Академическая мобильность
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ОРТАЛЫҒЫ

АКАДЕМИЯЛЫҚ ҰТҚЫРЛЫҚ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТАР ОРТАЛЫҒЫ

ТАРИХЫ

Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының   басым бағыттарының бірі  ретінде жоғары білікті кадрларды даярлау, педагогикалық ғылымның ілгері бағыттарын өңдеу  аясындағы міндеттерінің шешімін табу мақсатын көздейді.  Ғылыми зерттеулердің бәсекелестігін халықаралық тенденцияға сәйкестеңдіру мақсатында ТарМПИ шетелдік  жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу   орталықтарымен белсенді  ынтымақтастықта қызмет етеді.  Халықаларлық байланыстар бөлімі  шетелдік ЖОО-мен үздіксіз байланысты жалғастырып келеді. Академиялық ұтқырлық –  бұл білім алушы немесе оқытушы-зерттеушінің белгілі бір академиялық кезеңде («оқу» немесе «өндірістік тәжірибесін» қоса есептегенде), яғни семестр немесе оқу жылында, оқу немесе зерттеу жүргізу үшін басқа (қазақстандық немесе шетелдік) ЖОО-на белгіленген тәртіпте, меңгерілген білім беру бағдарламасының кредиттер түрінде міндетті түрде өз ЖОО-да қайта сынақ тапсыруымен орын ауыстыруы. 2010 жылдың қыркүйек айында  ТарМПИ Болоньяда (Италия) Университеттердің Ұлы Хартиясына қол қойды. Институт мемлекеттің білім беру саласындағы стратегиялық мақсаттарына сәйкес білім беру жүйесін түбегейлі жаңғыртуды басты мақсат тұтады. 2010 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында  Болон үрдісінің маңызды параметрлерінің бірі болып табылатын академиялық ұтқырлық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

МИССИЯСЫ

Халықаралық ынтымақтастық Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының   басым бағыттарының бірі  ретінде жоғары білікті кадрларды даярлау, педагогикалық ғылымның ілгері бағыттарын өңдеу  аясындағы  міндеттерінің шешімін табу мақсатын көздейді.  Ғылыми зерттеулердің бәсекелестігін халықаралық тенденцияға сәйкестеңдіру мақсатында ТарМПИ шетелдік жоғары оқу орындарымен және ғылыми-зерттеу           орталықтарымен белсенді  ынтымақтастықта қызмет етеді. Халықаларлық байланыстар орталығы  шетелдік ЖОО-мен үздіксіз байланысты жалғастырып келеді.

Институттың халықаралық ынтымақтастық бағытындағы дамуының стратегиялық мақсаттары:

- зерттеу және оқу бағдарламалары сапасы бойынша халықаралық стандарттарға қол жеткізу;
- халықаралық білім беру үдерісінде студенттер және институт қызметкерлерінің мобильділігін арттыру;

- институттың халықаралық ғылыми белсенділігін дамыту, халықаралық ғылыми және инновациялық жобалар мен бағдарламаларға қатысуының сапасы мен көлемін арттыру;

- институт қаржылық тұрақтылығына халықаралық ынтымақтастық арқылы ықпал ету. Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастық орталығының миссиясы – Институттың интернационализациялау қызметін қамтамасыз ету мен қатар Қазақстанда ғана емес, шет елдердің де сұранысына ие жаңа тұрпаттағы, біліктілігі жоғары  мұғалімдер даярлау.

Міндеті:

1. Әлемнің жетекші университеттерімен, стипендиалды бағдарламалармен, білім-ғылым ұйымдарымен тиімді әрі тұрақты байланыстар орнату мен дамыту, іздестіру;

2. Жаңа халықаралық бағдарламалар іздестіру, ТарМПИ білім алушылары мен ПОҚ, қызметкерлерге ақпараттарды тарату және кеңестер өткізу;

3. Институт білім алушылары, оқытушы-профессорлар құрамы мен қызметкерлерді академиялық ұтқырлықпен қамтамасыз ету, сондай-ақ, әріптес ЖОО-дың білім алушыларын ТарМПИ-да білім алуға тарту, орналасуға, тіркелуге кеңес беру-ұйымдастыруға көмек көрсету;

4. ТарМПИ-да шетел азаматтарының білім алулары үшін жағдай жасау, кеңес беру-ұйымдастыруға, өтінімдер, орналасуға, тіркелуге көмек көрсету;

5.  Шетел мамандарын тарту;

6. Халықаралық форумдар, білім беру жәрмеңкелері мен басқа да іс-шараларда ТарМПИ-ді таныстыру.

7. Шетелдік білім беру ұйымдарымен меморандум, келісім-шарт жобаларын дайындау;

Академиялық ұтқырлық және халықаралық ынтымақтастықтар орталығының 2015-2016 оқу жылына арналған жұмыс жоспары

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support