Куандык Турдалин: Хотел поговорить...

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

В ТАРГПИ ИЗДАНА КНИГА О НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ПОДРАСТАЕТ ПО-НОВОМУ МЫСЛЯЩЕЕ ПОКОЛЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ЗАЯВЛЕНИЯ НА ТВОРЧЕСКИЕ ЭКЗАМЕНЫ ПРИНИМАЮТСЯ С 20 ИЮНЯ (TARSPI_MEDIA) // СПЕЦИАЛЬНЫЕ ЭКЗАМЕНЫ БУДУТ СДАВАТЬСЯ С 20 ИЮНЯ ПО 18 АВГУСТА (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ РАЗВИВАЮТ НАЦИОНАЛЬНОЕ ПРИКЛАДНОЕ ИСКУССТВО (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ПОДАРИЛА 50 СТУДЕНТАМ БИЛЕТЫ НА ЭКСПО (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ИЗДАНЫ КНИГИ, ПОСВЯЩЕННЫЕ АЛАШТАНУ (TARSPI_MEDIA)

Куандык Турдалин: Хотел поговорить...

ТАРАЗ. 26 июня. Media_Center – Оценку природных способностей педагогов нужно возложить, в первую очередь, на родителей. Для этого родители должны быть образованными во всех смыслах слова, с высокой культурой, умеющие критично относиться к поступкам своих потомков. Необходимо контролировать детей с трех сторон, начиная с дошкольного возраста и до окончания школы. В первую очередь - родители. Второй критик – школа, педагоги и психологи. Третий - общество.

Мен 1949 жылы «саяси экономика пәнінің оқытушысы»  деген атақ алу үшін, сол кездегі Алматы қаласындағы Киров атындағы ҚазМУ-ге (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ) оқуға түстім. Аталмыш жоғары оқу орнын үздік тәмәмдаған соң, осы сала бойынша Ресейдің Екатеринбург (бұрынғы Свердловск) қаласындағы А.М. Горький атындағы УрМУ-дің күндізгі аспирантурасына құжат тапсырдым. Диссертациялық жұмысымды ойдағыдай қорғап, 1964 жылы экономика ғылымдарының кандидаты деген атақ алдым. 1954 жылдан бастап ұстаздық жолға түстім. Күні бүгінге дейін шәкірт тәрбиелеумен келемін. Биылғы жылы жалпы еңбек өтіліме 61 жыл толмақ. Жүріп өткен өмір жолыма қарайтын болсам, көптеген жарқын сәттер жадыма еріксіз оралады. Соның бірі – қазір өзім қызмет атқарып жүрген Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында ректор болған сәтім. 1968-1974 жылдар аралығында болашақ мамандарды тәрбиелеуге сүбелі үлес қостым.  Халқымыздың біртуар перзенті Бауыржан Момышұлы: «О дүниеде мені ешкімде сөйлетпейді. Бар білгенімді халқыма көзімнің тірісінде айтайын» деген екен. 88-ге шығар шағымда өскелең жас ұрпаққа, жалпы оқырманға айтсам деген ойым бар. Ол –  ұстаздар туралы. Жанары мөлдіреген, өмір ағымына енді қосылған қара көздеріміздің өмірлік жолын табуға жетелейтін адамы – ол ұстаз. Белгілі жазушы Ғабит Мүсірепов: «Оқушы жастардың ең сенімді ұстазы, сыр жасырмай ашық айтатын адамы – мұғалім» деп, ұлт тәрбиесіндегі ұстаз рөлін дәл суреттеп берген болатын. Кез келген маман иесінің құзырлығына баға берерде «Ұстазы кім болған екен» деп жатамыз. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» деген халық даналығында да осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі ерекше орнын аңғару қиын емес. Дегенмен, ұстаздардың осындай биік статусын, ешбір қоғам, ешбір ел, бүгінге дейін өзінің өз деңгейіне көтере алмай келе жатыр...  Менің пайымдауымша, бұл кемшіліктің үш себебеі бар. Біріншіден, адам баласы қоғамды құлдық дәуірден бастап, алға жылжытып, өрге сүйреп келеді. Сондықтан да, өмірде  өктемшілдік, әкімшілдік, әміршілдік сарыны таусылар емес. Екіншіден, қазіргі таңда көпшіліктің жеткен жетістігіне, толымды табысына қуану жоқтың қасы. «Бермесе де бай жақсы, жемесе де май жақсы» деген халық нақылын біз ауызекі ғана айтамыз. Нақты іс жүзінде қолдана қоймайтындығымыз жасырын емес. Сол сияқты «Ел келешегі – жастарда, жастар келешегі – ұстазда» деген қанатты сөзді тек жалаң ұран іспеттес болып кетті. Үшіншіден, адам ғұмырының өте қысқалығында. Ұстаз қауымының ерекшелігін жете түйсіне бастаған кезімізде о дүниелік боламыз. Педагогтарды табиғи қабілеті бойынша бағалауды, ең бірінші ата-анасына жүктеуіміз керек. Ол үшін әке-шешенің көзі ашық, көкірегі ояу болып, мәдениеті жоғарылап, әркім өз перзентін әрдайым сын тезінен өткізіп отыруы шарт. Мектеп жасына дейінгі баланы орта мектепті бітіргенше үш жақтап бақылаған жөн. Ең алдымен – ата-анасы. Екінші сыншысы – оқушының оқитын мектебі, ондағы ұстаздар мен психологтар. Үшінші – қоғам. Осы үш тетік болашақ мамандардың білікті де білімді болып қалыптасуына зор септігін тигізбек. Болашақ ұстаздардың ерекше бір белгісі – олар ел қызығын, өз қызығынан биік қоя білетін адамдар. Жастарды білімге баулимын, келешектеріне оң жол сілтеймін деп барады. Олай болса, олардың еңбекақыларын да жоғары деңгейде болғаны абзал. Ұстаз қауымы жастарға сапалы білім, саналы тәрбие беріп қана қоймай, баланың ата-анасына да жақындай түседі. Педагог кадрлар бүгінгідей кез келген жоғары оқу орындарында немесе арнайы оқу орындарында дайындалмай, тек жоғары деңгейде мамандандырылған педагогикалық университеттер мен институттарда ғана даярланғаны жөн. Өкінішке орай, ұстаздардың ерекше тұлға екендігін қоғам әлі де болса жете бағаламай жүр. Адам оқып-біліп ұстаз болмайды, ұстаз болып туады. Болмысында тәлімгерлік қасиеттің ұшқыны жоқ адам ешқашан педагог бола алмайды. Ұлы ақын Абайдың:

«Ақырын жүріп, анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»,

– деген өлең жолдарында айтылғандай, бұл фәниде әр адамның өмірінде анасынан кейін тұрған, ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, өмірге баулитын тағы да бір ардақты жан бар. Ол – ұстаз. Әр тұлғаның қалыптасуында ықпалы мол, маңызды рөл атқаратын ұлағатты жандарды  ешқайсысымыз да жадымыздан шығармауымыз керек! Айтайын дегенім осы ғана...

Қуандық ТҰРДАЛИН,

ТарМПИ-дің профессоры, экономика ғылымдарының кандидаты

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support