Физика-математика факультетінің түлектеріне диплом табысталды

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ТАРМПИ-ДА «МӘҢГІЛІК ЕЛ» ҰЛТТЫҚ ИДЕЯСЫНА АРНАЛҒАН КІТАП ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ЖАҢАША ОЙЛАЙТЫН ҰРПАҚ ӨСІП КЕЛЕДІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЕМТИХАНҒА ӨТІНІШТЕР 20 МАУСЫМНАН БАСТАП ҚАБЫЛДАНАДЫ (TARSPI_MEDIA) // АРНАЙЫ ЕМТИХАНДАР 20 МАУСЫМ МЕН 18 ТАМЫЗ АРАЛЫҒЫНДА ТАПСЫРЫЛАДЫ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ СТУДЕНТТЕРІ ҰЛТТЫҚ ҚОЛӨНЕРДІ ДАМЫТУДА (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ РЕКТОРЫ 50 СТУДЕНТКЕ ЭКСПО БИЛЕТТЕРІН ТАРТУ ЕТТІ (TARSPI_MEDIA) // ТАРМПИ-ДА АЛАШТАНУҒА АРНАЛҒАН КІТАПТАР ЖАРЫҚ КӨРДІ (TARSPI_MEDIA)

Физика-математика факультетінің түлектеріне диплом табысталды

ТАРАЗ. 27 маусым. Media_Center – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Физика-математика факультетінің түлектері диплом алып, үлкен өмірге қанат қақты. Биылғы жылы аталған факультетті 3 мамандық бойынша 87 студент тәмәмдады. Олардың 30-ы оқу орнын үздік бітіріп отыр.

Салтанатты жиында факультет деканы Темірхан Бижігітов құттықтау сөз сөйлеп, жас мамандарға сәттілік тіледі.

– Сіздер бүгін 50 жылдық тарихы бар білім ордасын аяқтап, үлкен өмірге жолдама алғалы отырсыздар. Бұл барлығымыз үшін ерекше күн, ерекше мереке. Біз үшін де, шәкірттерімізге дәріс берген ұстаздарымыз үшін де, Сіздерден үміт күткен ата-аналарыңыз үшін де өте үлкен қуаныш. Біздің түлектеріміздің қатарында есімдері елге танымал қоғам қайраткерлері, мемлекеттік сыйлықтың лауреаттары, Қазақстанның Еңбек Ері атағының иегерлері, белгілі ғалымдар мен ұстаздар, даңқты спортшылар бар. Сіздердің алдарыңызда тұрған ең басты міндет – институттан алған білімдеріңізді тәжірибемен ұштастыра отырып, еңбек нарығында бәсекелестік қабілеті жоғары кәсіби тұлға болу. Ұстаз – болашақ ұрпақтың бағбаны, келешектің кемелдендірушісі, баланың бойына біліммен бірге тәрбие сіңіруші, жанына жарық сәуле сеуіп, көкірегін нұрландырушы. Міне, сіздер «мектептің жаны һәм жүрегі» болып табылатын жауапты яки ұлағатты мамандықтың иесі атанып отырсыздар. Сіздердің басты мақсаттарыңыз егемен еліміздің болашақ жастарын тәрбиелеуге, білімі мен біліктілігін арттыруға, мемлекетіміздің дамуына сүбелі үлестеріңізді қосу болуы тиіс! Өмір жолдарыңыздағы сапарларыңызға сәттілік тілейміз! – деді Т. Бижігітов.

Іс-шара барысында оқу орнының ғалымдары мен институтты әр жылдары бітірген түлектер өз ізбасарларына жылы лебіздерін жеткізіп, диплом табыстады. Жиын соңы факультеттің өнерпаз жастары дайындаған концертке ұласты.

Айта кетейік, Физика-математика факультетінің негізі 1967 жылдың 1-маусымында Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Жоғары және орта арнаулы білім беру министрлігінің бұйрығымен ашылған Жамбыл педагогикалық институтының құрамындағы Физика-математика факультетінде қаланған.

Факультет мамандықтарының кәсіптік қызметінің негізгі міндеттері – білім беру бағдарламаларының негізгі идеяларын пайдалану және осы бағдарламадағы істерді жүзеге асыру жолдарын көрсете білу, оқу үрдісінде оқу-тәрбие беруді жетілдіру, терең білім алуға ықпал ету, өзінің кәсіби қызметінің бағытының өзгеруіне сәйкес жалпы және арнайы білім деңгейін арттыру, кәсіби және әлеуметтік-қоғамдық пәндер саласында алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білу. Факультет құрамындағы «Математика», «Физика» және «Информатика» пәні мұғалімдерін даярлайды.

Факультетте студенттер мен мектеп оқушыларының робототехника бойынша ғылыми-техникалық шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында «Электротехника», «Радиотехника», «Электроника негіздері» және «Мектептегі робототехника» оқу-зертханалары жұмыс істейді. Дәрісханалар Lego, Tetrix, Аrduino роботтарымен, заманауи құрылғылармен, оқу-әдістемелік және бағдарламалық нұсқаулықтармен жабдықталған.

Сонымен қатар, Физика-математика факультетінің Жамбыл облысындағы орта және арнайы мектептеріндегі информатика пәні мұғалімдерінің робототехника, электроника негіздері мен радиотехника пәндері бойынша біліктілігін көтеруге арналған материалдық және ресурстық базалары бар. Студенттердің курстық, дипломдық және ғылыми жұмыстарына қажетті параметрлерді тәжірибе жасап алатын және ғылыми жұмыспен айналысушы білімгерлерге арналған арнайы «Рентген-структуралық анализ және ядролық-гамма резонанс ғылыми-зерттеу лабораториясы» жұмыс істейді.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support