«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты акциясы аясында студенттермен кездесу өтті
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты акциясы аясында студенттермен кездесу өтті

Жамбыл облыстық пікірсайыс  одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігі мен ТарМПИ-ның Студенттік кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен облыс әкімдігі тілдерді дамыту басқармасының «Жастар десанты» ақпараттық тобының мүшелерімен кездесу өткізілді.

«Мемлекеттік тіл – менің тілім» атты акциясы аясында Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру мәселесін жастарға түсіндіру мақсатында өткен іс-шараға облыс жастары, жас көшбасшылар белсене қатысты.

Іс-шараны  Жамбыл облыстық пікірсайыс одағы «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің Басқарма төрағасы, «Жастар десанты» жобасының жетекшісі А.Олдабаев жүргізді. «Жастар десанты» ақпараттық тобының мүшелерімен таныстырылып, алдағы уақытта атқаратын жұмыстары аталып өтті.

Алғашқы сөз, Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Ахметоваға берілді. Ол «Латын әліпбиіне көшу – тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екендігін» - сөзге тиек етсе. Ал, ТарМПИ-ның Ақпараттық-имидждік жұмыс бөлімінің басшысы, Тараз қалалық мәслихатының депутаты С.Берікқожаға латын әліпбиінің жастарға берері мол екенін және осы идеяны жастар әрдайым қолдайтындығын атап өтті.

Елімізде латын әліпбиіне көшуге қажетті алғышарттар, ең бастысы бір әліпбиден екінші әліпбиге көшу тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге асырылған. Ал латын әліпбиінен қолданыстағы кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, 1940 жылы толық аяқталған. Әрине, өткен тарихи тәжірибелердің пайдаланатын да, пайдалана беруге болмайтын жерлерін де аса мұхият сараптап, науқаншылдыққа жол бермеуге тиіспіз екендігімізді ТарМПИ-ның оқытушысы, ф.ғ.к., доцент Г.Қарынбаева өз баяндамасында мәлім етті.

Кездесу барысында жастардың ойлары тыңдалып, сұрақтары талқыланды. Кездесу соңы патриоттық әндерге ұласты.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support