«Латын графикасына негізделген мемлекеттік стандарттағы қазақ әліпбиі: мақсаттар мен міндеттер» тақырыбында кездесу өткізілді
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

«Латын графикасына негізделген мемлекеттік стандарттағы қазақ әліпбиі: мақсаттар мен міндеттер» тақырыбында кездесу өткізілді

Тараз мемлекеттік педагогикалық  университеті мен  Жамбыл облысы әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті атындағы мәжілс залында «Латын грфикасына негізделген мемлекеттік стандарттағы қазақ әліпбиі: мақсаттар мен міндеттер» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуге Тараз мемлекеттік педагогикалық  университетінің ректоры, ҚР ҰҒА академигі, т.ғ.д., профессор Д.Қожамжарова, Қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу бойынша республикалық жұмысшы топ төрағасының орынбасары, А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.д., профессор Ә.Жүнісбек және оқу орнының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қатысты.

Шара барысында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын мақсат-міндеттер мен тапсырмалардың оқу орнында және республика көлемінде орындалуы сөзге тиек етілді.

Сонымен қатар, оқытушылар тарапынан «Латын графикасына көшу  қазақ тілінің фонетикалық дыбысталуына қалай әсер етеді? Латын жазуына көшу қазақ тіліне қандай даму серпінін береді?Қазақ тілінің латын графикасына негізделген бірыңғай стандартының жобасы неге көп?Жазу реформасы қалай жүргізілетін болады? Қандай кезеңдерді көздейді?Қазақ әліпбиінің реформалануы қазақстандық білім беру саласына қаншалықты әсер етеді?» - деген сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар берілді.

Кездесу соңында оқу орнының құрметті қонағына Тараз мемлекеттік педагогикалық иниститутының 50 жылдық мерекелік төсбелгісі мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Сондай-ақ, Ә.Жүнісбек мырзаға оқу орнының Баласағұн музейі, Ректорлар аллеясы таныстырылды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support