• KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



Комитет по делам молодежи

Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы

ҮСКЕМБАЕВ БЕРІК ҚАДЫРӘЛЫҰЛЫ

Үскембаев Берік Қадырәлыұлы Жамбыл облысы, Тараз қаласында 1990 жылдың 28 сәуірде дүниеге келді. Ұлты – қазақ, білімі – жоғары.

Білімі:

2009-2013 жылдары Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің ақпараттық жүйелер мамандығын тәмамдаған.

Еңбек жолы:

2013-2014 жылдар аралығында Жамбыл гуманитарлық-техникалық университетінің Жастар жұмысын үйлестіруші қызметін атқарған.

2014 жылдан бастап Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің Жастар ісі жөніндгі комитет төрағасы қызметін атқарып келеді.

2015 жылдан осы уақытқа дейін «Жамбыл жастар конгресінің» атқарушы директоры.

2015 жылдан осы уақытқа дейін «Нұр Отан» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанатының Кеңеснің мүшесі.

2016 жылдан осы уақытқа дейін «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары Жамбыл облысы бойынша штабының төрағасы.

2016 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облысы әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі Кеңесінің мүшесі.

2017 жылдан осы уақытқа дейін Жамбыл облыстық «Көңілді тапқырлар алаңы» ойынның құрылтайшысы.

Ғылыми дәрежесі: жоқ

Жетікстіктері:

Үскембаев Берік «Ең үздік жастар ісі жөніндегі комитет» номинациясымен 2 жыл (2015, 2016 ж.ж.) қатарынан марапатталды. Сондай-ақ «Елбасы жолдауын халыққа насихаттау бойынша белсенділік үшін», «Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауында еңбегі үшін», «Студенттік өзін-өзі басқару органдары мен студенттік жастар ұйымдарының қызметін тиімділігін арттыру жөніндегі республикалық семинар-тренингіне қатысқаны үшін», «Үздік ұйымдастырушы-2015» номинациясы, «Ең үзді ЖІЖК төрағасы» облыстық байқауының ІІ орын иегері, «Қаланың қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін», «Салауатты өмір салтын ұстан» атты облыстық спартакиадасына белсене қатысқаны үшін, «Салт-дәстүрлерін берік сақтаған пікірсайысшылар» атты облыстық чемпионатында 1 орын иегері, «Тараз – тарихи мекенім!» атты жастар лагеріне белсене қатысқаны үшін алғыс хаттарға ие болды.Қазыбек би жолымен: Бабаларға тағзым!» Халықаралық автокеруеннің өтуіне белсене өтуіне ат салысқаны үшін алғыс хать, 2017 жылы «ТарМПИ 50 жыл» мерекелік төсбелгісімен марапатталды.

Отбасы жағдайы: үйленген

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support