• KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ДАРИЯ ПЕРНЕШҚЫЗЫ! СІЗДІ “ЖЫЛ ПАТРИОТЫ” НОМИНАЦИЯСЫН ИЕЛЕНУІЗБЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ. ІЗГІ НИЕТПЕН ТАРМПУ ҰЖЫМЫ. // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! СІЗДЕРДІ 16 ЖЕЛТОҚСАН - ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ МЕРЕКЕСІМЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР



«Білім беруді модернизациялаудағы үштілділіктің маңызы»

Бүгінгі таңда үш тілді оқыту – жас ұрпақтың білім кеңістігінде еркін самғауына жол ашатын, әлемдік ғылым құпияларына үңіліп, өз қабілетін танытуына мүмкіндік беретін қажеттілік. Яғни қазіргі кезде адамның кәсіби шеберлігіне, білім өрісіне, зиялылық және танымдылық деңгейіне өмірдің өзі биік талаптар қойып отыр. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, дамуы жылдам дәуірде өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, әрбір қазақ­стандық, ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. «Үш тілде білім беру» бағдарламасы – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына сай даярлаудың қамы.

Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде мемлекеттік деңгейде талқыланып, білім реформалары аясында белсенді түрде қарастырылып отыр. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру бүкіл педагогикалық ұжымның бірігіп жұмыс атқаруын талап етеді. Осы ұйымдастырылып отырған конференциямыздың мақсаты облысымыздағы үштілді білім беруді дамыту саясатының қазіргі жағдайын анықтап, үштілді білім беруде мұғалімдерді қайта даярлаудың үздік әдістерімен бөлісу. Себебі, үштілде сабақ жүргізу тек тіл білуді қажет етпейді, сонымен қатар үздік әдістемелік негізді талап етеді.

Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінің  ұйымдастыруымен «Білім беруді модернизациялаудағы үштілділіктің маңызы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Шараға профессор-оқытушылар құрамы мен қала және аудан мектептерінен мұғалімдер қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде ТарМПУ проректоры, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент О.Джолдасованың, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Ж.Бекбатырованың, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының директоры А.Абдрахманованың, ТарМПУ стратегиялық даму және инновация жөніндегі проректоры Д.Грегоридің, Максима Танк атындағы Белоруссия мемлекеттік педагогикалық университеті, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Ю.Кислякованың баяндамалары оқылып, қатысушылар арасында талқыланды.  Одан әрі ТарМПУ оқытушылары, қала мен аудан мектептерінің ағылшын, қазақ, орыс тілдерінің және жаратылыстану пәндері мұғалімдері шеберлік сыныптарын көрсетті.

Сондай-ақ, «Білім беруді модернизациялаудағы үштілділіктің маңызы» атты облыстық ғылыми-практикалық конференциясының 50 дана мақалалар жинағы басылып шықты.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support