Халықаралық іс-шаралар басты назарда болды
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

“РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ: ӘЙЕЛ. ҚОҒАМ. САЯСАТ” АТТЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТЕДІ // ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ЭМБЛЕМАСЫНА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ. ТОЛЫҚ АҚПАРАТТЫ ТӘРБИЕ БӨЛІМІНЕН АЛА АЛАСЫЗДАР

Халықаралық іс-шаралар басты назарда болды

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының 50 жылдық мерейтойы қарсаңында «Баласағұн» орталық концерт залында «Заманауи білім беру тенденциялары: болашаққа көзқарас» тақырыбында І Халықаралық ғылыми Конгрессі өтті.

Конгресс жұмысына Жамбыл облысының әкімі К.Көкірекбаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев, Ұлттық ғылым академиясының президенті, химия ғылымдарының докторы, профессор, академик М.Жүрінов, Қазақстанның Еңбек Ері, ТарМПИ түлегі А.Миразова, Қарабюк университетінің профессоры (Түркия) Е.Капаган, Томаш Бати университеті Ph.D докторы (Чехия) К.Немчкова және республикаға танымал ғалымдар, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық басқарма басшылары және институт түлектері қатысты.

Сондай-ақ, институттың өсіп-өркендеуі үшін еңбек еткен, шәкірт тәрбиелеудегі елеулі үлесі үшін «Құрмет» орденімен, «Ы.Алтынсарин», «ҚР Білім беру құрметті қызметкері», «ҚР ғылыми дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен және Жамбыл облысы және Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен Алғыс хатымен, облыстық және қалалық мәслихатының Құрмет грамотасымен, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының Құрмет грамотасымен, облыстық Кәсіподақ ұйымының грамотасымен үздік қызметкерлер марапатталды.

Конгресс соңы «Ұрпақтар сабақтастығы» атты ТарМПИ түлектерінің слеты, институттың жұлдызды түлектерінің қатысуымен гала-концерті өтті.


Конгрестің жалғасы келген қонақтармен барлық факультеттерде мастер-класстар өткізілді. Олар: «Рухани жаңғыру: Ұлттық код», «Рухани жаңғыру: ХХІ ғасыр ұстазының келбеті», «Рухани жаңғыру: латын әліпбиіне көшудің тарихи тағылымдары, жаңа белестері», «Білім берудің Қазақстандағы тренді» және «Білім беруді интернационализациялау» тақырыптарында болды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support