ТарМПИ-да талапкерлерге арналған ақпараттық Call-орталық жұмысын бастады
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

ТарМПИ-да талапкерлерге арналған ақпараттық Call-орталық жұмысын бастады

ТАРАЗ. 22 маусым. TarSPI_Media – Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында талапкерлер үшін барлық қажетті ақпаратты ұсынатын Call-орталық жұмысын бастады.

Қызметтің басты артықшылығы – педагогикалық жоғары оқу орнына түскісі келетіндерге сапалы әрі дұрыс мәлімет беру және мейлінше жылдам қызмет көрсету.

Қабылдау комиссиясының жанындағы орталық дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-18:30, сенбі  күні сағат 09:00-13:00 аралығында жұмыс істейді. Байланыс телефондары: 8 (7262) 43-24-17, 8 (7262) 54-10-15.

–  Сонымен қатар, Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының Tarmpi.kz ресми интернет-ресурсы мен Facebook, Вконтакте, Instagram, Google+, You Tube әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында талапкерлерге арналған толыққанды ақпараттар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жарияланған. Мақсат – оқу орнының қызметі жайында халықты ақпараттандыруды көтеру. Бұл жаңашылдықтар көпшілік тарапынан туындаған сұрақтардың шешімін табуын арттыруға сеп болмақ, – деп атап өтті Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі Жандар Асан.

АҚПАРАТТЫҚ-ИМИДЖДІК ҚЫЗМЕТІ

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support