ТарМПИ-да «Таңдамалы 50 кітаптың тағылымы» жобасы бастау алды

  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

В ТАРГПИ ИЗДАНА КНИГА О НАЦИОНАЛЬНОЙ ИДЕЕ «МӘҢГІЛІК ЕЛ» (TARSPI_MEDIA) // ЖАНДАР АСАН: ПОДРАСТАЕТ ПО-НОВОМУ МЫСЛЯЩЕЕ ПОКОЛЕНИЕ (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ЗАЯВЛЕНИЯ НА ТВОРЧЕСКИЕ ЭКЗАМЕНЫ ПРИНИМАЮТСЯ С 20 ИЮНЯ (TARSPI_MEDIA) // СПЕЦИАЛЬНЫЕ ЭКЗАМЕНЫ БУДУТ СДАВАТЬСЯ С 20 ИЮНЯ ПО 18 АВГУСТА (TARSPI_MEDIA) // СТУДЕНТЫ ТАРГПИ РАЗВИВАЮТ НАЦИОНАЛЬНОЕ ПРИКЛАДНОЕ ИСКУССТВО (TARSPI_MEDIA) // РЕКТОР ТАРГПИ ПОДАРИЛА 50 СТУДЕНТАМ БИЛЕТЫ НА ЭКСПО (TARSPI_MEDIA) // В ТАРГПИ ИЗДАНЫ КНИГИ, ПОСВЯЩЕННЫЕ АЛАШТАНУ (TARSPI_MEDIA)

ТарМПИ-да «Таңдамалы 50 кітаптың тағылымы» жобасы бастау алды

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жүзеге асыру мақсатында Тараз мемлекеттік педагогикалық институтында арнайы жоба бастау алды.

«Таңдамалы 50 кітаптың тағылымы» атты акцияның басты міндеті – туған ел мен жердің қадір-қасиетін арқау еткен әдеби туындыларды жастарға кеңірек таныстыру арқылы оны жалпыұлттық патриотизмнің өзегіне айналдыру. Сонымен қатар, қазақ және әлем әдебиетін насихаттау, тарихи-мәдени һәм рухани мұрамызды сақтау, өскелең ұрпақты отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу, институт қызметкерлері  мен студенттерінің зияткерлік әлеуетін көтеру құралы ретіндегі кітап оқуына жан-жақты қолдау көрсету.

Елбасы мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасымен етене сабақтас жоба аясында 50 кітап ұсынылып отыр. «Туған өлке – туған шежіре», «Алаш мұрасы және Қазақстан тәуелсіздігі», «Әлемдік құндылықтар қазынасы», «Орыс әдебиетіне саяхат», «Махаббат – шектеусіз сезім» атты бағыттардың әрқайсысында 10 көркем әдебиеттің тізімі берілген.

Атап айтқанда, «Туған өлке – туған жер шежіре» бағытында Шерхан Мұртаза, Күләш Ахметова, Арғынбай Бекбосын, Елен Әлімжан, Бақтияр Әбілдаұлы сынды Жамбыл облысынан шыққан ақын-жазушылардың әдеби туындылары бар. Ал, «Алаш мұрасы және Қазақстан тәуелсіздігі» бағытында Әлихан Бөкейхановтың таңдамалы шығармалар жинағы, Мырзатай Жолдасбековтың «Тәуелсіздік тағылымы» атты көптомдық шығармалар жинағы, Көшім Есмағамбетовтың «Әлем таныған тұлға», Берекет Кәрібаевтың «Қазақ хандығының құрылу тарихы», Қырықбай Алдабергеновтың «Қазақтың отарлану тарихы», Тұрсынай Әбдіқадырованың «Алаш және ұлт қайраткерлері» сынды іргелі зерттеу еңбектері ұсынылып отыр.

Адамдар арасындағы сүйіспеншілік сезім турасындағы ұлт қаламгерлерінің шығармалары «Махаббат – шектеусіз сезім» бағытында топтастырылған. Олардың қатарында Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Есенберлин, Сәбит Мұқанов, Бексұлтан Нұржекеұлы сынды суреткерлердің оқырман тарапынан жоғары бағаланған сүбелі туындылары бар.

Александр Бектің «Волокаламск тас жолы», Лев Толстойдың «Анна Каренина», Максим Горькийдің «Опасыздың анасы», Александр Пушкиннің «Капитан қызы», Иван Тургеневтің «Дворяндар ұясы», Михаил Булгаковтың «Майталман шебер мен Маргарита» сынды шоқтығы биік шығармалары «Орыс әдебиетіне саяхат» бағытында қарастырылған.

– Оқу орнының жартығасырлық мерейтойына орай «50 жыл – 50 кітап» акциясы бастау алған болатын. Бұл іс-шара соның жалғасы іспеттес. Адамзаттың ұлы ойшылы Конфуций: «Ойланбай оқу – бекер еңбек, оқымай ойлау – қауіпті» деп тәмсілдесе, римдік философ Сенека: «Қорғанды оқудан ізде, сонда сен өмірдің барлық қайғы-қасіретінен құтыласың» дегенді айтады. Расында да, рухани құндылықтарды жете меңгерген, әлеуеті биік, мәдениеті жоғары азаматтары көп елдің болашағы – баянды, ертеңі – ерен болатыны бесенеден белгілі. Біздің алға қойған мақсатымыз осыған саяды, – дейді ТарМПИ-дың Ғылыми кітапханасының директоры Гүлмира Есіркепова.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support