«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты студенттермен кездесу өтті
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен» атты студенттермен кездесу өтті

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жастар арасында кеңінен насихаттау мақсатында Тараз қаласы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты бірлесе ұйымдастырды.

Кездесуге Астана қалалық Жастар мәслихаты депутаты Әбдіманат Ерғазы Әзімханұлы, Жастар мәслихаты депутаттары, Қазақстан жазушылар одағының  мүшесі, жас жазушы Сержан Кенжебек Сержанұлы, Тараз қалалық Жастар ресурстық  орталығы директорының орынбасары Исатай Ғабиден Сандыбекұлы қатысты.

Кездесу барысында Е.Әбдіманат еліміздің болашақта Латын әліпбиіне көшудің жолдарын, оның қажеттілігі мен артықшылықтары, жастарға беретін мүмкіндіктеріне кеңінен тоқталып өтті. Ал К.Сержан қазақ болмысы, оның ұлттық коды, туған жерге, елге деген махаббат, жастардың бойындағы ұлттық құндылықтарға баса назар аударды. Бұл талқылаулар студенттер үшін өте өзекті болды. Әсіресе болашақ педагогтар өз ойлары мен пікірлерін ашық ортаға сала білді. Бір бірлеріне сұрақ қойып, тұшымды жауаптар берілді. Жиын соңы қонақтармен естелік суретке түсумен аяқталды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support