Білімгер бөлімі

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Білімгер бөлімі

Білімгер бөлімі

Білімгерлер бөлімі институттың құрылымдық бөлімшесі болып табылады және оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректорға бағынады.  Білімгерлер контингенті бойынша оқу-әдістемелік бөлімімен бірлесе жұмыс істейді.

Білімгерлер бөлімі өз жұмысында ҚР Заңдарын:

1)    ҚР «Білім туралы» заңын

2)    ҚР Конституциясын

3)    ҚР Еңбек кодексін

4)    ҚР «Тіл туралы» заңын

5)    ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңын

6)    ТарМПИ-ң Жарғысын, Ғылыми Кеңес және ректорат шешімдерін, ректор бұйрықтарын, осы Ережені және ҚР білім беру саласындағы Заңды нормативтік құжаттарды басшылыққа алады.

Білімгерлер бөлімінің құрылымына мыналар кіреді:

-        білімгерлерді ауыстыру және оқуға қайта қабылдау жұмыстары секторы;

-        білімгерлер құжаттарын жүргізу секторы (күндізгі және сырттай оқу түрлері бойынша білімгерлердің жеке істері қосылады);

-        мұрағат (архив) (оқудан шығарылған білімгерлердің құжаттары 3 жылға дейін);

Бөлімнің негізгі міндеттері

- білімгерлердің жеке істерін сақтау,жүргізу;

- білімгерлердің  есебін жүргізу;

- басқа ЖОО-на ауысқан білімгерлердің ауыстыру және  қайта қабылдау құжаттарын дайындау;

- жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім беру гранттарына ауыстыру құжаттарын дайындау;

- ауыстыру және оқуға қайта қабылдау құжаттарын қабылдау;

-  контингент бойынша бұйрықтарды дайындау,өңдеу;

- шетел азаматтарының есебін жүргізу;

- құжаттарды  уақытша пайдалануға беру есебін жүргізу, басқа мекемелерге жіберу, мұрағатқа өткізуге дайындау жұмыстарын;

- білімгерлер мен бітірушілердің барлық құжаттарын дайындау, көшірмелерін жасау;

- бітіру құжаттарының дубликаттарын беру;

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support