ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ МЕН ДАМЫТУҒА ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫЛСЯ «ЦЕНТР КОРРЕКЦИОННОЙ ПОДДЕРЖКИ РЕЧЕВОГО РАЗВИТИЯ ДЕТЕЙ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «ӨЗІН-ӨЗІ ТАНУ» ОРТАЛЫҒЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛДІ (TARSPI_MEDIA) // ОТКРЫТ ЦЕНТР «САМОПОЗНАНИЕ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ МЕН НЗМ ӨЗАРА ӘРІПТЕСТІК ҚАТЫНАС ОРНАТТЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ И НИШ УСТАНОВИЛИ ВЗАИМОСОГЛАШЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ ЗАМАНАУИ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРМЕН ТАНЫСТЫ (TARSPI_MEDIA) // УЧАЩИЕСЯ ШКОЛ ПОЗНАКОМИЛИСЬ С СОВРЕМЕННЫМИ ЛАБОРАТОРНЫМИ РАБОТАМИ (TARSPI_MEDIA)



ПЕДАГОГИКА ФАКУЛЬТЕТІ

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 А (блок А), № 5 оқу ғимараты.

ТАРИХЫ

Педагогика факультеті Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының базасында 1990 жылы құрылды, сол уақыттан бері жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау жұмыстарында жетекші және құзырлы қызмет көрсетуде. Сонымен бірге институттың оқу, әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарында жетекші позициядан көрінуде, сол сияқты оқытушы – профессорлар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруда, халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда және студенттердің академиялық ұтқырлықтарын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосуда.

Біздің факультет - өзіндік жұмыс жүйесі және жоғары ғылыми потенциалы қалыптасқан мамандармен қамтамасыз етілген оқытушы-профессорлар қызмет ететін білім беру орталығы болып табылады.

Бүгінгі таңда факультеттегі 4 кафедра 4 мамандық бойынша қазіргі таңда еңбек нарығындағы сұранысқа толық сай мамандар дайындайды.

Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасы бастауыш мектеп және мектепке дейінгі мекеме мамандарын жан-жақты теориялық және әдістемелік даярлауды қамтамасыз етеді; Психология және акмеология кафедрасы  жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуде педагогикалық-психологиялық білім, білік, дағдыны қалыптастыру және оны тәжірибеде қолдануға машықтандыру бойынша мамандар дайындайды. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында, психологиялық қызмет көрсету, ғылыми зерттеу орталықтарында, оқу орталықтарында, бизнес-орталықтарында, пенитенциарлық жүйелерде қызмет атқаратын маман кадрларды дайындауға бағдарланған. Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасы оқытушылары болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру  барысында ұжымдық-шығармашылық жұмыстарын  оқу-тәрбие процесіне енгізумен қатар, осы жұмыс нәтижелерін ғылыми еңбектерінде жариялаған. Факультетте білім беру саласындағы жаңа оқыту жүйесіне байланысты, мемлекеттік стандарттарды жасау арқылы халықаралық байланысты ұлғайтуға бағытталған тұрақты жұмыстар жасалынуда. Факультетте бастауыш сынып мұғалімдерін, білім беру жүйесінің психологтарын, мектепке дейінгі мекемелер тәрбиешілерін, педагог-психологтар дайындалады. Мектепке дейінгі педагогика, психология, бастауыш білім беру әдістемесін жетілдіру мәселелері басты назарда болғандықтан, факультетте тәжірибелі, үздік оқытушылар жинақталған. Факультетте ҚР білім беру ісінің үздіктері – Бегалиев Т.Б., Сағымбекова П.С., Көшеров Н.М. сонымен қатар, «ҚР үздік оқытушысы – 2014» грантының иегерлері Республикалық әдістемелік кеңес мүшелері педагогика ғылымының докторы, профессор К.Ж. Бұзаубақова, психология ғылымының кандидаты, профессор М.Оспанбаевалар еңбек етуде. Факультеттегі оқу-тәрбие процесі кредиттік технология негізінде жүргізіледі және профессор-оқытушылар құрамы қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды, оқытудың интербелсенді әдістерін тұрақты түрде қолданады. Педагогика факультетінің қалыптасып, даму кезеңінде факультет уақытша қиындықтардың барлығын еңсеріп, ерекше беделге ие болды, сондай-ақ Республикамыздағы кез-келген педагогикалық жоғары оқу орындарымен бәсекеге қабілетті. 2010, 2011, 2012 жылдардағы білім беру бакалавр бағдарламаларын академиялық саралау нәтижелері бойынша ұлттық рейтингте 5В010100 – «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы 13 жоғары оқу орындары арасында 4 орынды иеленсе, 5В010300 – «Педагогика және психология» мамандығы еліміздің 24 жоғары оқу орындары арасынан 6 орынды иеленді. 2014 – 2015 оқу жылында факультеттің барлық мамандықтары Білім беру сапасын қамсыздандыру тәуелсіз қазақстандық агентігінің мамандандырылған аккредитациядан өтті. Факультетте білім беру үрдісін ұйымдастыруда болашақ маман дайындауда студенттің жеке және кәсиби дамуы үшін маңызы зор – студентке бағытталған оқыту жүзеге асырылады. Студенттерге оқытудың нысандарын таңдауға мүмкіндік жасалған. Атап өтсек, білім алушылар оқытудың формасын таңдап, бағдарлама, курстардың жиынтығын қалыптастыра алады. Осы бағытта студенттер арасында ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру айтарлықтай маңызды. Республикалық пәндік олимпиадаларға қатысып, факультет студенттерінің жыл сайын жүлделі 2-3 орындарды иеленіп отырғандығын айта кетсек болады. Факультетте халықаралық байланыс белсенді дамуда. Біздің институт халықаралық тәжірибе алмасу, академиялық ұтқырлық, танысу сапарлары, танымал шетелдік ғалымдарды шақыру және интерактивті дөңгелек стөлдер өткізу сияқты мүмкіндік жасайды. Оқытушылар жыл сайын семинарлар, «Өрлеу» Республикалық біліктілікті көтеру орталықтарында стажировкадан өту негізінде біліктіліктерін көтереді. Сонымен қатар Англия, Израиль, Испания, Германия, Португалия сияқты алыс шетелдерде де. Көптеген оқытушылар Назарбаев интелектуалды мектебінің педагогикалық шеберлік орталығы мен Кембридж Университетінің білім беру факультетінің бірлесіп әзірлеген бағдарламасы бойынша тренерлер даярлау біліктілігін көтеру курсынан өтті. ПОҚ-н академиялық ұтқырлық бағдарламасын жүзеге асыру шеңберінде жетекші шетелдік ғалымдар шақырылды. Атап айтқанда, Св. Климента Орхидский атындағы София мемлекеттік университетінен псх.ғ.д., профессор Бойко Ганчевский (Болгария), «Образования без границ» қазіпгі педагогика орталығының директоры п.ғ.д., профессор Г.А. Рудик (Канада), Костомону Университеті түрік әлемін зерттеу орталығы директоры профессор Ахмед Шемшек. Білім беру тұжырымдамасының ерекшелігі оқу процесінің практикаға бағдарлануы. Курс мазмұны мен оқытушыларды іріктеу, практика базалары жүйесінің дамуы мен жеке оқу-тәжірибелік зертханасының базасы біздің студенттердің практикаға дайындығын қамтамасыз етуге арналған. Қазіргі уақытта студенттердің іс-тәжірибеден өтуін ұйымдастыруда білім беру ұйымдары мен мемлекеттік мекемелермен, психологиялық қызмет көрсету, жеке ұйымдар мен қоғамдық қорлармен 50-ден астам келісім шартқа тұрдық. Олар жалпы орта білім беру және мамандандырылған мектептер мен гимназиялар, облыс және қала колледждері, балабақшалар, сондай-ақ 5513 ҚР ұлттық гвардиясы әскери бөлімі, №2 Қарттар үйі және т.б. 2014-2015 оқу жылынан бастап «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығына дуальды білім беру жүйесі ендірілді. Осы мақсатта Тараз қаласының №33 «Айсауле», №35 «Ер Төстік» балабақшалары базасында кафедраның зертханалық филиалы құрылды. Жеке оқу-тәжірибелік зертханалық база құрылды және дамуда, осы нысандарда студенттер тәжірибелік сабақтарды жүзеге асырады, оқу мен балалармен жұмыс істеудің инновациялық әдістерін меңгеруге мүмкіндіктері бар. Факультеттің материалды-техникалық базасы қазіргі ақпараттық құрылғылармен жабдықтаған, компьютерлермен, интерактивті тақталармен, осылайша жас ғалымдардың оқу процесін жүргізуде шығармашылық дамуына және ғылыми зерттеу жұмыстарына мүмкіндік жасайды. Педагогика факультеті №5, №6 ғимараттарда орналасқан. Оқу ғимараттарының жалпы көлемі ғимараттарда орналасқан. Оқу ғимараттарының жалпы көлемі 2775 метр квадратты құрайды. Факультетте академик Н.Сарыбеков атындағы зертхана, профессор С.Смаилов атындағы «Таным» орталығы, Т.Кенжебаев атындағы лекция залы, профессор А.Меңжанованың атындағы инновациялық лекция залы, практикалық психология зертханасы, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы және т.б. жұмыс жасайды.

Факультеттің ғылыми қызметі ең алдымен практикалық нәтижеге бағытталған, сондықтан да негізгі мақсат – ғылыми және білім беру потенциалын интеграциялау мақсатында қолданбалы психология-педагогикалық білімді дамыту. Факультет жаңа байланыстар мен әріптестік үшін ашық болуға ұмтылады! Сондықтан, Қазақстан мен басқа да елдердің білім беру және әлеуметтік мекемелердің кең желісін қалыптастыру біздің институтымыздың маңызды қызметі болып табылады.

