• KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Педагогика факультеті

Педагогика факультеті Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының базасында 1990 жылы құрылды сол уақыттан бері жаңа тұрпатты мұғалімдерді даярлау жетекші және құзырлы қызмет көрсетуде. Сонымен бірге, институттың оқу, оқу-әдістемелік, ғылыми, тәрбие жұмыстарында жетекші позициядан көрінуде, сол сияқты оқытушы профессорлар құрамының кәсіби біліктілігін арттыруда, халықаралық байланыстарды жүзеге асыруда және студенттердің академиялық ұтқырлықтарын қамтамасыз етуде үлкен үлес қосуда.

Педагогика факультеті деканының қызметін әр жылдары республикаға танымал, педагогика саласының білікті мамандары атқарды, атап айтқанда ҚР БжҒМ вице-министрі, п.ғ.д., профессор М.Н.Сарыбеков, п.ғ.д., профессор О.С.Сәләмбаев, п.ғ.д., профессор Т.К.Кенжебаев, п.ғ.к., профессор Н.М.көшеров, пс.ғ.к., доцент М.П.Оспанбаева, 2015 жылдың қыркүйегінен бастап педагогика факультетін п.ғ.к., доцент Ж.Т.Тасжүрекова басқарады.

Педагогика факультетінің қалыптасып, даму кезеңінде факультет уақытша қиындықтардың бәрін еңсері, ерекше беделге ие, сондай-ақ Республикамыздағы кез-келген педагогикалық жоғары оқу орындарымен бәсекеге қабілетті.

Факультетте акакдемик Н.Сарыбеков атындағы зертхана, профессор С.Смайлов атындағы «Таным» орталығы, Т.Кенжебаев атындығы лекция залы, профессор А.Меңжанованың атындағы инновациялық лекция залы, практикалық психология зертханасы, «Жан сыры» психологиялық қызмет көрсету орталығы, «Relax» – психологиялық қызмет көрсету кабинеті жұмыс жасайды.

Факультетте өз ісіне адал, жоғары сапалы кәсіби мамандар дайындауға қабілетті ұжым қалыптасқан. Факультеттің профессор-оқытушылар құрамы 75 адамнан тұрады. Оның ішінде 2 педагогика ғылымдарының доктор, 24 ғылым кандидаты, және 49 магистр қызмет етеді. Олардың арасында ҚР білім беру ісінің үздіктері Т.Б.Бегалиев, П.С.сағымбекова, Н.М.Көшеров, сонымен қатар, «ҚР үздік оқытушысы» грантының иегерлері Республикалық әдістемелік кеңесмүшелері, педагогика ғылымының докторы, профессор К.Ж.Бұзаубақова, психология ғылымының кандидаты, профессор М.Оспанбаевалар бар.

Педагогика факультетінің негізгі стратегиялық мақсаты-қуатты Қазақстаннның әлеуметтік-экономикалық талаптарын қанағатандыратын, жас ұрапқтың тұлғалық дамуы мен оның қалыптасу прблемалырын шешуге шығармашылықпен қарайтын, әлемдік бәсекеге қабілетті, жаңа тұрпатты педагог-кадрларды даярлау болып табылады. Факультет институттың білім беру саласындағыстратегиялық мақсатына сәйкес білім беру мазмұнын жаңғыртуды басты мақсат тұтады. Атап айтқанда, мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш білім беру әдістемелерін жетілдіру; тұлға әлеуметтенуін, психологиялық дамуын және өзіндік дамуын қамтамасыз ету мазмұнын жаңғырту инновациялармен толықтыру.

Факультет өмендегідей мамандықтарды дайындайды:

5В050300  – Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу;

5В010200  – Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;

5В010300  – Педагогика және психология;

5В010100  – Психология;

Факультеттің мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16 А (блок А), № 5 оқу ғимараты.

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support