«Мектепке дейінгі педагогика және психология» кафедрасы

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

«Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» кафедрасы

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ» КАФЕДРАСЫ

Кафедра туралы ақпарат

ТАРИХЫ

2004 жылдан бастап «5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша мемлекеттік және орыс тілінде  «Бастауыш  оқыту әдістемесі және  педагогикасы» кафедрасының базасында  маман  даярлау  жүзеге  асырыла  бастады. Бірінші жылы күндізгі бөлімге 19, сырттай бөлімге 33 білімгер қабылданды. 2011-2012 оқу жылында «Бастауыш оқыту әдістемесі және педагогика» кафедрасынан  «Мектепке дейінгі оқыту  және тәрбиелеу»  кафедрасы бөлініп шықты. «5В010100 – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша бітірушілер арнайы орта білім беру орнының Кеңесі бекіткен білім бағдарламасымен сәйкестендірілген  «Мектепке дейінгі білім беру тәрбиешісі» бакалавр дәрежесіндегі мамандар дайындайды. Кафедраның алғашқы ірге тасын қалағандар Ү.Ә.Тұрғынтаева,  Н.Н.Денисова, Д.А.Сабекова, М.П.Оспанбаева сияқты мамандар болды, уақыт өте келе,  педагогикалық ұжым тәжірибелі мамандармен және кафедраның өз түлектері - Р.Қ.Керімбаева, Ш.Ә.Төлебаева, Г.Т.Ахметова, А.Ш.Стыбаева сияқты педагогика ғылымдарының кандидаттарымен, басқада ғылыми-педагогикалық дәрежелі және осы мамандық бойынша магистратура бітірген: Р.Т.Шыниева, А.Р.Оспанбаева сияқты тәжірибелі педагогтармен, А.Е.Исабекова, А.Е.Қадырова т.б. ізденгіш жас мамандармен  толыға түсті.

МИССИЯСЫ

Мектепке дейінгі білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін жаңашаландыру жағдайына байланысты кафедраның миссиясы - мектепке дейінгі бiлiм беруде бәсекеге қабілетті инновациялық педагогикалық технологияларды, E-learning жүйесін оқу үдерісінде пайдалана алатын, кең дүниетанымдық көзқарас, толық құзыреттілік, шығармашылық әрекетке бейім, жоғары білікті тұлға қалыптастыру.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Бүгінгі күні кафедраның педагогикалық ұжымында 5 ғылым кандидаты (3 доцент, 2 доцент м.а.), 3 аға оқытушы, 1 оқытушы, 1 ассистент қызмет атқаруда.

 

СТЫБАЕВА АЙГҮЛ ШІЛДЕБАЙҚЫЗЫ

Кафедра меңгерушісі

Стыбаева Айгуль Шілдебайқызы педагогика ғылымдарының кандидаты, психология доценті. Стыбаева Айгуль Шілдебайқызы 1973 жылдың 4 желтоқсанында Жамбыл облысы, Шу ауданында дүниеге келген. 1980-1990 жылдары Шу ауданы, Төле би елді мекеніндегі М.Горький атындағы орта мектепті бітірген. 1990 жылы Жамбыл педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі педагогика және психология» мамандығына түсіп, 1994 жылы аталған оқу орнын үздік бітіріп шықты. Осы жылы Жамбыл педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасына ассисент болып қабылданды. 1996-1999 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің аспирантурасына «130001-Жалпы педагогика, этнопедагогика» мамандығы бойынша білім алған. 1999 жылы «Болашақ мұғалімнің кәсіби-адамгершілік сапасын қалыптастыру» тақырыбында кандидаттық диссертациясын сәтті қорғаған. Қазіргі уақытта мектеп жасына дейінгі балалардың психологиясы мен педагогикасы тақырыбында диссертациялық зерттеудің өзекті мәселелерімен айналысып келеді. Стыбаева А.Ш. 50-ден астам ғылыми мақалалардың  авторы,оқу құралдары:  «Первичная психологическая адаптация детей 6-7 лет к условиям школы», «Қиын тәрбиеленетін оқушылармен жүргізілетін сақтандыру және түзету жұмыстары», «Лекциялар курсы  дифференциалдық психология», «Пәнді оқытудың әдістемелік нұсқауы дайындалды.  «Психолого-педагогическая диагностика личности», «ЖОО студенттерінің дипломалды  педагогикалық практикадан   өтуге арналған әдістемелік нұсқауы және жұмыс бағдарламасы»,оқу бағдарламалары: Практикалық психология, Диференциалды психология, Білім берудегі психологиялық қызмет, Мектепке дейінгі педагогика, Оқу-таным әрекетін ұйымдастыру,  Психодиагностика негіздері, Психологиялық –педагогикалық диагностика; студенттерге арналған курстық және өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқауын дайындаған. Кәсіби қызметінде деканның ғылым жөніндегі орынбасары, педагогика факультетінің ғылыми-методикалық бюросының төрайымы,ТарМПИ-дің қабылдау комиссиясының  жауапты хатшы орынбасары, педагогика  саласында диссертациялық кеңестің мүшесі болған. Қазіргі уақытта «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» кафедрасында  меңгеруші қызметін атқарады.

Байланыс телефоны: +7 701 753 80 54; +7 771 835 71 06

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support