«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

«Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы

«ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ БАСТАУЫШ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

«Бастауыш педагогикасы мен әдістемесі» кафедрасы 1.09.1989 жылдың № 4180 бұйрығымен құрылды. Кафедра меңгерушісі педагогика ғылымдарының кандидаты Сарыбеков М.Н. болды. Ғылыми кеңестің шешіміне байланысты ректордың 2.09.1991 ж. бұйрығымен «Педагогика және баастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы ашылды. №  249-ОК  от  02. 09. 91 бұйрығына сәйкес кафедра меңгерушісі болып педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Мусаев С.А. бекітілді.1997-1998 оқу жылында Педагогика кафедрасы мен Педагогика және бастауышта оқыту әдістемесі кафедралары біріктірілді. Бұл оқу жылында кафедраны өз кезектерінде бастапқыда Қазақстан Академиясының Халықтық академигі  «Экология» және акмеология ғылымдарының Академиясының корреспондент мүшесі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Н.С. Сарыбеков пен кейіннен жаратылыстану ғылымдарының Академиясының академигі педагогика ғылымдарының докторы, профессор Т.К. Кенжебаев меңгерді. 2003 оқу жылының 19 қыркүйегінен бастап қажеттіліктілікке байланысты «Педагогика» кафедрасынан «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасы қайта бөлінді.

МИССИЯСЫ

Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі кафедрасының миссиясы: болашақ педагог мамандарды бәсекеге қабілетті дайындаудың сапалық деңгейін жоғарылату және оқу үдерісін инновациялық технологиялармен қамтамасыз ету, кафедраның ғылымыи, әдістемелік және материалдық техникалық, кадрлық потенциалын жоғарылату мәселелері қарастарылған.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Қазіргі таңда «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» кафедрасының құрамында 8 ғылым кандидаты және 8 магистерлер. Кафедраның 3 оқытушысы Ы. Алтынсарин атындағы медальдерімен марапатталды, педагогика институтының оқу, тәрбие және болашақ педагогтарды даярлау негізінде белсенді ат салысқан 4 оқытушы 45 жасқа толған мерейіне орай медальдермен марапатталды. 2014-2015 оқу жылында п.ғ.к., доцент Кенжебаева А.Т. біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша Назарбаев Интеллектуалды мектебі мен Кембридж университетінің білім беру факультетінің бірлескен ұйымдастырылуымен жүргізілген жаттықтырушыларды дайындау курсынан өтті.

 

КЕНЖЕБАЕВА АЛИМА ТӨЛЕУҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Кенжебаева А.Т. 1973 жылы 4 қаңтарда Жамбыл қаласында дүниеге келген. 1994 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математика факультетін аяқтады. 1999 жылы «Студенттердің шығармашылық қабілеттерін дамытудың педагогикалық шарттары» (математика және физика курстарын зерттеу негізінде) атты диссертациялық тақырыпта кандидаттық дәрежені қорғап шықты. 2011 жылы «Математика» мамандығы бойынша доцент атақ дәрежесіне иеленді. 55-ке жуық ғылыми еңбегі жарыққа шықты. ЖОО-да 21 жылдық еңбек өтілімі бар. Халықаралық дәрежеде сертификаттарға ие: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетенің білім беруді жетілдіру бағыты бойынша «Жоғары мектеп менеджменті» атты; Назарбаев Интеллектуалды мектебі мен Кембридж университетінің білім беру факультетінің бірлескен ұйымдастырылуымен жүргізілген біліктілікті арттыру бағдарламасы бойынша жаттықтырушыларды дайындау негізіндегі сертификаттарға иеленді.

Байланыс телефоны: +7 777 241 34 46; +7 701 801 01 27

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support