «Университеттердің ұлы хартиясына» енуіне байланысты факультетте үнемі материалдық-техникалық базасы нығайып тұрады.

2011-2020  жылдарға арналған ҚР білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты факультеттің профессор-оқытушылары Болон үрдісі принциптеріне сәйкес оқу үрдісінде білім берудің әлемдік деңгейіне жету және Еуропалық білім кеңістігіне ену жөнінде біраз шаралар атқарды. Оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда  академиялық ұтқырлық аясы  кеңейтілді. Гете университетінің профессоры И.А.Невскаяның (Германия), Сегед  университетінің профессорлары Р.Мұқышеваның, Мария Иваничтермен әріптестік байланыс оңды жолға қойылған. Сегед университетіне (Венгрия) екіжақты келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлықты дамыту және біріккен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында  филология факультетінің  оқытушылары мен магистранттары тәжірибе алмасуда.

Филолология факультетінде білім беру мәселелері бойынша үлкен ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде. Зерттеу мәселесінің өзектілігі мемлекетіміздің үштұғырлы тіл саясаты, «Тілдер үштұғырлығы» мәдени жобасын кезеңдік жүзеге асыру қажеттілігімен және қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде, орыс тілін ұлтаралық қатынас  тілі және ағылшын тілін жаһандық экономикасына ойдағыдай интеграциялау тілі ретінде оқыту сапасын жетілдіруге негізделген.

Филология факультетінің ұжымы еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қойған стратегиялық міндеттерді жүзеге асырудың үлкен жауапкершілігін түсінеді және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін жетілдіру жұмысына өз үлесін   қосуға дайын.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Бүгінгі таңда тілдерді оқыту саласында болашақ мамандарды оқыту бойынша едәуір тәжірибе қалыптастырып, шет елдермен тығыз байланыс орнатуда. 2011-2020 жылдарға арналған ҚР білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты факультеттің профессор-оқытушылары Болон үрдісі принциптеріне сәйкес оқу үрдісінде білім берудің әлемдік деңгейіне жету және Еуропалық білім кеңістігіне ену жөнінде біраз шаралар атқарды. Оқу бағдарламаларының мазмұнын анықтауда академиялық ұтқырлық аясы кеңейтілді. Гете университетінің профессоры И.А.Невскаяның (Германия), Сегед университетінің профессорлары Р.Мұқышеваның, Мария Иваничтермен әріптестік байланыс оңды жолға қойылған. Сегед университетіне (Венгрия) екіжақты келісімшарт негізінде академиялық ұтқырлықты дамыту және біріккен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында филология факультетінің оқытушылары мен магистранттары тәжірибе алмасуда.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Бүгінде факультетте мемлекеттік тілді оқытудың көп деңгейлі кешенді бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Факультетте мамандық пәндері бойынша сабақтар арнайы жабдықталған лингафон кабинеттері мен компьютер сыныптарында, осы заманғы техникалық құралдардың көмегімен жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдана отырып өткізіледі. Мамандықтар бойынша дәріс өткізілетін осы заманғы озық техникамен, интерактивті тақталармен жарақтандырылған арнайы дәрісханалар бар. Ақылы негізде оқитын студенттерге әртүрлі жеңілдіктер жасалады.

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтындағы іргелі оқу орталықтарының бірі саналатын Филология факультеті – бүгінде өрлеймін деген ойға өріс жалғайтын, жанамын деген жүрекке от беретін, жеті жұрттың тілін меңгеремін деген талапкерлерге тіл мен әдебиеттің, сөз өнері мен мәдениеттің нәрін сіңіретін шынайы ұстаханасы болып отыр. Факультетте шәкірттердің ғылыми-шығармашылық қабілетін қалыптастырып дамыту мақсатында студенттердің ғылыми үйірмесі, «Жас журналистер» бөлімі жұмыс істейді. «Томирис» бишілер тобы, «Қыздар» дуэті институттың мәдени өміріне белсене атсалысады. Факультет студенттерінің теориялық және шығармашылық дайындығының жоғары деңгейі жыл сайын еңбек нарығындағы үлкен сұранысына ие. Олар әр түрлі білім мекемелерінде (мектеп, гимназия, лицей, колледж, ЖОО), баспасөзде (газет және журнал редакциясында, басылымдар, радио және теледидар), мемлекеттік қызметінде (мұрағаттар, кітапханалар, мұражайлар), туристік агенттіктерінде және т.б. сұранысқа ие. Талапты білімгерлердің көркем шығармалары, түрлі конференциялардағы баяндамалары мен ғылыми мақалалары институт басылымдарында, түрлі жинақтарында үздіксіз жарияланып тұрады.

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

5В011700  – Қазақ тілі мен әдебиеті (Қазақ әдебиеті);

5В011800  – Орыс тілі мен  әдебиеті (Орыс әдебиеті);

5В011900 Шетел тілі: екі шетел тілі (Ағылшын);

- ағылшын және неміс тілдері;

- ағылшын және қытай тілдері;

- ағылшын және түрік тілдері;

- ағылшын және корей тілдері;

5В012100  – Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті (Қазақ әдебиеті);

5В012200  – Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті (Орыс әдебиеті).

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support