ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)



«Жалпы педагогика және психология» кафедрасы

2004 жылы Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ашылуына байланысты «Педагогика және этнопедагогика» кафедрасы құрылды.

2013 жылы кафедра «Жалпы педагогика және психология» кафедрасы болып қайта жасақталды.

Кафедра меңгерушісі п.ғ.д., профессор, Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспендент мүшесі, Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы, Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгінің  иегері, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің үздігі  К.Ж.Бұзаубақова басқарады.

Кафедраның ғылыми әлеуеті жоғары: 2 ғылым докторы, 7 ғылым кандидаты және 10 педагогика магистрлері еңбек етеді. Кафедрада  педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Ұлттық Білім академиясының академигі –  Қ.Бөлеев қызмет істейді. Сондай-ақ, педагогика ғылымдарының кандидаттары, доценттер – Б.А.Азтаева, М.С.Елубаева, З.Қашқынбаева, А.А.Шауханов,  Л.Қ.Бөлеева, П.Қ.Бөлеева және аға оқытушылары- Р.Жұмағалиев, П.Алиева, А.Ботамкулова, Д.Тлегенов, И.Алашбаева, Р.С.Азимбекова, оқытушылар – С.Ж.Бөпетаева, Ж.Күмісбекова, Ж.Қапанова, Ж.Келиманова, Ж.Байгутдиева,ассистент М.Батырбеков  жұмыс жасайды.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы болашақ мұғалімдерді даярлаумен бірге, магистранттардың, PhD докторанттардың ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  жетекшілік  жасап, педагогика  ғылымының  өзекті мәселелерін  шешуде  және жоғары оқу орындарын ғылыми  дәрежелі мамандармен  қамтамасыз  етуде зор  үлес қосып келеді.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамы   педагогика  ғылымының өзекті  мәселе бойынша  кешенді   ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда,  профессор  К.Ж.Бұзаубақованың «Жаңа тұрпатты мұғалім дайындаудың өзекті мәселелері: оқу – тәрбие процесіне инновациялық технологияны ендіру» тақырыбы бойынша  жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмысының нәтижелері жоғары педагогикалық оқу орындары мен жалпы орта білім беретін мектептердің тәжірибесіне нәтижелі ендірілуде, ал профессор Қ.Бөлеевтің «Болашақ мұғалімдерді және мектеп мұғалімдерін оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы»  ғылыми еңбектері  болашақ мұғалімдері мен мектеп  мұғалімдерін  оқушыларға  ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасын жасау  мәселесін   кешенді зерттеуге  бағытталған.

Кафедра мектепке дейінгі ұйымдар, жалпы орта білім беретін мектептер,Назарбаев зияткерлік мектептері,педагогикалық колледж және Республикадағы барлық педагогикалық жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастық байланыс орнатқан.

ҚР-да білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында көптілді мамандар даярлау мақсатында 2012-2013 оқу жылынан бастап педагогикалық циклдегі пәндер-педагогикалық мамандыққа кіріспе,этнопедагогика пәндері көптілді топтарында ағылшын тілінде жүргізілуде.

2013-2014 оқу жылында кафедрада «Он-лайн жүйесіндегі үздік сабақ» онкүндігі өткізіліп, кафедраның доценті,педагогика ғылымдарының кандидаты А.А.Шауханов,аға оқытушы Р.А.Жумагалиев «Этнопедагогика» пәндерін көптілділік топтарында ағылшын тілінде он-лайн режимінде өткізсе, ал аға оқытушы А.Б.Ботамкулова панорамалық сабақ көрсетті. Оны Тараз қаласындағы Абай атындағы педагогикалық колледж  ұжымы он-лайн режимінде көріп, инновациялық іс-тәжірибемен бөлісті. Сондай-ақ, осы онкүндікте кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өз іс-тәжірибесімен Тараз қаласындағы орта және арнаулы орта білім беру ұйымдарымен бөлісті.

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы өз біліктіліктерін жақын және алыс шетелдерде арттыруда.2013 жылы кафедраның доценті А.А.Шауханов  Ұлыбританияның Ньюкасл университетінде педагогикалық тағылымдамадан өтті.

2014 жылдың  қаңтар айының 18 жұлдызында кафедраның профессор-оқытушылар құрамы «Жаңа тұрпатты мұғалімнің креативті қабілетін қалыптастыру» тақырыбына семинар тренинг ұйымдастырды.Оған Туркияның Кастамону Университетінің ректоры Айдын Сейт пен осы оқу орнының проректоры Али-Рафет Озкан қатысты.

Кафедраның профессор – оқытушылар құрамының       ғылыми мақалалары ғылыми  конференциялар материалдарының жинақтарында, республикалық шетелдік педагогикалық арнайы  журналдарда жарияланып, бес   жүзге тарта ғылыми оқу-әдістемелік еңбектері  жарық көрді.

Бұзаубақова Клара Жайдарбековна

Жалпы педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор

К.Ж.Бұзаубақова  300-ден  астам ғылыми еңбектің авторы, соның ішінде 100-ден астамы жүргізілген зерттеу жұмысы бойынша педагогика ғылымының өзекті мәселелерін қамтиды: 4 монография, 36-дан аса оқу-әдістемелік құрал, 6 оқу құралы. 1996 жылы «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен марапаталды. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі тарапынан «Ы.Алтынсарин» атындағы медальмен марапатталды. 2008 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын жеңіп алды. 2010 жылдың  23 сәуір айынан  бастап Қазақстан Педагогикалық Ғылымдар Академиясының корреспондент мүшесі.

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support