• KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ИЗДАНА МОНОГРАФИЯ, ПОСВЯЩЕННАЯ ОСОБЕННОСТЯМ ДУАЛЬНОГО ОБУЧЕНИЯ (TARSPI_MEDIA) // В ЖАМБЫЛСКОМ ОБЛАСТНОМ ВЫСТАВОЧНОМ ЗАЛЕ ОТКРЫЛАСЬ ВЫСТАВКА ТВОРЧЕСКИХ РАБОТ «ДӘСТҮРДІҢ АЛТЫН ДІҢГЕГІ» (TARSPI_MEDIA) // ТАРГПИ ПРИНЯЛ УЧАСТИЕ НА ВЫСТАВКЕ «ДНИ ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХСТАНА» В БИШКЕКЕ (TARSPI_MEDIA) // МЕКЕМТАС МЫРЗАХМЕТУЛЫ ПРОЧИТАЛ ЛЕКЦИЮ СТУДЕНТАМ ТАРГПИ (TARSPI_MEDIA)

ЗАМАН АҒЫМЫНА БЕЙІМДЕЛУ КЕРЕК

Біз жайбасарлықтан аулақ болуға, жаңалыққа ұмтылуға аяқ басқан кезеңде өмір сүрудеміз. Жыл басындағы Елбасымыздың халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанның үшінші жаңғыруы басталғанын жарияланды. Осыған орай, саяси реформаларды, экономикалық жаңғыруды қолымызға алып,  əлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосылуды алдымызға мақсат еттік. Осылайша, біз қайта түлеудің айрықша маңызды екі процесін, саяси реформа мен экономикалық жаңғыруды қолға алдық. Аталған екі жаңғыру процесінің де нақты мақсат-міндеттері, басымдықтары мен оған жеткізетін жолдарды Елбасымыздың сарабдал саясатының арқасында еңсеретінімізге сенімдіміз.

Мемлекет басшысы өз мақаласында еліміз мықты, əрі жауапкершілігі жоғары Біртұтас ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатындығымызды жəне бұқаралық сананы қалай өзгертуге болатындығын ортаға салды. ХХІ ғасырдағы ұлттық сана туралы, күллі жер жүзі біздің көз алдымызда қалай өзгеріп жатқандығын, әлемде бағыты əлі бұлыңғыр, жаңа тарихи кезеңнің басталғандығын халқына түсіндіріп, одан шығудың жолын көрсетіп отыр. Күн санап өзгеріп жатқан дүбірлі дүниеде сана-сезіміміз бен дүниетанымымызға əбден сіңіп қалған таптаурын қағидалардан арылмасақ, көш басындағы елдермен тереземізді теңеп, иық түйістіру мүмкін еместігін жан-тәнімен халқына түсіндіріп бақты. Өзгеру үшін өзімізді мықтап қолға алып, заман ағымына икемделу арқылы жаңа дəуірдің жағымды жақтарын бойға сіңіруіміздің қажеттілігі заман талабынан туындап отырғандығының егжей-тегжейін түсіндірді. Мемлекет басшысы жаңғырған қоғамның өзінің тамыры тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болатындығы, жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодымызды сақтай білуіміздің қажеттілігіне тоқталды. Біз бүгінгі жаңа атаулы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дəуірде өмір сүріп отырғанымызды терең сезініп, осы бағытта еңбек етіп, білім алып, балаларымызды жаһандық бәсекеге қабілетті етіп тәрбиелеуге тиіспіз.

Тұрсынай ӘБДІҚАДЫРОВА,

Қазақ филологиясы кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

* * *

ҰЛТЫМЫЗДЫҢ БАСТЫ БАЙЛЫҒЫ – РУХАНИ ҚҰНДЫЛЫҚ

Елбасы өз мақаласында Біртұтас Ұлт болу үшін болашаққа қалай қадам басатынымыз және бұқаралық сана­­ны қалай өзгертетініміз қажет деген сүбелі ойларын ортаға салып отыр.

Елбасының бұл мақаласы биылғы Жолдауда жарияланған Қазақстанның үшінші жаңғыруы идеясымен сабақтас. Елімізде қазір екі процес – саяси реформа мен эко­номи­калық жаңғыру процесі қатар жүргізілуде. Бұл үдерістердің басты мақсаты – Қазақстанды әлемдегі ең дамыған 30 елдің қатарына қосу. Аталған реформалар ойдағыдай іске асу үшін ең алдымен рухани жаңғыруды іске асыруымыз қажет.