МИССИЯСЫ

Педагогика факультетінің негізгі стратегиялық мақсаты – қуатты Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық  талаптарын қанағаттандыратын, жас ұрпақтың тұлғалық дамуы мен оның қалыптасу проблемаларын шешуге шығармашылықпен қарайтын, әлемдік бәсекеге қабілетті, жаңа тұрпатты педагог-кадрларды даярлау болып табылады. Факультет институттың білім беру саласындағы стратегиялық мақсатына сәйкес білім беру мазмұнын жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш білім беру әдістемелерін жетілдіру; тұлға әлеуметтенуін, психологиялық дамуын  және өзіндік танымын қамтамасыз ету мазмұнын жаңғырту, инновациялармен толықтыру.

ПРОФЕССОР-ОҚЫТУШЫЛАР ҚҰРАМЫ

Факультетте өз ісіне адал, жоғары сапалы кәсіби мамандар дайындауға қабілетті ұжым қалыптасқан. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы 75 адамнан тұрады. Оның ішінде, 2 – педагогика ғылымдарының докторы, 24 – ғылым кандидаттары, және 49 – магистр қызмет етеді.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР

Факультетте халықаралық байланыстарды нығайтуға үлкен жұмыстар атқарылып отырады. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары жоғары деңгейде жүргізіледі. Көптеген білімгерлеріміздің ғылыми жұмыстары гранттарға ие болып, конкурстардың лауреаттары атанды.

МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ

Факультеттің материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етіліп, оқу процесін және ғылыми зерттеу қызметтерін жүргізу барысында жас ғалымдардың жан-жақты шығармашылық бағытта өсулеріне мүмкіндік береді. Педагогика факультеті институттың №5 және №6 оқу ғимараттарында орналасқан. Берілген оқу ғимараттарының жалпы көлемі 2775 шаршы метрды құрайды және заманауи құралдармен жабдықталған лекция залдары, оқу зертханалары, кафедралар орналасқан. Факультетте академик Н.Сарыбеков атындағы «Экологиялық мәдениет» зертханасы, профессор С.Смаилов атындағы «Таным» орталығы, рухани-адамгершілік білім беруге негізделген «Өзін-өзі тану орталығы», профессор А.Меңжанова атындағы «Мектепке дейінгі педагогика» зертханасы, «Практикалық психология», «Арнаулы педагогика» зертханалары, «Педагогикалық пәндерді оқыту технологиясы және әдістемесі» кабинеті, «Жан сыры» психологиялық клубы, «Жаңа тұрпатты педагогтарды дайындау инновациялары» методологиялық семинары және «Мектеп күні» бағдарламасы жұмыс істейді.

СТУДЕНТТІК ӨМІР

Ұлы ғұлама Әл-Фараби «тәрбиесіз берілген білім – тұл» деп атап көрсеткен. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы өздерінің күнделікті педагогикалық іс-әрекетінде осы қағиданы басшылыққа алады. Академиялық топ тәрбиеленушілерімен тәлімгерлік сағаттар жүйелі түрде өткізіліп тұрады. Факультетте Тәлімгерлер кеңесі жұмыс істейді. Профессор П.Сағымбекова мен аға оқытушы А.Ботамқұлова Білімгерлер үйіндегі «Айша» қыздар клубында облысқа танымал аналар мен іскер әйелдермен кездесулер ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. «Әлеуметтік және арнайы педагогика» кафедрасының студенттері жыл сайын жаңа жылдық мереке қарсаңында, «Балаларға қуаныш сыйла!» қайырымдылық акциясын өткізеді. Тірек-қимыл аппаратында бұзылыстары бар балалар ауруханасының емделушілеріне студенттер өз қолдарымен дайындаған түрлі бұйымдар мен ойыншықтар, тәтті тағамдар апарып, жаңа жылдық концерттік бағдарлама көрсетеді. Институт қабырғасында білім алған уақытында осындай қайырымдылық және қамқорлық акциялары мен ұстаздарынан алған зор тәлім, үлкен жүректі мейірімділіктің арқасында факультет түлектері Жамбыл облысының ауыл-аймақтарында мамандандырылған қызмет көрсетіп, халықтың алғысына бөленуде. Жыл сайын факультет мамандықтарына сырттай және күндізгі бөлімдер бойынша оқуға түсуге ықылас танытқан талапкерлер саны арта түсуде. Институт басшылығы студенттердің денсаулықтарын түзеуге, мүмкіндігі шектеулі жастардың білім алуына, отбасы жағдайы төмен студенттерге үнемі қамқорлық жасап отырады.

Факультет төмендегідей мамандықтарды дайындайды:

5В010100  – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу  (Биология);

5В010200  –  Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі (Биология);

- 5В010300 Педагогика және  психология (Биология);

- 5В050300  – Психология (Биология).

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support