Рухани жаңғыру: жаңа әліпби – Ұлттық кодымыздың негізі
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

Рухани жаңғыру: жаңа әліпби – Ұлттық кодымыздың негізі

Үшінші мыңжылдықта қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатыны мойындалды.

Біз «білім – ғылым – инновациялар» үштігі билеген постиндустриялық әлемге қарай жылжып келеміз.

Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет.

Тәуелсіз Қазақстанның үш мыңыншы жылдықтағы рухани жаңғыртудың  негізі ғылым мен білімде, яғни жаңа модельды руханият әлеміне көшу қажеттігін  Елбасымыз  қадап айтты.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында Ел президенті Н.Ә.Назарбаев  қазақ тілін латын әліпбиіне көшірудің кестесін жасап, алдағы екі жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуі керектігін атап көрсеткен болатын.

Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдары латын әліпбиіне көшу әлемдік өркениет жетістіктеріне бағытталған стратегиялық маңызы зор үрдіс екендігін жақсы түсінеміз. Бұл тақырып қоғам талқысында оң өзгеріс тауып, бұқараның назарын аудартып отыр. Өйткені мемлекеттік тілдің мәртебесін биіктететін, қолданыс аясын барынша арттыратын латын әліпбиіне көшуді белгіленген мерзім аралығында жүйелі түрде жүзеге асыру – баршамызға ортақ міндет.

Елбасының осы тапсырмасы мен латын әліпбиіне көшудің маңыздылығына орай тек тиісті мекемелер ғана емес, барлық деңгейдегі білім беру ұйымдары талқылау, ұсыныс беру және тиісті дайындық жұмыстарын жүргізуді қажет деп санаймыз.

Елімізде латын әліпбиіне көшуге қажетті алғышарттар, ең бастысы бір әліпбиден екінші әліпбиге көшу тәжірибесі бар. Мысалы, 1926 жылы Қазақстанда араб графикасынан латын әліпбиіне көшу 20 күннің ішінде жүзеге асырылған. Ал латын әліпбиінен қолданыстағы кириллицаға көшу 1937 жылы басталып, 1940 жылы толық аяқталған. Әрине, өткен тарихи тәжірибелердің пайдаланатын да, пайдалана беруге болмайтын жерлерін де аса мұхият сараптап, науқаншылдыққа жол бермеуге тиіспіз.

Осыған орай, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының өз базасында «Қазақ филологиясы және латын графикасын оқыту әдістемесі» кафедрасы ашылды. Қазіргі таңда  Түркияның Карабюк университетімен бірлесе отырып латын графикасын оқытудың әдістемесін жетілдіру бағытында жұмыс атқарылуда. Алдағы уақытта латын қарпін оқытудың әдістемелік негіздемелері жасалынып, ғылыми әлеуетке ұсынылатын болады.

Латын әліпбиіне көшу – тілдік ерекшелігімізді сақтау, әлемдік интеграция, ақпарат алу мүмкіндігіміздің артуы. Өйткені латын жазуы ағылшын тілі сияқты әлемге кең тараған әліпби екені белгілі.

Қазақ әліпбиін 2025 жылға қарай біртіндеп латын қарпіне көшіру мәселесін жүзеге асыруда мақсатты нәтижеге жету үшін, ең алдымен, латын әліпбиін меңгерту әдістемесі жасалуы керек.

Осы тұжырымдар негізінде қоғамға әсіресе, жастарға көптеген жетістіктерге қол жеткізетіндігін, латын әліпбиіне көшу арқылы Қазақстанның түрік әлемімен байланысы нығая түсетінін, тіліміздегі дыбыстық жүйелерді нақ анықтап, қазақ тілінің жазылуы мен дыбысталу кезінде сөздер қолданысындағы артық кірме сөздерден арылатындығымызды, болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ екендігін анық түсіндіруіміз қажет.

Латын әліпбиіне көшу біріншіден, тіл тазалығы мәселесі. Тіліміздегі қазіргі жат дыбыстарды таңбалайтын әріптерді қысқартып, сол арқылы қазақ тілінің табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік береді. Екіншіден, қазақ тілін оқытқан уақытта басы артық таңбаларға қатысты емле, ережелердің қысқаратыны белгілі. Ол мектептен бастап барлық оқу орындарында оқыту үрдісін жеңілдетеді. Үшіншіден, латын әліпбиіне көшу – қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады. Төртіншіден, түбі бір түркі дүниесі, негізінен, латынды қолданады. Біздерге олармен рухани, мәдени, ғылыми, экономикалық қарым-қатынасты, тығыз байланысты күшейтуіміз керек.

Сондықтан латын әліпбиіне көшу біз үшін, бізден де болашақ үшін әлдеқайда маңыздырақ.

Дария ҚОЖАМЖАРОВА

ТарМПИ ректоры

ҚР ҰҒА-ның академигі,

т.ғ.д., профессор

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support