16.03.2017 ж. ИНСТИТУТ СТУДЕНТТЕРІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ
  • KAZ
  • RUS
  • ENG

Официальный ИНТЕРНЕТ-РЕСУРС

Таразский Государственный Педагогический Институт

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫТУШЫЛАР МЕН СТУДЕНТТЕР! ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫНЫҢ 50 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙ ТОЙЫ 20-21 ҚАЗАН 2017 ЖЫЛЫ АРАЛЫҒЫНДА АТАП ӨТІЛЕДІ // ТАРМПИ МУЗЕЙІНІҢ, ҚР ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНДАҒЫ МӘЖІЛІС ЗАЛЫНЫҢ, РЕКТОРЛАР АЛЛЕЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ «ҰСТАЗҒА ТАҒЗЫМ» СТЕЛЛАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ ӨТКІЗІЛЕДІ // «ЗАМАНАУИ БІЛІМ БЕРУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ: БОЛАШАҚҚА КӨЗҚАРАС» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ПРАКТИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛАДЫ

16.03.2017 ж. ИНСТИТУТ СТУДЕНТТЕРІ – РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ

«Ғұмырдария» орталығының ұйымдастыруымен өткен мәдени шараның мақсаты – балалар мен жасөспірімдерге рухани-адамгершілік, азаматтық, патриоттық және көркем эстетикалық тәрбие беру, жастардың шығармашылық ортасын құру. Сонымен қатар, ұлттың ұлы ақындарының әдеби мұраларымен кеңінен танысу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту және тіл мәдениетін көтеру.

Өнер сайысы вокал (академиялық, эстрадалық, халықтық), вокалды топтар, хор, дәстүрлі ән, аспапта ойнау, аспапта ойнау ансамбльдері, хореография (жеке би), көркем сөз, сән үлгісі, қолөнер және бейнелеу өнері сынды жанрлар бойынша өткізілді.

Сайысқа белгілі өнер майталмандары әділқазылық жасады. Конкурс барысында қатысушылар вокалдық ерекшеліктері, музыканың кәсіби деңгейде өңделуі, актерлік шеберлігі, сахналық киім үлгісі, ұлттық аспапта ойнау шеберлігі, би қозғалысының ритмикасы мен синхрондығы, өлеңді оқудағы шеберлігі, бейнелеу және қолөнер жанрының көркемдігі сынды талаптар тұрғысында бағаланды.

Байқау қорытындысы бойынша ТарМПИ-дың «Музыкалық білім» мамандығында оқитын студенттер «Эстрадалық вокал», «Дәстүрлі ән» аталымдары бойынша жеңімпаз атанды. Жүлдегерлерге дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, олар биылғы жылдың 18 наурызында Алматы қаласында ұйымдастырылатын телефестивальға және 26-30 сәуір аралығында өтетін Халықаралық «Ғұмырдария» ән-би байқауына қатысуға мүмкіндік алды.

ИНФОРМАЦИОННО-ИМИДЖЕВАЯ СЛУЖБА

- Этот e-mail адрес защищен от спам-ботов, для его просмотра у Вас должен быть включен Javascript


-  vk.com//tarmpi.kz/


- facebook.com/tarmpi.kz/


- instagram.com/tarspi_official/


- tarmpi_kz


- tarmpi_kz


- tarspi_press

Find the Best Web Hosting which offers reliable service and top quality support