Мақалада айтылған келелі ойдың бірі – Ұлттық бірегейлікті сақтау мәселесі. Жаһандық өркениет аясында ұлттық бірегейлікті сақтаудың жолдары ретінде ұлттық мәдениет, ұлттық дәстүр, атадан балаға табысталатын асыл мұралар бар қазақтың бір қазақ ретінде ұйысуына негіз болатыны анық. Ұлттық мәдениет және дәстүр тек алдыңғы буын ұрпақтардың рухани тәжірибесін ғана сақтап қоймай, мәдени мұрадағы құндылықтарды жаңғыртады. Елдің мәңгілік болуы рухани құндылықтардың ұрпақтан ұрпаққа ұласып, буындар бірлігін сақтаушы болатын сабақтастықта жатыр. Ұлттық бірегейлікті сақтау мақсатында ұлттық дәстүр мен мәдениетті қайта жүйелі жаңғырту жүзеге асырылуда. Мақалада қазақ тілі мен ұлттық мәдениетіне және тарихқа да ерекше көңіл бөліп отыр. Оның нақты мысал ретінде қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар бойынша «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасын қолға алуы жатады. Әсіресе, алдағы бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең жақсы 100 оқулықты әртүрлі тілдерден қазақ тіліне аударып, жастарға дүниежүзіндегі таң­даулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік жасайды. Нәтижесінде жүз мыңдаған студент жаңа сапалық деңгейде білім ала бастайды. Бұл – білім саласындағы жаһандық бәсекеге не­ғұрлым бейімделген мамандарды даярлау деген сөз. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Сонымен, Ұлттық идея – талай ұрпақтың еңбегімен, қуаныш-қайғысымен сараланған рухани дүние. Бұл қайталанбас байлық өмірге ұлттық өзіндік тарихи болмысымен келген, сол себептен де ол ұлттық дүниетанымның айнасы. Ендігі міндет – Ел болып, Ұлт болып Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында белгіленген бағдарламалық ұстанымдарды жүзеге асыру.

Зағира ТОҚБЕРГЕНОВА,

Тарих және әлеуметтік педагогика факультетінің деканы, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент

* * *

ЖАҢҒЫРТУДЫ ӨЗ ПСИХОЛОГИЯМЫЗ БЕН РУХАНИ ӘЛЕМІМІЗДІ ӨЗГЕРТУДЕН БАСТАҒАН АБЗАЛ

Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерімізді одан әрмен еселей түсудің, алға қойған ұлы мақсаттарға жетудің берік тұғырын орнатудың жарқын көрсеткіші.

Өткені өнегелі, болашағы баянды Ұлы мемлекет әрқашанда үндестік заңымен өмір сүреді. Солай болған да. Осы жолдағы рухани серпіліс әрбір адамның, бүтін қоғамның тынысын өзгертетін ерекше құбылыс.

Осыған орай, Мемлекет басшысы халқымыздың тағылымы мол төл тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлерін елде жүргізіліп жатқан саяси реформа мен экономикалық жаңғырудың негізгі өзегіне айналдыра отырып, Қазақстан қоғамы мен әр ел азаматының санасын жаңғыртудың алты негізгі бағытын айқындап берді.

Елбасы атап көрсеткен басымдықтың бірі – латын әліпбиін әзірлеу. Әлбетте, жаңа қаріп қай уақытта мемлекеттік басты нышан ретінде ескіні кетіріп, ойды отарсыздандырады, сананы сілкіндіреді, жадыны жаңғыртады.

Нұрсұлтан Назарбаев мақалада Мәңгілік ел болу үшін ұлтымыздың ұлылығын ұлықтайтын һәм әспеттейтін осы тақілеттес құндылықтардың да мәңгілік болуы қажеттігін алға тартып, латын әліпбиіне көшудің мәні мен маңызын нақты түйіндермен тұжырымдады.

Латын қарпіне көшу бізге не береді? Бұл ең алдымен, өркениет көшіне бетбұрыс. Біз өз болмысымызды жаңаша пайымдауға қадам басып келеміз. Дамудың жаңа жолын таңдауға бет бұрдық.

Енді не істемек керек? Қазақ басылымдарының латын қарпінде шығатын нұсқаларын жариялауды біртіндеп қолға ала бастаған дұрыс. Бұл – реформаның ілкімді іске асуына мұрындық болмақ. Көптеген отандық кәсіпкерлер өз кәсіпорындарының атауында латын қарпін қолданып жатыр. Яғни, қалыптасқан тренд бар. Осы үрдісті одан әрмен дамыта түсу керек.

Қазақстан Президенті қоғамның саналы болуы турасында да айтып өтті. Менің ойымша, кез келген жаңғыру – өз сана-сезімімізді, психологиямызды, рухани әлемімізді өзгертуден басталатынын түйсіну керек.

Жандар АСАН,

Ақпараттық-имидждік қызметінің жетекшісі, гуманитарлық ғылымдары магистрі

 

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support