ТАРМПИ РЕКТОРЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ СҰХБАТ БЕРДІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ДАЛА ИНТЕРВЬЮ ПРЕДСТАВИТЕЛЯМ РЕСПУБЛИКАНСКИХ СМИ (TARSPI_NEWS) // ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІНЕ ОРАЙ ИНСТИТУТ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ (TARSPI_NEWS) // НАКАНУНЕ ДНЯ НЕЗАВИСИМОСТИ НАГРАЖДЕНЫ СОТРУДНИКИ ИНСТИТУТА (TARSPI_NEWS) // «ТАРМПИ МЕКТЕПТЕ» АКЦИЯСЫ БАЙЗАҚ АУДАНЫНДА ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // АКЦИЯ «ТАРГПИ – ШКОЛЕ» ПРОДОЛЖИЛАСЬ В БАЙЗАКСКОМ РАЙОНЕ (TARSPI_NEWS) // ЖАС ҒАЛЫМДАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // МЕРОПРИЯТИЕ В ПОДДЕРЖКУ МОЛОДЫХ УЧЕНЫХ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР СТУДЕНТТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ (TARSPI_NEWS) // РЕКТОР ТАРГПИ ВСТРЕТИЛАСЬ СО СТУДЕНТАМИ (TARSPI_NEWS) // ЖАЗУШЫ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ (TARSPI_NEWS) // ПРОШЛА ВСТРЕЧА С ПИСАТЕЛЕМ ЕЛЕНОМ АЛИМЖАНОМ (TARSPI_NEWS)

ФИЗИКА ЖӘНЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ” КАФЕДРАСЫ

Кафедра Жамбыл педагогикалық институты ашылған 1967 жылдан бастап жұмыс істейді.

2004 жылы Тараз мемлекеттік институты құрылғаннан кейін, кафедра “Физика және физиканы оқыту әдістемесі” кафедрасы болып аталынды.

Кафедрада 5В011000 «Физика» бакалавры және 6М011000 “Физика” магистрі мамандығы бойынша мамандар даярланады.

Білімгерлерге кафедрада ғылыми-әдістемелік деңгейлері өте жоғары Москваның, Санкт-Петербург қаласының университеттерімен, ғылыми-зерттеу институттарында аспирантураны, доктарантураны бітірген 10 оқытушы дәріс береді. Кафедра профессор-оқытушылар құрамының 90%-нің ғылыми дәрежелері бар. Олардың арасында 2 профессор, 6 доцент, 2 оқытушы қызмет етеді.

Кафедрада 12 оқу лабораториялары жұмыс істейді, мектеп физика курсы бойынша көрнекі және демонстрациялық құралдармен жабдықталған «Мектеп типіндегі физика кабинеті» бар.

Кафедрада қала, аудан мектептерінің және жоғары оқу орындарының мұғалімдерінің қатысуымен “Конденсацияланған ортаның физикасы және физиканы оқытудың инновациялық технологиясы” атты ғылыми-әдістемелік семинар және ғылыми-зерттеу лабораториясы жұмыс істейді. Бұл зертханада білімгерлер шалаөткізгіштердің, қатты денелердің қорытпаларына рентген-құрылымдық анализдер жасау негізінде, физикалық қасиеттерін зерттеп, ғылыми конференцияларға баяндамалар дайындап, курстық және дипломдық жұмыстар орындалады. Қазіргі таңда кафедра Санкт-Петербург қаласындағы А.Ф. Иоффе атындағы ФТИ –мен, Москвадағы орыс ғылым академиясының Жер физикасы институтымен, Веращагин атындағы жоғары қысымдағы физика институтымен, Әль-Фараби атындағы ҚазМҰУ-мен, Абай атындағы АМПУ-мен, Қазақ –ядролық институтымен бірге ғылыми-әдістемелік жұмыстар жүргізеді.

Кафедраның профессорлары мен доценттері облыстық “Дарын”,

№ 45 гимназия, № 49, №47 орта мектептерінде оқушылардың ғылыми жобалары мен қалалық және облыстық олимпиадаларға дайындық жасауларына жетекшілік етеді.

Қазіргі кезде институтымызды бітірген түлектердің көпшілігі ТМД-елдерінің, Қазақстан Республикасының және Жамбыл облысының жоғарғы оқу орындарында, оқу және басқару жүйелерінде, орта мектептерінде қызмет атқарады.

Кафедра меңгерушісі

Көшкімбаева Бибара Жайлаубайқызы, 1954 жылдың қазан айының 30 жұлдызында Қызыл-Орда облысы, Арал ауданы, Сапақ бекетінде туылған.

1971-1973 жылдары совхозда жұмысшы болдым. 1974 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсіп, 1979 жылы бітірді.

1979 жылы Мемлекеттік жолдамамен Жамбыл педагогикалық институтының "Жалпы физика" кафедрасына оқытушы болып қабылданды.

1983 жылы Ленинградтағы КСРОҒА-ның А.Ф.Иоффе атындағы физика-техникалық институтында стажер-ізденуші, 1985 жылы сол институттың аспирантурасына қабылданып, 1988 жылы бітірді.

1989 жылдың ақпан айында физика-математика ғылымдары кандидаты атағын қорғады.

1989 жылдан бастап Жамбыл педагогикалық институтының аға оқытушысы, 1996 жылдан Тараз Мемлекеттік университеті "Теориялық физика" кафедрасының аға оқытушысы, 2003 жылдан Тараз Мемлекеттік педагогикалық институтының "Физика және физиканы оқыту әдістемесі" кафедрасында доцент міндетін атқарушы, 2007 жылдан бастап кафедра доценті және кафедра меңгерушісі қызметі міндетін атқарып келеді.

 


 
Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support