• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



«Психология және акмеология» кафедрасы

ТАРИХЫ

«Психология және акмеология» кафедрасында білімгерлерді даярлау мына мамандықтар бойынша жүзеге асырылады: 1995ж. бастап 5В010300-«Педагогика және психология», 1996ж. бастап 5В050300-«Психология». 2011 жылдың қазан айынан бастап кафедраны п.ғ.к., доцент Сматова К.Б. басқарып келеді. Кафедрада 1 профессор,  7 доцент, 3 аға оқытушы, 3 оқытушы, 2 ассистент   қызмет атқарады. Соңғы жылдарда  ПОҚ-ның 98% ҚР және шетелдерде біліктілігін арттыру курстарынан өткен,  500-астам ғылыми еңбектері  жарық көрді.

Кафедра миссиясы – Мәңгілік ел жалпы қазақстандық ұлттық идеясын  қуаттауда, Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси  талаптарын қанағаттандыратын, инновациялық  білім берудің озық үлгілерін меңгерген және оны тәжірибеде қолдана білетін, ғылыми шығармашылық әлеуеті жоғары,  кәсіби өсуге қабілетті шығармашыл тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Мамандық білімгерлері жыл сайын өтетін Республикалық  пәндік олимпиадаларда жүлделі орындарды иеленіп келеді. Атап айтсақ: 2005 ж. бас жүлде  (Өскемен);  2007 ж. II орын (Қарағанды); 2008 ж. I орын (Ақтөбе) және  2011-2017 жылдар аралығында қатарынан II-ІІІ орындар (Алматы). 2016-2017жж. аралығында білімгерлер РФ, Қазан қ. «Психология» бойынша өткен халықаралық on-line пәндік олимпиадаға қатысып, қатарынан 2-3 орындарды иеленді.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында «Св.Климент Орхидски» атындағы София мемлекеттік университеті (Болгария), Лодзъ университеті (Польша, Лодзъ қ.), І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты, Костанай мемлекеттік педагогикалық институты,  М.Козыбаев атындағы Батыс-Қазақстан мемлекеттік университеті және т.б. арасында серіктестік байланыс орнатылып, 15-астам студент тәжірибе алмасты.

Кәсіптік практикаларды ұйымдастыруда білім беру мекемелері, қызмет көрсету салаларымен  келісімшарттар орнатылған: балалар бақшасы, мектеп және гимназиялар, колледждер, Ән-Нұр-Фат білім беру орталығы, Жамбыл ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстар қызметі» мемлекеттік мекемесі, Қарттар үйі, ҚР ұлттық гвардиясының 5513 әскери бөлімі, «Жан-Нұр жастар орталығы» және т.б.

Кафедра жанындағы «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету, профессор С.Смайлов атындағы «Таным», «Психологиялык-педагогикалык инновациялар» (ресурстық) орталықтары, «Психологиялық-педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі», «Акмеология негіздері», «Relax» – психологиялық қызмет көрсету кабинеттері заманауи технологияларға негізделген.

Кафедра соңғы үш жылда «Үздік кафедра», «Үздік білім бағдарламасы», «Үздік флипчарт-2016» (аға оқытушы Макашкулова Г.Б.), «Үздік куратор-2016» (оқытушы Есентаева Б.Ү.), «Креативті-шығармашыл кафедра» номинацияларын иеленген.

2017 жылы  кафедра доценттері А.Д.Болтаев, К.Б. Сматова білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

СМАТОВА КЛАРА БЕГАЛЫҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Сматова Клара Бегалықызы педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Жоғары оқу орнындағы еңбек өтілі 26 жыл. Диссертациялық жұмысын «Жоғары оқу орындарында өзіндік жұмыстар арқылы студенттердің оқу біліктерін қалыптастыру» мәселелері аясында   қорғады. 40-тан астам  ғылыми еңбектері жарық көрді. 2016 жылдан бастап РҚБ «Қазақ Психологиялық қоғамының» мүшесі. 2011-2012ж. аралығында ҚР БҒМ Ұлттық аккредиттеу орталығы, Қазақстан ЖОО-ын ранжирлеу бойынша сараптау комиссиясының мүшесі.

2014 жылы Алматы қ. «Өрлеу» БАҰО-да  біліктілігін арттырды. 2016 жылы Psychological features of the value sphere structure of titular ethnic group of Kazakhstan, 2017 ж. «Методология и методы психолог-педагогических исследований» (МПГУ профессоры, п.ғ.д.  Ю.А. Дмитриевтің авторлық семинары), «Креативті педагогтың деонтологиялық даярлығы» (профессор Б.Н.Кертаеваның мастер-классы) тақырыбында және т.б. біліктілігін көтеріп,  бірнеше сертификат иеленді. 2017 жылы білім беру саласындағы ерекше еңбегі үшін «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төс белгісімен марапатталған.

Байланыс телефоны: + 7 701 328 62 26

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support