ТАРМПИ РЕКТОРЫ ИНСТИТУТТЫҢ ДАМУ БАҒДАРЛАМАСЫН ЖАРИЯЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ИЗЛОЖИЛА ПРОГРАММУ РАЗВИТИЯ ИНСТИТУТА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ «БАСТАПҚЫ ӘСКЕРИ ДАЙЫНДЫҚ» МАМАНДЫҒЫ БОЙЫНША ӨТКЕН IX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДАСЫНДА 2-ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ ЗАНЯЛИ 2-ОЕ МЕСТО В ІХ РЕСПУБЛИКАНСКОЙ ПРЕДМЕТНОЙ ОЛИМПИАДЕ ПО СПЕЦИАЛЬНОСТИ «НАЧАЛЬНАЯ ВОЕННАЯ ПОДГОТОВКА» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА «БАЛАЛАР УНИВЕРСИТЕТІ» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ОҚЫТУ ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ПРОШЕЛ ОБУЧАЮЩИЙ ФЕСТИВАЛЬ В РАМКАХ ПРОЕКТА «ДЕТСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЕБЕРЛІК ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ОТКРЫТ ЦЕНТР ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МАСТЕРСТВА (TARSPI_MEDIA)

ТОҚБЕРГЕНОВА ЗАҒИРА СҮНДЕТҚЫЗЫ

Факультет деканы


Тоқбергенова Зағира Сүндетқызы 1958 жылы 23 маусымда Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Тастөбе аулында дүниеге келген. 1975 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, осы жылы Қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтының тарих факультетіне түсіп, оны 1980 жылы тамамдап, тарихшы мамандығын алып шықты.

Жоғары оқу орнындағы қызметін 1985 жылдың қыркүйек айынан Жамбыл гидромелиоративтік-құрылыс институтының «КПСС тарихы» кафедрасында аға лаборант, әрі бір мезгілде сабақ беруден бастап, 1994 жылдың қыркүйек айынан «Қоғамдық-саяси пәндер» кафедрасына оқытушылық қызметке ауысқан. 1995 жылғы қыркүйек айынан бастап аға оқытушы.

1998 жылы наурыз айында М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-дің құрылуына байланысты «Қазақстан тарихы және саясаттану» кафедрасында аға оқытушы, 2001 жылдың қараша айынан бастап «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының аға оқытушысы» болды. Ал 2004-2005 оқу жылынан  «Саясаттану және әлеуметтану», 2006-2007 оқу жылынан  «Тарих және әлеуметтану» кафедрасының меңгерушісі болып қызмет атқарған.  2009-2010 оқу жылынан  «Педагогика, психология және тарих» кафедрасының аға оқытушысы, доцент.

2013-2014 оқу жылынан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық институтына Тарих-география факультетінің деканы болып ауысты.

Осы жылдардың аралығында 30-дан астам ғылыми мақала, бір оқу құралы және монографиялары жарық көрді.

Аталған оқу орындарының әкімшілігі тарапынан бірнеше рет, ал 2012 жылы Тараз қаласы әкімінің «Ұлағатты ұстаз» және университеттің «Үздік оқытушысы» номинацияларымен марапатталған.

2012 жылғы 29 қарашада Астана қаласында өткен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты бірінші Назарбаев оқулары халықаралық форумына және 2013 жылы 5 маусымда Мемлекеттік хатшы М.Тәжиннің басшылығымен өткен ҚР ұлттық тарихын зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысына қатысқан.

Бір қыз, бір ұл тәрбиелеп отырған ана.

Байланыс телефоны: +7 (7262)-45-41-73

 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support